Денсаулық және дін

11 Қараша 2013, 05:06

Ұлт денсаулығы туралы сөз болғанда, ең алдымен басқа халықтардың бұл тұрғыдағы кейбір көрсеткіштерімен салыстырамыз. Әсіресе, көп көңіл бөлетініміз ол, әрине, жас ұзақтығы. Содан кейінгі көрсеткіш ол аурушаңдық және оның ішінде, әсіресе, қандай аурулар жиі кездесетіні. Тағы да басқа көрсеткіштерді еске ала отырып, солардың басты себеп-салдарына мән беріледі. Дұрыс тұжырым жасау да оңай мәселе емес. Өйткені оның біреуге ұнап, біреуге ұнамайтын жерлері де болады. Отызыншы жылдардың аш­тығы, соғыс қырғын-сүргіні, бетін аулақ қылсын, келмеске кетсін, жоқ қой қазір. Аспан ашық, ел тыныш, халқымыздың хал-ахуалы денсаулығын дұрыстауына біршама мүмкіндік туғызды. Енді ол ең алдымен әркімнің өзіне байланысты. Ал мұның өзі әр халықтың қоршаған ортасына, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, діни тәрбиесіне, тағы басқа жағдайларға да қатысты. Оның бәрінің егжей- тегжейіне тоқтамай-ақ қояйық, тек діни танымымыздың денсаулыққа әсері туралы бірер сөз. Олай болса, біздің ислам ді­німіздің қағидаларының ден­саулыққа ешбір зиян жері жоқ екенін, қайта зор пайдасы барын айту керек. Ең бірінші ол ден­саулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы. Мысалы, арақ-шарап ішімдіктерінен аулақ болуы талап етіледі. Аурулардың алдын алу шараларына да діни тұрғыдан зор мән берілген. Мысалы, не болса соны ішіп-жей беру де күнә саналады. Қолды жумай, тамақ ішу дұрыс емес. Ал намаз оқу тәртібінің керемет қасиетін айтпаса да түсінікті. Ол әрі дене сергектігіне, әрі көңіл күйге пайдалы әсері бар. Некесіз, кім болса сонымен жыныс қатынасы үлкен күнә екені айтылады. Мұның жыныс арқылы берілетін жұқпалы ауруларға қарсы маңызы бар.Некелі ерлі-зайыптылардың да жыныс қатынасына мән берілген. Ал енді жүктілікке қарсы қарекеттерді, жүктілікті шегерудің күнә саналуы белгілі. Бұның өзі тап қазіргі кездегі гормональдық бұзылыстардың себебінен әйелдердің арасындағы түрлі аурулардың жиіленіп кеткенін еске түсіреді. Дұрыс тағам ішу туралы діни тәртіптердің денсаулыққа зор пайдасы бар. Денсаулығы көтере алатын адамдарға ораза ұстау да бес парыздың бірі. Оның да мүмкін­шілігі бар адамдарға пайдасы бар екені күмәнсіз. Ол әсіресе, зат алмасу үрдісі нашарланған, денесі толып кеткен және кейбір ауруларға бейімді адамдарға пайдалы. Тағам туралы сөз болғанда, қазіргі уақытта жиіленіп кеткен кейбір аурулардың негізгі себеп-салдары туралы көп айтылып жүр. Әсіресе, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік және қант ауруы туралы айтылады. Бұл ғылыми дәлел­денген шындық. Олай болса, жаңағы діни ұғым бойынша тағам­ды тиісті мөлшерден көп ішу пайдасыз дегенге қалай құлақ аспасқа?! Төрегелді ШАРМАНОВ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик

Ұлт денсаулығы туралы сөз болғанда, ең алдымен басқа халықтардың бұл тұрғыдағы кейбір көрсеткіштерімен салыстырамыз. Әсіресе, көп көңіл бөлетініміз ол, әрине, жас ұзақтығы. Содан кейінгі көрсеткіш ол аурушаңдық және оның ішінде, әсіресе, қандай аурулар жиі кездесетіні. Тағы да басқа көрсеткіштерді еске ала отырып, солардың басты себеп-салдарына мән беріледі. Дұрыс тұжырым жасау да оңай мәселе емес. Өйткені оның біреуге ұнап, біреуге ұнамайтын жерлері де болады.
Отызыншы жылдардың аш­тығы, соғыс қырғын-сүргіні, бетін аулақ қылсын, келмеске кетсін, жоқ қой қазір. Аспан ашық, ел тыныш, халқымыздың хал-ахуалы денсаулығын дұрыстауына біршама мүмкіндік туғызды. Енді ол ең алдымен әркімнің өзіне байланысты. Ал мұның өзі әр халықтың қоршаған ортасына, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, діни тәрбиесіне, тағы басқа жағдайларға да қатысты. Оның бәрінің егжей- тегжейіне тоқтамай-ақ қояйық, тек діни танымымыздың денсаулыққа әсері туралы бірер сөз.
Олай болса, біздің ислам ді­німіздің қағидаларының ден­саулыққа ешбір зиян жері жоқ екенін, қайта зор пайдасы барын айту керек. Ең бірінші ол ден­саулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы. Мысалы, арақ-шарап ішімдіктерінен аулақ болуы талап етіледі. Аурулардың алдын алу шараларына да діни тұрғыдан зор мән берілген. Мысалы, не болса соны ішіп-жей беру де күнә саналады. Қолды жумай, тамақ ішу дұрыс емес. Ал намаз оқу тәртібінің керемет қасиетін айтпаса да түсінікті. Ол әрі дене сергектігіне, әрі көңіл күйге пайдалы әсері бар. Некесіз, кім болса сонымен жыныс қатынасы үлкен күнә екені айтылады. Мұның жыныс арқылы берілетін жұқпалы ауруларға қарсы маңызы бар.Некелі ерлі-зайыптылардың да жыныс қатынасына мән берілген. Ал енді жүктілікке қарсы қарекеттерді, жүктілікті шегерудің күнә саналуы белгілі. Бұның өзі тап қазіргі кездегі гормональдық бұзылыстардың себебінен әйелдердің арасындағы түрлі аурулардың жиіленіп кеткенін еске түсіреді. Дұрыс тағам ішу туралы діни тәртіптердің денсаулыққа зор пайдасы бар.
Денсаулығы көтере алатын адамдарға ораза ұстау да бес парыздың бірі. Оның да мүмкін­шілігі бар адамдарға пайдасы бар екені күмәнсіз. Ол әсіресе, зат алмасу үрдісі нашарланған, денесі толып кеткен және кейбір ауруларға бейімді адамдарға пайдалы.
Тағам туралы сөз болғанда, қазіргі уақытта жиіленіп кеткен кейбір аурулардың негізгі себеп-салдары туралы көп айтылып жүр. Әсіресе, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік және қант ауруы туралы айтылады. Бұл ғылыми дәлел­денген шындық. Олай болса, жаңағы діни ұғым бойынша тағам­ды тиісті мөлшерден көп ішу пайдасыз дегенге қалай құлақ аспасқа?!

Төрегелді ШАРМАНОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик

Бөлісу: