Молдияр Серікбаев туралы

11 Қараша 2013, 05:09

Көзі қарақты әрбір қазақ пен зиялы қауым өкілдері геолог-картограф, ұлтжанды азамат Молдияр Серікбаевты еліміздегі жер-су, елді мекен, қала, кент атауларын қалпына келтіру, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің абырой-беделін көтеру, т.б. қажырлы істері мен мерзімді басылымдарда жарияланып жүрген өзекті мақалалары арқылы жақсы таниды. Молдияр Серікбаев 1951 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекет­тік университеті геология-география факультетінің геология бөлімін біті­рісімен (1956) Екатеринбург қаласында орна­ласқан КСРО-ның құрылыс министрлігі жанындағы Орал геологиялық экспедициясында, 1958 жылдан 1972 жылға дейін жерді картаға түсіру экспедициясында геолог болып қызмет атқарады. Бұл экспедицияның  құрамында Ленинградтан, Мәскеуден, Воронежден, Самарқанттан, Киевтен, Львовтан жоғары оқу орындарын  бітірген одақтық деңгейде танымал кәсіби маман-геологтар жұмыс істейтін. Бұл кезең жас маман М.Серікбаев үшін үйренері мол, үздіксіз ізденіс үстінде болған қазақ ғылымы үшін таңсық әрі тың саланы терең және түбегейлі зерттеудің сәті түскен жемісті жылдары болғаны белгілі. Сол сәттен бастап еліміздегі жер-су, елді мекен, қала, кент атауларын қалпына келтіріп, тарихи әділеттілікті орнықтыру жөнінде табанды әрі жүйелі жұмысты саналы түрде жүргізген Молдияр Серікбаев 1964 жылы Қазақ КСР Геология министрлігі Қазақстан геология ғылымдары институтына тапсырған республиканың геологиялық картасын дайындау жұмысын ұстазы Вениамин Федорович Беспаловпен бірге атқарады. Атақты ғалымның тәжірибесінен үйрене отырып, геология саласындағы білімін тереңдете түседі. 1968 жылы еліміздің геологиялық картасын жасаған тұңғыш топтың атқарған жұмысы нәтижелі болып, геологтардың Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Орал, Оңтүстік Сібір, Таулы Алтай, Батыс Сібір, Түркменстан, т.б. өлкелері туралы дайындалған материалдар іргелі ғылыми еңбекке айналып, қолданысқа енеді. М.Серікбаев Қазақстанда бұрындары қолға алынбаған тектоникалық картаның тұңғыш туындысы – Оңтүстік Қазақстан тарауын зерттеп, онда Қазақстанның, Оралдың тектоникалық геологиялық байланысын алғаш рет ғылыми негізде дәйектеді. «Қазақ КСР-ның және оған таяу одақтас республикалардың тек­то­никалық картасы», «Қаз­ба­­байлық», «Қазақстанның әкім­шілік-аумақтық картасы», Қазақстанның 14 облысын қамтыған «Әкімшілік-аумақтық кар­тасын» және «Қазақстанның топо­графиялық картасын», т.б. құрастырып, пайдалануға ұсынады. Кең байтақ же­ріміздің әр қиырын аралап, оны картаға түсіру оңай шаруа емес. Бұл күрделі жұмыс елі мен жерін сүйетін, мамандығы мен Отанына адал, ұлтжанды азаматтың ғана қолынан келері хақ. Молдияр Серікбайұлы, міне, осындай азамат. Геологтар, картографтар жылдың төрт мезгілінде отбасынан алыста жүріп, түрлі қиындықтарды басынан өткізетін мамандық иелері. Картаға түсетін жер бедерін, аумақтарды, тауларды, төбелерді, өзен-көлдерді және басқа да табиғи нысандарды өз көздерімен көріп, көңілдері сенбей ешқандай қорытындыға келе алмасы тағы белгілі. Осы ретте 60 жылға жуық уақыт картог­раф қызметін біліктілікпен атқарып келе жатқан М.Серікбаевтың Қазақстан, Ресей, Орта Азия елді мекендеріне жасаған іссапарлары халқымыздың болашағы үшін, еліміздің келешегі үшін керекті деректердің табылуына, ғылыми мәселелердің оңынан шешілуіне мұрындық болғаны сөзсіз. М.Серікбаев Картография-геодезия қорының шақыруымен 1994-1995 жылдары қазақ тілінде әкімшілік-аумақтық, ал 1995-2003 жылдары 14 облыстың аумақтық-әкімшілік, 2003-2006 жылдары Қорғаныс министрлігінің картография саласымен айналысатын орталығында болып,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қытаймен және Орта Азия  елдерімен шектесетін аймақтарын қамтыған 26 парақтан тұратын аумақтық-әкімшілік карталарын, сызба-нұсқаларын қағаз бетіне ғылыми дәлдікпен түсіре білді. Айта берсе, оның көптеген істері ауқымдылығы жағынан, тереңдігі мен өзектілігі жағынан кемел де өрісті. Гүлзия ПІРӘЛІ, «Ана тілі» газеті

Көзі қарақты әрбір қазақ пен зиялы қауым өкілдері геолог-картограф, ұлтжанды азамат Молдияр Серікбаевты еліміздегі жер-су, елді мекен, қала, кент атауларын қалпына келтіру, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің абырой-беделін көтеру, т.б. қажырлы істері мен мерзімді басылымдарда жарияланып жүрген өзекті мақалалары арқылы жақсы таниды.

Молдияр Серікбаев 1951 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекет­тік университеті геология-география факультетінің геология бөлімін біті­рісімен (1956) Екатеринбург қаласында орна­ласқан КСРО-ның құрылыс министрлігі жанындағы Орал геологиялық экспедициясында, 1958 жылдан 1972 жылға дейін жерді картаға түсіру экспедициясында геолог болып қызмет атқарады. Бұл экспедицияның  құрамында Ленинградтан, Мәскеуден, Воронежден, Самарқанттан, Киевтен, Львовтан жоғары оқу орындарын  бітірген одақтық деңгейде танымал кәсіби маман-геологтар жұмыс істейтін. Бұл кезең жас маман М.Серікбаев үшін үйренері мол, үздіксіз ізденіс үстінде болған қазақ ғылымы үшін таңсық әрі тың саланы терең және түбегейлі зерттеудің сәті түскен жемісті жылдары болғаны белгілі. Сол сәттен бастап еліміздегі жер-су, елді мекен, қала, кент атауларын қалпына келтіріп, тарихи әділеттілікті орнықтыру жөнінде табанды әрі жүйелі жұмысты саналы түрде жүргізген Молдияр Серікбаев 1964 жылы Қазақ КСР Геология министрлігі Қазақстан геология ғылымдары институтына тапсырған республиканың геологиялық картасын дайындау жұмысын ұстазы Вениамин Федорович Беспаловпен бірге атқарады. Атақты ғалымның тәжірибесінен үйрене отырып, геология саласындағы білімін тереңдете түседі.
1968 жылы еліміздің геологиялық картасын жасаған тұңғыш топтың атқарған жұмысы нәтижелі болып, геологтардың Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Орал, Оңтүстік Сібір, Таулы Алтай, Батыс Сібір, Түркменстан, т.б. өлкелері туралы дайындалған материалдар іргелі ғылыми еңбекке айналып, қолданысқа енеді.
М.Серікбаев Қазақстанда бұрындары қолға алынбаған тектоникалық картаның тұңғыш туындысы – Оңтүстік Қазақстан тарауын зерттеп, онда Қазақстанның, Оралдың тектоникалық геологиялық байланысын алғаш рет ғылыми негізде дәйектеді. «Қазақ КСР-ның және оған таяу одақтас республикалардың тек­то­никалық картасы», «Қаз­ба­­байлық», «Қазақстанның әкім­шілік-аумақтық картасы», Қазақстанның 14 облысын қамтыған «Әкімшілік-аумақтық кар­тасын» және «Қазақстанның топо­графиялық картасын», т.б. құрастырып, пайдалануға ұсынады. Кең байтақ же­ріміздің әр қиырын аралап, оны картаға түсіру оңай шаруа емес. Бұл күрделі жұмыс елі мен жерін сүйетін, мамандығы мен Отанына адал, ұлтжанды азаматтың ғана қолынан келері хақ. Молдияр Серікбайұлы, міне, осындай азамат.
Геологтар, картографтар жылдың төрт мезгілінде отбасынан алыста жүріп, түрлі қиындықтарды басынан өткізетін мамандық иелері. Картаға түсетін жер бедерін, аумақтарды, тауларды, төбелерді, өзен-көлдерді және басқа да табиғи нысандарды өз көздерімен көріп, көңілдері сенбей ешқандай қорытындыға келе алмасы тағы белгілі. Осы ретте 60 жылға жуық уақыт картог­раф қызметін біліктілікпен атқарып келе жатқан М.Серікбаевтың Қазақстан, Ресей, Орта Азия елді мекендеріне жасаған іссапарлары халқымыздың болашағы үшін, еліміздің келешегі үшін керекті деректердің табылуына, ғылыми мәселелердің оңынан шешілуіне мұрындық болғаны сөзсіз.
М.Серікбаев Картография-геодезия қорының шақыруымен 1994-1995 жылдары қазақ тілінде әкімшілік-аумақтық, ал 1995-2003 жылдары 14 облыстың аумақтық-әкімшілік, 2003-2006 жылдары Қорғаныс министрлігінің картография саласымен айналысатын орталығында болып,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қытаймен және Орта Азия  елдерімен шектесетін аймақтарын қамтыған 26 парақтан тұратын аумақтық-әкімшілік карталарын, сызба-нұсқаларын қағаз бетіне ғылыми дәлдікпен түсіре білді. Айта берсе, оның көптеген істері ауқымдылығы жағынан, тереңдігі мен өзектілігі жағынан кемел де өрісті.


Гүлзия ПІРӘЛІ,

«Ана тілі» газеті

Бөлісу: