Ескерткіш елдің мерейі

11 Қараша 2013, 04:01

Халқымызда «Қыз деген аға, бағалап қара» деген ұғым бар. Қазақ халқы қыз баланы құрметтеп, қыздың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуда, ер-тұрманын әшекейлеген, сұлу жорғаларды қыздары мен қарындастарына мінгізіп, киімнің сәндісін, тамақтың тәттісін, алтын бұйымдардың тәуірін қыздарына, қарындастарына тарту еткен. Қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға оздырған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу – әрбір ер адамның парызы. Қазақ елі қыз баланың тәрбиесіне өте үлкен мән берген. Қыз бала дүниеге келгеннен бастап, жасауын жинап, алдын-ала айттырып, қызды ұзатуға, отау иесі болуға дайындаған. Қыздар тұрмысқа қажетті мүліктерді дайындауға: жүн түтіп, жіп иіріп, кесте тігіп, құрақ құрап, ою ойып, киіз басып, кілем тоқып, арқан есіп, көрпе көктеп, ас әзірлеп, шай қайнатып, қонақ күтіп – тұрмыс құру өнерін үйрену, есту, көру, білу арқылы әдет-ғұрыптарды ғасырдан-ғасырға мұра етіп келеді. Халқымыз «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептің, инабаттылықтың, сұлулықтың, имандылықтың белгісі деп таниды. Қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсіреді. Осындай ерекше тәрбиеленген қазақ қызы, әйел, ана атанғанша қалай жаман болсын! Қазақ әйелдері бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен ұрысты тоқтатқан. Қазақ халқының басынан кешкен тағдыр-тауқыметі қазақ әйелінің тағдыр-тауқыметі екені белгілі. Қай заманда, қай уақытта қазақ әйелінің қажырлығы, қайраттылығы, күштілігі, мойымайтындығы, кеңпейілділігі, мейірімділігі, мықтылығы, асылдығы ерекше. Олар қоғамымызда ерлерден қалыспай, елімізге тірек болып келеді. Қазақ әйелінің даналығын бір үзім наннан-ақ көруге болады. Осы мақаланың шығуы өте орынды. Әйел-анаға қандай құрмет көрсетіп, қандай белгі, ескерткіш қойса да көптік етпейді. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы, қазақ әйелінің асыл істерін ұмытуға болмайды. Ескерткіш болашақ ұрпаққа керек. Әйелді сыйлау – ұлтты сыйлау болып табылады. Қазақ әйелі пісірген ыстық нан мен сол ашаршылықта жеген құйқа дәмі аузынан кетпеген өзге ұлт өкілдері атынан алғыс ретінде ең мейірімді, қонақжай, намысшыл, балаға деген ерекше сүйіспеншілік махаббаты мол – алтын жүректі қазақ әйелінің бейнесін – «Әйел-ана» ескерткіші асқақтатып тұрса, қандай ғанибет болар еді. Осы айтылған бастаманы қазақтың ұлдары мен жігіттері 9 ай 10 күн көтерген анасына үлкен құрмет деп бағалаған да болар еді. Бір үзім нанды бәріне бірдей бөліп беріп, ұлтымыздың берекесіне ұйытқы болып, еліміздің мемлекеттілігін арттыруда қазақ әйелінің үлесі өте зор. Мұқағали Мақатаев жазғандай: «Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай тауысамын?» деуінен Ана құдыретіне ештеңенің жетпеуін білдіріп тұрған жоқ па? Әйелдің құдыреті – сезімталдық пен пәктігінде. Еркектер ерлігімен, батырлығымен жеңеді, ал қазақ әйелі даналығымен, ақылдылығымен, көлдария мінезімен, көрегендігімен, парасаттылығымен жеңіп келеді. Қазақ халқының байырғы тарихында асыл аналар рөлі ұлттың символына айналған. Олар батырлығымен де, ақылдылығымен де танылған, ел басқарған. Қазақ ұлықтайтын тұлғалардың төзімділігінің қайнар көзі – аналардан бастау алған. Елбасымыздың балалық шағы туралы түсірілген фильмде Ана мейірімі мен оның өз баласына деген сүйіспеншілігінде қандай құдырет жатыр?! Демек, олардың ерлік істерін ұлықтап, мәңгілік есте қалдыру үшін Қазақ әйелінің сұлу образын жасап, құрмет көрсетудің уақыты жетті. Ұрпаққа ұран ету үшін аналардың есімдерін көшелерге, мектептерге, саябақтарға көбірек беру керек. Қажырлы әйел – мейірімді ана ескерткіші еліміздің тарихи жәдігерлерінің қатарында тұруының мәні зор. Алматы облысының бұрынғы әкімі, бүгінгі мәжіліс депутаты Серік Үмбетовтың кезінде қаншама ескерткіштер тұрғызуы өткен тарихты ғана еске түсіріп қоймайды, ұрпақ үшін оның танымдық, тәрбиелік мәні зорлығын да көрсетеді. Ана бақытына бақыт қосуды да қолға алғанымыз абзал. Сондықтан «Ана капиталын» зайырлы қоғамға сай қолға алуымыз керек. Қазір не көп, түрлі сыйлықтар мен марапаттар көп. Бірақ, қыз-келіншектерге қайсарлықтары мен ерліктері үшін арнайы Ана сыйлығын тағайындаудың уақыты жетті. Мақалада қаншама ұлт өкілдерінің адал көңіл, ақ пейілдерін шынайы етіп көрсетілуінің өзі аналарымыздың қазақ даласындай кеңдігін, мейірімділігін, ешкімді жатсынбай бауырына басатынын аңғарамыз. Асылы ОСМАН, профессор

Халқымызда «Қыз деген аға, бағалап қара» деген ұғым бар. Қазақ халқы қыз баланы құрметтеп, қыздың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуда, ер-тұрманын әшекейлеген, сұлу жорғаларды қыздары мен қарындастарына мінгізіп, киімнің сәндісін, тамақтың тәттісін, алтын бұйымдардың тәуірін қыздарына, қарындастарына тарту еткен. Қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға оздырған. Жалғыз келе жатқан қызды көрсе оған қорған болып, баратын жеріне шығарып салу – әрбір ер адамның парызы. Қазақ елі қыз баланың тәрбиесіне өте үлкен мән берген. Қыз бала дүниеге келгеннен бастап, жасауын жинап, алдын-ала айттырып, қызды ұзатуға, отау иесі болуға дайындаған. Қыздар тұрмысқа қажетті мүліктерді дайындауға: жүн түтіп, жіп иіріп, кесте тігіп, құрақ құрап, ою ойып, киіз басып, кілем тоқып, арқан есіп, көрпе көктеп, ас әзірлеп, шай қайнатып, қонақ күтіп – тұрмыс құру өнерін үйрену, есту, көру, білу арқылы әдет-ғұрыптарды ғасырдан-ғасырға мұра етіп келеді.

Халқымыз «қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептің, инабаттылықтың, сұлулықтың, имандылықтың белгісі деп таниды. Қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсіреді. Осындай ерекше тәрбиеленген қазақ қызы, әйел, ана атанғанша қалай жаман болсын! Қазақ әйелдері бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен ұрысты тоқтатқан. Қазақ халқының басынан кешкен тағдыр-тауқыметі қазақ әйелінің тағдыр-тауқыметі екені белгілі. Қай заманда, қай уақытта қазақ әйелінің қажырлығы, қайраттылығы, күштілігі, мойымайтындығы, кеңпейілділігі, мейірімділігі, мықтылығы, асылдығы ерекше. Олар қоғамымызда ерлерден қалыспай, елімізге тірек болып келеді. Қазақ әйелінің даналығын бір үзім наннан-ақ көруге болады. Осы мақаланың шығуы өте орынды. Әйел-анаға қандай құрмет көрсетіп, қандай белгі, ескерткіш қойса да көптік етпейді.

Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы, қазақ әйелінің асыл істерін ұмытуға болмайды. Ескерткіш болашақ ұрпаққа керек. Әйелді сыйлау – ұлтты сыйлау болып табылады. Қазақ әйелі пісірген ыстық нан мен сол ашаршылықта жеген құйқа дәмі аузынан кетпеген өзге ұлт өкілдері атынан алғыс ретінде ең мейірімді, қонақжай, намысшыл, балаға деген ерекше сүйіспеншілік махаббаты мол – алтын жүректі қазақ әйелінің бейнесін – «Әйел-ана» ескерткіші асқақтатып тұрса, қандай ғанибет болар еді. Осы айтылған бастаманы қазақтың ұлдары мен жігіттері 9 ай 10 күн көтерген анасына үлкен құрмет деп бағалаған да болар еді.

Бір үзім нанды бәріне бірдей бөліп беріп, ұлтымыздың берекесіне ұйытқы болып, еліміздің мемлекеттілігін арттыруда қазақ әйелінің үлесі өте зор. Мұқағали Мақатаев жазғандай: «Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай тауысамын?» деуінен Ана құдыретіне ештеңенің жетпеуін білдіріп тұрған жоқ па? Әйелдің құдыреті – сезімталдық пен пәктігінде. Еркектер ерлігімен, батырлығымен жеңеді, ал қазақ әйелі даналығымен, ақылдылығымен, көлдария мінезімен, көрегендігімен, парасаттылығымен жеңіп келеді.

Қазақ халқының байырғы тарихында асыл аналар рөлі ұлттың символына айналған. Олар батырлығымен де, ақылдылығымен де танылған, ел басқарған. Қазақ ұлықтайтын тұлғалардың төзімділігінің қайнар көзі – аналардан бастау алған. Елбасымыздың балалық шағы туралы түсірілген фильмде Ана мейірімі мен оның өз баласына деген сүйіспеншілігінде қандай құдырет жатыр?! Демек, олардың ерлік істерін ұлықтап, мәңгілік есте қалдыру үшін Қазақ әйелінің сұлу образын жасап, құрмет көрсетудің уақыты жетті. Ұрпаққа ұран ету үшін аналардың есімдерін көшелерге, мектептерге, саябақтарға көбірек беру керек.

Қажырлы әйел – мейірімді ана ескерткіші еліміздің тарихи жәдігерлерінің қатарында тұруының мәні зор. Алматы облысының бұрынғы әкімі, бүгінгі мәжіліс депутаты Серік Үмбетовтың кезінде қаншама ескерткіштер тұрғызуы өткен тарихты ғана еске түсіріп қоймайды, ұрпақ үшін оның танымдық, тәрбиелік мәні зорлығын да көрсетеді.

Ана бақытына бақыт қосуды да қолға алғанымыз абзал. Сондықтан «Ана капиталын» зайырлы қоғамға сай қолға алуымыз керек. Қазір не көп, түрлі сыйлықтар мен марапаттар көп. Бірақ, қыз-келіншектерге қайсарлықтары мен ерліктері үшін арнайы Ана сыйлығын тағайындаудың уақыты жетті. Мақалада қаншама ұлт өкілдерінің адал көңіл, ақ пейілдерін шынайы етіп көрсетілуінің өзі аналарымыздың қазақ даласындай кеңдігін, мейірімділігін, ешкімді жатсынбай бауырына басатынын аңғарамыз.

Асылы ОСМАН, профессор

Бөлісу: