«Жігіттер» квартеті 10 жылдық мерейтойына шақырады

31 Қазан 2013, 08:09

Биыл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Жігіттер» квартетінің құрылғанына – 10 жыл. Осыған орай, топ мүшелері Алматы қаласындағы Республика сарайында қарашаның 2-3 жұлдызында жеке шығармашылық кештерін өткізбек. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында өнер иелері марқұм Ержан Серікбаевтың әндер жинағын шығарды. Концертте «Жігіттер» квартетінің ел арасына кеңінен таралған «Ерке қыз», «Туған жер», «Балқадиша», «Бақытты бол» сынды әндерімен қатар сиясы кеппеген туындылар да орындалмақ. «Жігіттер» тобы алғаш 2003 жылы Шымкент қаласында өнерлі төрт жігіттің басқосуымен және Ерғали Әбдіраймовтың қолдауымен құрылған. Топ «АРАЙ-2003» Республикалық байқауының 2-орын жеңімпазы, сол жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық байқауының бас жүлде иегері атанды. 2005 жылы топтың алғашқы «Ерке қыз» атты дебютті үнтаспасы жарық көрді. Нақ осы атпен 2006 жылы Республика сарайында «Жігіттер» тобы тұңғыш рет халық алдында жеке есеп беру концертін өткізді. 2007 жылы кезек бойынша «Бақытты бол» атты екінші әнжинақ жарыққа шықты. Осы әнжинақтан соң Еркін Нұржанов топтан бөлек кетті. Орнына көп ұзамай Мырзахан Маханов келді. 2011 жылы «Туған жер» және «Балқадиша» атты екі бірдей күйтабақ елге тарту етілді. Бүгінгі таңда топ репертуарында – 15 бейнебаян, 100-ге жуық әндер бар. "Жігіттер" тобының елордасы Астанадағы концерті қараша айының тоғызыншы жұлдызында "Қазақстан" концерт залында өтеді деп жоспарлануда.    Baq.kz

Биыл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «Жігіттер» квартетінің құрылғанына – 10 жыл. Осыған орай, топ мүшелері Алматы қаласындағы Республика сарайында қарашаның 2-3 жұлдызында жеке шығармашылық кештерін өткізбек. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында өнер иелері марқұм Ержан Серікбаевтың әндер жинағын шығарды.

Концертте «Жігіттер» квартетінің ел арасына кеңінен таралған «Ерке қыз», «Туған жер», «Балқадиша», «Бақытты бол» сынды әндерімен қатар сиясы кеппеген туындылар да орындалмақ.
«Жігіттер» тобы алғаш 2003 жылы Шымкент қаласында өнерлі төрт жігіттің басқосуымен және Ерғали Әбдіраймовтың қолдауымен құрылған. Топ «АРАЙ-2003» Республикалық байқауының 2-орын жеңімпазы, сол жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық байқауының бас жүлде иегері атанды. 2005 жылы топтың алғашқы «Ерке қыз» атты дебютті үнтаспасы жарық көрді. Нақ осы атпен 2006 жылы Республика сарайында «Жігіттер» тобы тұңғыш рет халық алдында жеке есеп беру концертін өткізді. 2007 жылы кезек бойынша «Бақытты бол» атты екінші әнжинақ жарыққа шықты. Осы әнжинақтан соң Еркін Нұржанов топтан бөлек кетті. Орнына көп ұзамай Мырзахан Маханов келді. 2011 жылы «Туған жер» және «Балқадиша» атты екі бірдей күйтабақ елге тарту етілді.
Бүгінгі таңда топ репертуарында – 15 бейнебаян, 100-ге жуық әндер бар.

"Жігіттер" тобының елордасы Астанадағы концерті қараша айының тоғызыншы жұлдызында "Қазақстан" концерт залында өтеді деп жоспарлануда. 

 

Baq.kz

Бөлісу: