«Қозыны ойнау арманым еді...»

22 Қазан 2013, 03:42

Қуандық Қыстықбаев, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері: «Қозыны ойнау арманым еді...» Әр сағаты өлшеулі, әр минуты жоспарлы тынымсыз өнер иесімен емен-жарқын әңгіме құру оңайға түспеді. Әйтсе де, El.kz сайты қолқа салғандықтан, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының белді актері Қуандық Қыстықбаев сөзімізді жерге тастамады. Ол 2002 жылы «Сардар» кинофильмінде басты рөлдегі Құлжаны сомдаған. 2007 жылы «Жел адам» фильмімен «Ең үздік актер» номинациясының жүлдегері атанды. 2008 жылы жалпы көпшілікке «Келін» картинасымен танылды. 2009 жылы «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінде із кесушінің рөлін ойнады. Сонымен қатар,  2010 жылы «Мамырдың жеті күнінде» басты рөлді алып шықты. Бұл актердің – кинодағы рөлдері. Ал театрда да ол көбіне негізгі рөлдерді сомдады.  – Сіздің театр және кинодағы сомдаған рөлдеріңіз халықтың көз алдында. Ең алғаш сомдаған рөліңіз есіңізде ме?  – Үлкен сахнаға жиырма бір жасымда шықтым. Менің ең алғашқы режиссерім Болат Ұзақов «Қарақыпшақ Қобыланды» қойылымындағы басты рөл – Қобыландыны берді. Осылайша, жиырма бірдегі шидей жігіт алып батырдың рөлін ойнап шықтым. Ол қойылым ұзақ уақыт өз көрермендерінің ықыласына бөленді. Дегенмен әр қойылымның өз ғұмыры болатындындықтан, бұл туындының орнын осыған ұқсас өзге қойылымдар толықтырды.  – Жас кезіңізде қандай актерларға еліктеп өстіңіз?  – Мен мектеп оқып жүрген кезімде актер боламын деп армандаған емеспін. Кейін өнерлі балаларды жинаған кезде Көпен ағамыз көріп мені осы салаға алып келді. Одан кейін  институт оқып жүрген кезде мықты актерларды тани бастадық. Сол кезде Әнуар Молдабеков пен Нұрмұхан Жантөриннің қойылымдарын көрмесек те, жасаған образдарын көп естіп өстік. Мені Әнуар Молдабековке ұқсататын. Ал біздің көріп өскеніміз Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз болды. Ол кісінің сомдаған рөлдерін көріп,  сол кісіге еліктеп өстік. Кейіннен 2002 жылы киноға түсе бастағаннан өнерге деген құлшыныс арта түсті. Кино мен театр саласын қатар алып келе жатқан ағаларға еліктей бастадым. Қазір Асанәлі Әшімов ағамыздың жасаған образдарына қарап тәжірибе жинаймын.  Бекжан Тұрыс ағамыздан да үлгі аламын.  – Бір сөзіңізде «жас кезімде актер болуды армандаған жоқпын» дедіңіз. Сонда қандай маман иесі болуды армандаған едіңіз?   – Өзім әскери адам болуды армандайтынмын. Үйдің кенжесімін. Ағаларым әскерден келгенде солардың киімдерін киіп алып жүретінмін. Өзіме қатты ұнайтын. – Өзіңіз оншақты жылдан бері өнер саласында жүрсіз. Кинодағы образдарыңыз көрерменге етене таныс, осы уақыт аралығында қандай рөлдерді сомдап үлгердіңіз?  – Менің театр сахнасы мен кино саласында жүргеніме міне 14 жылға жуықтап қалыпты. Театр саласында ең алғаш сомдаған рөлім Қарақыпшақ Қобыландының рөлі болды. Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Ромео мен Тебальт, «Махамбетте» – Махамбет, «Қаракөзде» – Сырым, Тахауи Ахтановтың «Жоғалған досында» Маңғаз рөлдерін сомдадым. Астана күнінің қарсаңыда қойылған «Терең тамырлар» драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдап шықтым. Ал кино саласында алғаш түскен фильмім «Сардар». Бұнда Құлжа батырдың рөлі бұйырды. Жақын арада Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» пеъссасында Абылай ханның рөлі бұйырды. Соған дайындалып жатырмыз. Ол тәуелсіздік күніне орай қойылатын болады.  – Театр мен кино саласын қатар алып жүрген актерсіз. Дегенмен, жаныңызға жақын сала қайсысы?   – Әрине, театр саласы. Театр екінші үйім десем де болады. Кімге болса да ыстық ұясы қадірлі болады емес пе. Сондықтан театр менің алтын мекенім.  – «Терең тамырлар» қойылымында Елбасының рөлін тұңғыш сомдаған актерсіз. Жалпы президенттің рөлін сомдаудың қиыншылығы бар шығар?  – Актер үшін рөлдердің оңайы жоқ. Әр рөлдің өз қиындығы болады. Елбасының рөлін сомдау да оңай болған жоқ. Қойылым төрт рет қойылды. Екі рет Астанада, Атырауда, сосын Қостанайда. Сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед келіп, ақыл-кеңесін айтты. «Қуандық айналайын, «Келінде» «мачоның» рөлін ойнап едің, енді Елбасының рөлін жақсы алып шықтың. Екеуі екі бөлек образ. Мен Президенттің қасында көп жүремін ғой. Сен оның жүріс-тұрысын, сөйлеген сөзін, мінез-құлқын жақсы салдың» деп ризашылығын білдірді. Бұл қойылымды қоюдағы мақсатымыз – жағымпаздану немесе жарамсақтану емес. Астана театры болғаннан кейін Президент жайлы бір қойылым болуы керек деп есептейміз. Осы қойылымның арқасында ма, білмеймін, театрымызға «академиялық» деген дәреже берілді. Ол да театр басшылығының тәсілі болған шығар. Біз – актерміз. Берілген рөлді тыңғылықты алып шығу керек. Бұл қойылым ай сайын репертуарда жүрген жоқ. Себебі, біздің театр небәрі 200 орындық. Дегенмен, белгілі бір мерекелерде үлкен сахналарда қойылады.  – Біткен іске сыншы көп дейміз. Сіздің өнеріңізге баға беріп, ой-пікірін, сыни көзқарасын білдіріп отыратын кім?  – Біріншіден - өзім. Содан кейін әріптестерім мен жұбайым. Көбіне өз ойын ашық білдіретін үйдегі жеңгеңіз. Ол кісі де өнерден алшақ емес. Театрда өзіммен бірге жұмыс істейді. Бірақ актриса емес, дыбыс операторы. Көбіне соның пікірін тыңдаймын.  – Театрға келетін көрермендердің жас ерекшелігі қандай?  Көбіне қай жастағы көрермендер жиі келеді?  – Бұрынғы кезде Астананың іргетасы енді қаланып жатқан кезде кейбір қойылымдарымыз көрерменнің аздығына байланысты тоқтатылып, ойналмай қалған кездер болатын. Ал қазір, Аллаға шүкір, көрермен ағылып келіп жатады. Кейбір қойылымдар арнайы оқу орнының өтінішімен қойылады. Кейде оқушыларды қинап алып келеді. Мен  жастарды қинап алып келгеніне қарсы емеспін, себебі олар бір көргеннен кейін екінші рет өздері келетін болады. Кейбір орта жастағы көрермендер «бізді кезінде қинап әкелетін еді» деп қазір өздері келетін болған.  Ал кейде мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа байланыстыра алып келіп жатады. Бүгінде  біз өз көрермендерімізді таптық. Жастардан бастап үлкен аға буын өкілдеріне дейін талмай, қалмай келіп жатады.  – «Қасым» сериалы туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Түсіру тобы да, көрермен де сіздің актерлік шеберлігіңізге тәнті болды. Кейіпкеріңізді зерттеу барысында оның болмысын, рухын жаныңызға қалай серік еттіңіз? – Біздің бабаларымыздың қолынан қылыш түспеген. Ол да болса, елін, жерін азат ұстау үшін туған іс. Басымызға қандай күн тумасын, қазақтың батыр ұлдары бар екенін әрдайым есте тұту. Кеңес кезінде қазақ батырлары жайлы үш-ақ кино түсірілген шығар. Бауыржан атамыз, Әлия, Мәншүк апаларымыз жайлы. Ал егемендік алғалы бері Ұлы Отан соғысы жайлы түсірілген тұңғыш фильм – «Қасым». Жас ұрпақты батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін туынды бұл.  – Сөз соңында артыңыздан еріп келе жатқан жас толқынға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?  – Менің ең бірінші айтар ақылым – уақытын тиімді пайдаланса екен. Өйткені оны қайтарып ала алмайсың. Жас кезінде ойнап-күлумен қатар еңбек ете білу де керек. Сондықтан жастық шағын пайдалана отырып театрдағы жас кейіпкерлердің рөлдерін сомдауға талпынып, өздерін  ұсынып,  ізденсе екен деймін. Орта жасқа келген соң жас кейіпкердің рөлін сомдай алмайсың. Мен жас кезімде барлық рөлді ойнадым, тек Қозыны ойнау арманым еді, бірақ ол бұйырмады.  – Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан – Қызғалдақ Қыдырбек Суретке түсірген Ақан Жанпейісов

Қуандық Қыстықбаев, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері: «Қозыны ойнау арманым еді...»

Әр сағаты өлшеулі, әр минуты жоспарлы тынымсыз өнер иесімен емен-жарқын әңгіме құру оңайға түспеді. Әйтсе де, El.kz сайты қолқа салғандықтан, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының белді актері Қуандық Қыстықбаев сөзімізді жерге тастамады.

Ол 2002 жылы «Сардар» кинофильмінде басты рөлдегі Құлжаны сомдаған. 2007 жылы «Жел адам» фильмімен «Ең үздік актер» номинациясының жүлдегері атанды. 2008 жылы жалпы көпшілікке «Келін» картинасымен танылды. 2009 жылы «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінде із кесушінің рөлін ойнады. Сонымен қатар,  2010 жылы «Мамырдың жеті күнінде» басты рөлді алып шықты. Бұл актердің – кинодағы рөлдері. Ал театрда да ол көбіне негізгі рөлдерді сомдады.

 – Сіздің театр және кинодағы сомдаған рөлдеріңіз халықтың көз алдында. Ең алғаш сомдаған рөліңіз есіңізде ме?

 – Үлкен сахнаға жиырма бір жасымда шықтым. Менің ең алғашқы режиссерім Болат Ұзақов «Қарақыпшақ Қобыланды» қойылымындағы басты рөл – Қобыландыны берді. Осылайша, жиырма бірдегі шидей жігіт алып батырдың рөлін ойнап шықтым. Ол қойылым ұзақ уақыт өз көрермендерінің ықыласына бөленді. Дегенмен әр қойылымның өз ғұмыры болатындындықтан, бұл туындының орнын осыған ұқсас өзге қойылымдар толықтырды.

 Жас кезіңізде қандай актерларға еліктеп өстіңіз?

 Мен мектеп оқып жүрген кезімде актер боламын деп армандаған емеспін. Кейін өнерлі балаларды жинаған кезде Көпен ағамыз көріп мені осы салаға алып келді. Одан кейін  институт оқып жүрген кезде мықты актерларды тани бастадық. Сол кезде Әнуар Молдабеков пен Нұрмұхан Жантөриннің қойылымдарын көрмесек те, жасаған образдарын көп естіп өстік. Мені Әнуар Молдабековке ұқсататын. Ал біздің көріп өскеніміз Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз болды. Ол кісінің сомдаған рөлдерін көріп,  сол кісіге еліктеп өстік. Кейіннен 2002 жылы киноға түсе бастағаннан өнерге деген құлшыныс арта түсті. Кино мен театр саласын қатар алып келе жатқан ағаларға еліктей бастадым. Қазір Асанәлі Әшімов ағамыздың жасаған образдарына қарап тәжірибе жинаймын.  Бекжан Тұрыс ағамыздан да үлгі аламын.

 Бір сөзіңізде «жас кезімде актер болуды армандаған жоқпын» дедіңіз. Сонда қандай маман иесі болуды армандаған едіңіз? 

 – Өзім әскери адам болуды армандайтынмын. Үйдің кенжесімін. Ағаларым әскерден келгенде солардың киімдерін киіп алып жүретінмін. Өзіме қатты ұнайтын.

Өзіңіз оншақты жылдан бері өнер саласында жүрсіз. Кинодағы образдарыңыз көрерменге етене таныс, осы уақыт аралығында қандай рөлдерді сомдап үлгердіңіз?

 Менің театр сахнасы мен кино саласында жүргеніме міне 14 жылға жуықтап қалыпты. Театр саласында ең алғаш сомдаған рөлім Қарақыпшақ Қобыландының рөлі болды. Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Ромео мен Тебальт, «Махамбетте» – Махамбет, «Қаракөзде» – Сырым, Тахауи Ахтановтың «Жоғалған досында» Маңғаз рөлдерін сомдадым. Астана күнінің қарсаңыда қойылған «Терең тамырлар» драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдап шықтым. Ал кино саласында алғаш түскен фильмім «Сардар». Бұнда Құлжа батырдың рөлі бұйырды. Жақын арада Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» пеъссасында Абылай ханның рөлі бұйырды. Соған дайындалып жатырмыз. Ол тәуелсіздік күніне орай қойылатын болады.

 – Театр мен кино саласын қатар алып жүрген актерсіз. Дегенмен, жаныңызға жақын сала қайсысы?

  Әрине, театр саласы. Театр екінші үйім десем де болады. Кімге болса да ыстық ұясы қадірлі болады емес пе. Сондықтан театр менің алтын мекенім.

 «Терең тамырлар» қойылымында Елбасының рөлін тұңғыш сомдаған актерсіз. Жалпы президенттің рөлін сомдаудың қиыншылығы бар шығар?

 Актер үшін рөлдердің оңайы жоқ. Әр рөлдің өз қиындығы болады. Елбасының рөлін сомдау да оңай болған жоқ. Қойылым төрт рет қойылды. Екі рет Астанада, Атырауда, сосын Қостанайда. Сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед келіп, ақыл-кеңесін айтты. «Қуандық айналайын, «Келінде» «мачоның» рөлін ойнап едің, енді Елбасының рөлін жақсы алып шықтың. Екеуі екі бөлек образ. Мен Президенттің қасында көп жүремін ғой. Сен оның жүріс-тұрысын, сөйлеген сөзін, мінез-құлқын жақсы салдың» деп ризашылығын білдірді. Бұл қойылымды қоюдағы мақсатымыз – жағымпаздану немесе жарамсақтану емес. Астана театры болғаннан кейін Президент жайлы бір қойылым болуы керек деп есептейміз. Осы қойылымның арқасында ма, білмеймін, театрымызға «академиялық» деген дәреже берілді. Ол да театр басшылығының тәсілі болған шығар. Біз – актерміз. Берілген рөлді тыңғылықты алып шығу керек. Бұл қойылым ай сайын репертуарда жүрген жоқ. Себебі, біздің театр небәрі 200 орындық. Дегенмен, белгілі бір мерекелерде үлкен сахналарда қойылады.

 Біткен іске сыншы көп дейміз. Сіздің өнеріңізге баға беріп, ой-пікірін, сыни көзқарасын білдіріп отыратын кім?

 – Біріншіден - өзім. Содан кейін әріптестерім мен жұбайым. Көбіне өз ойын ашық білдіретін үйдегі жеңгеңіз. Ол кісі де өнерден алшақ емес. Театрда өзіммен бірге жұмыс істейді. Бірақ актриса емес, дыбыс операторы. Көбіне соның пікірін тыңдаймын.

 Театрға келетін көрермендердің жас ерекшелігі қандай?  Көбіне қай жастағы көрермендер жиі келеді?

 Бұрынғы кезде Астананың іргетасы енді қаланып жатқан кезде кейбір қойылымдарымыз көрерменнің аздығына байланысты тоқтатылып, ойналмай қалған кездер болатын. Ал қазір, Аллаға шүкір, көрермен ағылып келіп жатады. Кейбір қойылымдар арнайы оқу орнының өтінішімен қойылады. Кейде оқушыларды қинап алып келеді. Мен  жастарды қинап алып келгеніне қарсы емеспін, себебі олар бір көргеннен кейін екінші рет өздері келетін болады. Кейбір орта жастағы көрермендер «бізді кезінде қинап әкелетін еді» деп қазір өздері келетін болған.  Ал кейде мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа байланыстыра алып келіп жатады. Бүгінде  біз өз көрермендерімізді таптық. Жастардан бастап үлкен аға буын өкілдеріне дейін талмай, қалмай келіп жатады.

 «Қасым» сериалы туралы бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Түсіру тобы да, көрермен де сіздің актерлік шеберлігіңізге тәнті болды. Кейіпкеріңізді зерттеу барысында оның болмысын, рухын жаныңызға қалай серік еттіңіз?

– Біздің бабаларымыздың қолынан қылыш түспеген. Ол да болса, елін, жерін азат ұстау үшін туған іс. Басымызға қандай күн тумасын, қазақтың батыр ұлдары бар екенін әрдайым есте тұту. Кеңес кезінде қазақ батырлары жайлы үш-ақ кино түсірілген шығар. Бауыржан атамыз, Әлия, Мәншүк апаларымыз жайлы. Ал егемендік алғалы бері Ұлы Отан соғысы жайлы түсірілген тұңғыш фильм – «Қасым». Жас ұрпақты батырлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін туынды бұл.

 Сөз соңында артыңыздан еріп келе жатқан жас толқынға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

 Менің ең бірінші айтар ақылым – уақытын тиімді пайдаланса екен. Өйткені оны қайтарып ала алмайсың. Жас кезінде ойнап-күлумен қатар еңбек ете білу де керек. Сондықтан жастық шағын пайдалана отырып театрдағы жас кейіпкерлердің рөлдерін сомдауға талпынып, өздерін  ұсынып,  ізденсе екен деймін. Орта жасқа келген соң жас кейіпкердің рөлін сомдай алмайсың. Мен жас кезімде барлық рөлді ойнадым, тек Қозыны ойнау арманым еді, бірақ ол бұйырмады.

 Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан – Қызғалдақ Қыдырбек

Суретке түсірген Ақан Жанпейісов

Бөлісу: