Шымкентте композитор С. Бәйтерековке ескерткіш қойылды

21 Қазан 2013, 11:09

Бүгін Шымкентте композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековке арналған аллея ашылып, онда ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Ескерткіштің ашылуына облыс әкімі А. Мырзахметов арнайы қатысқан. Ескерткішті мүсіншілер ҚР мәдениет қайраткерлері Сұлтан Иляев пен Мұратбаев Әбдуақат сомдаған. Ескерткіштің биіктігі 3,6 метр, жезден жасалған. Оған қажетті қаражатты 10 миллион теңгені демеушілер жинап берген. Сонымен қатар Қазақстанның түкпір түкпірінен композитордың туған туыстары мен әріптестері келді. Олар алдымен салтанатты түрде ескерткішке гүл шоқтарын қойып содан кейін марқұмға құран бағыштады. Бүгінгі күні ұлы композитордың құрметіне ескерткіштердің ашылуы – біздің ұрпақтың оған деген шынайы ризашылығы мен зор құрметінің көрінісі. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің мақтанышы, сыршыл да сазды әуендерімен көптің көңілін тербеткен дара дарындардың бірі Сейдолла Бәйтереков – ән өлкесінде өзіндік орын алған сазгер. Сейдолла Байтереков 1945 мамыр айында Кентау қаласында дүниеге келген. 1998 жылы мамыр айында Алматыда дүниеден озған. Оны әндері арқылы халық жақсы біледі. Ол ақын Қ.Мырза-Әлі, Т.Молдағалиев, Ш.Сариевтердің т.б. ақындардың өлеңдеріне ән жазған. Ол әйгілі «Әлия», «Жан досым», «Дос туралы жыр», «Аралдан ұшқан аққулар» әндерінің авторы. BNews.kz

Бүгін Шымкентте композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековке арналған аллея ашылып, онда ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ескерткіштің ашылуына облыс әкімі А. Мырзахметов арнайы қатысқан. Ескерткішті мүсіншілер ҚР мәдениет қайраткерлері Сұлтан Иляев пен Мұратбаев Әбдуақат сомдаған. Ескерткіштің биіктігі 3,6 метр, жезден жасалған. Оған қажетті қаражатты 10 миллион теңгені демеушілер жинап берген.

Сонымен қатар Қазақстанның түкпір түкпірінен композитордың туған туыстары мен әріптестері келді. Олар алдымен салтанатты түрде ескерткішке гүл шоқтарын қойып содан кейін марқұмға құран бағыштады. Бүгінгі күні ұлы композитордың құрметіне ескерткіштердің ашылуы – біздің ұрпақтың оған деген шынайы ризашылығы мен зор құрметінің көрінісі. Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің мақтанышы, сыршыл да сазды әуендерімен көптің көңілін тербеткен дара дарындардың бірі Сейдолла Бәйтереков – ән өлкесінде өзіндік орын алған сазгер.

Сейдолла Байтереков 1945 мамыр айында Кентау қаласында дүниеге келген. 1998 жылы мамыр айында Алматыда дүниеден озған. Оны әндері арқылы халық жақсы біледі. Ол ақын Қ.Мырза-Әлі, Т.Молдағалиев, Ш.Сариевтердің т.б. ақындардың өлеңдеріне ән жазған. Ол әйгілі «Әлия», «Жан досым», «Дос туралы жыр», «Аралдан ұшқан аққулар» әндерінің авторы.

BNews.kz

Бөлісу: