24 Қазан 2013, 08:30
Бұрынғы «Локомотив» қазіргі «Астана» клубының құрылғанынан бастап, доп теуіп келе жатқан аса дарынды қазақфутболшыларының бірі – Марат Шахметов.
Марат Серікұлы Шахметов 1989 жылы, 6 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Марат та ойын баласы кезінде, аулада доп қуалап өскен жандардың бірі. Кейіннен елімізге аса танымал балалар бапкері Бауыржан Сәрсекеновтің футболүйірмесіне жазылады. Бауыржан Жолдасұлы еліміздегі талай футболшы балалардың томағасын сыпырған керемет жаттықтырушы. Осындай бапкерден футболдың әліппесін үйренген баладан болашақта осал футболшы шықпайтыны белгілі. Соның бір айғағы, Сәрсекеновтің төл шәкірті Шахметов жас кезінен ерте көзге түсе жүрді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасына да шақырту алып тұрды. Ол кездері алаңдағы орны орталық қорғаушы болды.
Алғаш кәсіби спорттағы карьерасы 2006 жылы «Алма-Ата» командасынан басталды. Ол кезде голландиялық Антониус Йоор команданың бас бапкері болатын. Йоордің жетекішілігімен клуб 2006 жылы Қазақстан кубогында жеңіске жетті.
17 жастағы Марат бірінші жылы 5 рет алаңға шықты. Келесі жылдан бастап, негізгі құрамнан өз орнын таба бастады. Команда сол кезде, Сергей Остапенко, Жамбыл Көкеев, Сергей Ларин, Андрей Шабанов, Абзал Жұмабаев, Илья Воротников сияқты талантты жас футболшылардан жасақталды. Қазақстан кубогында жеңіске жеткеннен кейін алматылықтар 2007 жылы УЕФА кубогының електік додасына ойнауға мүмкіндік алды. Өкінішке орай, алғашқы айналымда Словакияның «Вион Злате Моравце» клубынан айналып өте алмады.
Команданы тағы бір голландиялық маман Марко Вильгельмус Брагонья жаттықтырған тұста, (біріншісі– 2006 жылы) араға бір жыл салып,қайтадан Қазақстан кубогының финалына шықты. Ал финалда «Ақтөбе» командасынан ұтылып қалды. Соған қарамастан УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алған еді. Бірақ, «Алматы» мен «Мегаспорт» қосылып, оның орнына Астанада «Локомотив» клубы құрылды. Сондықтан команда еурододаларғақатыса алмай қалды. Жалпы Марат «Алматы» сапында 2006-2008 жылдар аралығында 55 рет ойынға қатысып, 3 гол соқты.
Жаңадан құрылған «Локомотив» бұрынғы «Мегаспорт» пен «Алма-Ата» командаларында көзге түсіп жүрген бірнеше футболшыны өздеріне шақырды. Сол футболшылардың арасында Марат та болды. Александр Шатских, Жамбыл Көкеев сияқты Алматыдан келген футболшылармен бірге Астанадан өз орнын тапты.
Сергей Юранның тұсында «Локомотивтың» жейдесімен 13 рет алаңға шықты.Қазақстан чемпионатында екінші орынға қол жеткізді. Ал Хольгер Фах келгенде, негізгі құрамнан өз орнын ойып тұрып алды. Жас командаға Фах Қазақстан чемпионатының бас жүлдесін сыйлай алмаса да, Қазақстан кубогы мен суперкубогын ұтып берді.
Алғашқы жылы неміс маманы команданы Қазақстан кубогында жеңіске жеткізді. Финалда олар қарағандылық «Шахтерді» жеңді. Бұл маусымда Марат 29 ойын өткізді. Жылдың үздік 33 футболшысына қатарына енді. Жалпы Шахметов үшін 2010 жыл табысты аяқталды.
Келесі маусымды астаналықтар Қазақстан суперкубогымен ашты. Олар «Астана Аренада» қостанайлық «Тобылды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайшаөздерінің тұңғыш суперкубоктарына да қол жеткізді. Сол жылы желтоқсанда команда капитаны Қайрат Нұрдәулетов пен Марат Шахметов клубпен келісімшарттарын ұзартты.
Хольгер Фах тізігінді ұстаған екі маусымда Локо Қазақстан чемпионатын төртінші орынмен аяқтады.
Хольгер кеткен соң, орнына аса танымал бұрынғы КСРО құрамасыныңфутболшысы Олег Протосов бас бапкерлікке келді. Бірақ, Протосов команданыұшпаққа шығара алмады. Көптеген ойындарда маңызды ұпайлардан айырылды. Сосын клуб басшылары украин маманының орнына ұлттық құраманың бапкері Мирослов Беранекті қойды. Команда аздап болса да, ес жия бастады.
Марат 2012 жылдың қазан айында «Астана» сапындағы 100-ші кездесуін өткізді. Команданың жейдесін ең көп киген футболшы атанды.
Ал биыл Еуропа лигасында жолдары болмаған соң, Беранек кетіп, румын Йоан Андоне келді. 22 қыркүйек күні «Ақтөбе» – «Астана» кездесуінде МаратҚазақстан чемпионатындағы өзінің 170-ші матч үшін алаңға шықты.
Ұлттық құрамада
Марат 16 жасында 2005 жылы 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөпірімдерқұрамасына шақырылды. Арада екі жыл өткенде, 21 жасқа дейін жастарқұрамасында ойнады. Еуропа чемпионатына іріктеу сындарына қатысты. Сол кездері Серхио Асенхо, Пике, Хуан Мата, Гранеро, Педро,Калехон, Хави Мартинес, Начо Монреаль секілді бір топ жас жұлдыздары бар Испанияқұрамасына қарсы өнер көрсетті. Испаниядан бөлек, сол топта Ресей, Польша, Грузия құрамалары болды. Одан кейін 2011 жылғы Еуропа чемпионатыныңелектік додасы басталды. Алтыншы топқа түскен Қазақстан жастарыныңқарсыластары Израиль, Швеция, Черногория, Болгария жеткіншіктері болды. Сол кездесулерге футболшыларды алаңға капитан ретінде Марат бастап шығып жүрді.
Ал ұлттық құрамадағы дебюттік кездесуін 2010 жылы 10 тамызда Сирияқұрамасына қарсы өткізді. Қазіргі кезде ұлттық құрамаға үнемі болмаса да, жиі шақырылып жүрген футболшылардың қатарында.
Жетістіктері:
Қазақстан суперубогының иегері: 2011 жылы
Қазақстан кубогының иегері: 2011, 2012 жылдары
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009 жылы
Қазақстан кубогының финалисті: 2008 жылы
Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшысының қатарына енді: 2010 жылы.
Бек Төлеуов