Қазақстандық жас дарын алғаш рет Британия байқауына қатыспақ

7 Қараша 2013, 08:09

Тараздық жас пианист Олег Переверзев Британияның дарындылар байқауын бағындыру үшін жолға шықпақ. Жас дарын иесінің айтуынша, Britain’s got talent байқауына қатысу – оның бала күнгі арманы екен. Көптен күткен мұратына биыл ғана қол жеткізіп отыр өнер иесі. «Ресейде «Минута славы» байқауына қатысқаннан кейін, одан үлкен шараларға қатысуды жаным қалады. British got talent байқауының сайтына кіріп, өз бейнеролигімді жібердім. Бұл роликте – мен екі аспаппен Рим Корсагының «Араның ұшуы» туындысын орындадым. Бірнеше күн өткенде өтінішімнің қабылданғаны туралы хат келді және бір аптадан кейін жанды дауысымды тыңдау үшін қонаққа шақырды», - дейді жас музыкант. «Аспай-саспай, сәтті өнер көрсете аламын деп ойлаймын. Өткен жолы жіберген бейнеролигім мамандардың көңілінен шықты. Демек, бойымда дарынның бар болғаны», - дейді Переверзев. Олег Переверзев қазақстандық Chick Flick тобының мүшесі. Бұл ұжым 2009 жылы live-band деген атаумен құрылып, әлемге әйгілі хиттерді орындады. Britain’s got talent байқауына кез келген жастағы дарындылар қатыса алады. Байқау жеңімпазына 500 мың фунт стерлинг (123 660 000 теңге) тағайындалған. Сонымен қатар, жеңімпаз музыкант ел патшайымы Елизавета II-нің алдында өнер көрсетеді.   Ғабит ҚАРАБАЙ Baq.kz

Тараздық жас пианист Олег Переверзев Британияның дарындылар байқауын бағындыру үшін жолға шықпақ. Жас дарын иесінің айтуынша, Britain’s got talent байқауына қатысу – оның бала күнгі арманы екен. Көптен күткен мұратына биыл ғана қол жеткізіп отыр өнер иесі.

«Ресейде «Минута славы» байқауына қатысқаннан кейін, одан үлкен шараларға қатысуды жаным қалады. British got talent байқауының сайтына кіріп, өз бейнеролигімді жібердім. Бұл роликте – мен екі аспаппен Рим Корсагының «Араның ұшуы» туындысын орындадым. Бірнеше күн өткенде өтінішімнің қабылданғаны туралы хат келді және бір аптадан кейін жанды дауысымды тыңдау үшін қонаққа шақырды», - дейді жас музыкант.

«Аспай-саспай, сәтті өнер көрсете аламын деп ойлаймын. Өткен жолы жіберген бейнеролигім мамандардың көңілінен шықты. Демек, бойымда дарынның бар болғаны», - дейді Переверзев.

Олег Переверзев қазақстандық Chick Flick тобының мүшесі. Бұл ұжым 2009 жылы live-band деген атаумен құрылып, әлемге әйгілі хиттерді орындады. Britain’s got talent байқауына кез келген жастағы дарындылар қатыса алады. Байқау жеңімпазына 500 мың фунт стерлинг (123 660 000 теңге) тағайындалған. Сонымен қатар, жеңімпаз музыкант ел патшайымы Елизавета II-нің алдында өнер көрсетеді.

 

Ғабит ҚАРАБАЙ

Baq.kz

Бөлісу: