Үйеңкі және Шырмауық өсімдігі

21 Қазан 2013, 10:20

Үйеңкі (лат. Ácer) - әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі. Үйеңкі (Acer) — өзі аттас тұқымдасқа жататын жапырақ тастайтын ағаш не бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік жылы аймақтарына тараған 150-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда таулы жерлерде, өзен бойларында, сай-салаларда, орманды жерлер мен бұталар арасында жабайы өсетін 2 түрі: қара үйеңкі (А. tatarіcum) және Семенов үйеңкісі (А. semenovіі) бар. Бұдан басқа 5 түрі (дала үйеңкісі, жалғаншар үйеңкісі, өзендік үйеңкі, шағанжапырақ үйеңкі, шынартүс үйеңкі) қолдан өсіріледі. Биіктігі 5 — 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт тартқан. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, оның жиегі бүтін, кейде ойық, жыл сайын түседі. Сарғыш, жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 — 5 мүшелі, қос не дара жынысты, қалқанша не шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен немесе желмен тозаңданады. Сәуір — маусым айларында гүлдеп, тамыз — қазанда жеміс береді. Жемісі — қосқанатты, екі тұқымшасы болады. Тұқымынан, сұлама бұтағынан, шыбығынан, ал қолдан өсіргенде бөліну арқылы не қалемшесінен көбейеді. 150 — 200 жылдай жасайды. Үйеңкі ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын жасауға пайдаланылады. Күзде жапырақтары алуан түсті болғандықтан саябақтарда, көше бойларында әсемдік үшін өсіріледі. Солтүстік Америкада өсетін қантты үйеңкінің (А. saccharum) жапырақ шырынында 2 — 5 % қант болады, шірнелі өсімдік, үйеңкі жапырағы Канаданың ұлттық символы болып саналады. Шырмауық (Convolvulus) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық (кейде бір жылдық) шөптесін өсімдік не шала бұта. Негізінен қоңыржай белдеулерде өсетін 250-ден астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық өңіріндегі далалы, тастақты жерлерде, өзен аңғарларында тараған 14 түрі бар. Олардың биіктігі 7 – 130 см. Сабағы шырмала немесе тік өседі, кейде оның бұтағы көп болады. Жиектері бүтін, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қызғылт, ақ, күлгін түсті, жеке-жеке, кейде үш-үштен жапырақ қолтығында орныққан, шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – төрт дәнегі бар қосұялы қорапша. Далалық шырмауық (С. arvensіs) – қаулап өсетін арамшөп, ал кірпі шырмауық (С. erіnaceus) – құнарлы мал азығы. Шырмауық – аралия тұқымдасына жататын, аты айтып тұрғандай шырмалып өсетін өсімдік. Отаны – Еуропа, Азия мен солтүстік Африка аймақтарына таралған. Табиғатта ауа тамырымен ағаштарға оралып, 15-20 м биіктікке өседі. Ал, үй жағдайында 3-4 метрге жетеді. Сонымен қатар жоғарыдан төменге қарай жайыла және жерге төселіп те өседі. Табиғи 15-ке жуық түрі белгілі, 400-ге жуық сұрыпты түрі бар. Шырмауық-әдемі жапырақты өсімдікке жатады. Қою жасыл, ала, көкшіл түстері бар. Сонымен қатар ұсақ жапырақты және жай өсетін сұрыптары бар. Күтімі жеңіл. Ол әртүрлі жағдайларға шыдамды әрі бейімделгіш келетіндіктен гүлпаздардың, флорашылар мен дизайнерлердің көптеп қолданатын сүйікті гүліне айналған. Үй жағдайында аспалы түбектерде, композициялар мен ыдыста орналастырылған шағын бөлме бақшаларын жасауға қолданады. Түбек ішіне бамбуктен немесе темір сымнан доғал, үшбұрыш, ирек пішінді тіреу орнатуға болады. Өсімдік тіреуге шырмалып, белгілі бір пішін сақтап өсуі үшін сабағын байлап, кесіп, реттеп отыру керек.

Үйеңкі (лат. Ácer) - әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі.

Үйеңкі (Acer) — өзі аттас тұқымдасқа жататын жапырақ тастайтын ағаш не бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік жылы аймақтарына тараған 150-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда таулы жерлерде, өзен бойларында, сай-салаларда, орманды жерлер мен бұталар арасында жабайы өсетін 2 түрі: қара үйеңкі (А. tatarіcum) және Семенов үйеңкісі (А. semenovіі) бар. Бұдан басқа 5 түрі (дала үйеңкісі, жалғаншар үйеңкісі, өзендік үйеңкі, шағанжапырақ үйеңкі, шынартүс үйеңкі) қолдан өсіріледі. Биіктігі 5 — 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт тартқан. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, оның жиегі бүтін, кейде ойық, жыл сайын түседі. Сарғыш, жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 — 5 мүшелі, қос не дара жынысты, қалқанша не шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Жәндіктермен немесе желмен тозаңданады. Сәуір — маусым айларында гүлдеп, тамыз — қазанда жеміс береді. Жемісі — қосқанатты, екі тұқымшасы болады. Тұқымынан, сұлама бұтағынан, шыбығынан, ал қолдан өсіргенде бөліну арқылы не қалемшесінен көбейеді. 150 — 200 жылдай жасайды. Үйеңкі ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын жасауға пайдаланылады. Күзде жапырақтары алуан түсті болғандықтан саябақтарда, көше бойларында әсемдік үшін өсіріледі. Солтүстік Америкада өсетін қантты үйеңкінің (А. saccharum) жапырақ шырынында 2 — 5 % қант болады, шірнелі өсімдік, үйеңкі жапырағы Канаданың ұлттық символы болып саналады.

Шырмауық (Convolvulus) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық (кейде бір жылдық) шөптесін өсімдік не шала бұта. Негізінен қоңыржай белдеулерде өсетін 250-ден астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық өңіріндегі далалы, тастақты жерлерде, өзен аңғарларында тараған 14 түрі бар. Олардың биіктігі 7 – 130 см. Сабағы шырмала немесе тік өседі, кейде оның бұтағы көп болады. Жиектері бүтін, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қызғылт, ақ, күлгін түсті, жеке-жеке, кейде үш-үштен жапырақ қолтығында орныққан, шашақ тәрізді гүлшоғырына топталған. Сәуір – тамызда гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – төрт дәнегі бар қосұялы қорапша. Далалық шырмауық (С. arvensіs) – қаулап өсетін арамшөп, ал кірпі шырмауық (С. erіnaceus) – құнарлы мал азығы.

Шырмауық – аралия тұқымдасына жататын, аты айтып тұрғандай шырмалып өсетін өсімдік. Отаны – Еуропа, Азия мен солтүстік Африка аймақтарына таралған. Табиғатта ауа тамырымен ағаштарға оралып, 15-20 м биіктікке өседі. Ал, үй жағдайында 3-4 метрге жетеді. Сонымен қатар жоғарыдан төменге қарай жайыла және жерге төселіп те өседі. Табиғи 15-ке жуық түрі белгілі, 400-ге жуық сұрыпты түрі бар. Шырмауық-әдемі жапырақты өсімдікке жатады. Қою жасыл, ала, көкшіл түстері бар. Сонымен қатар ұсақ жапырақты және жай өсетін сұрыптары бар. Күтімі жеңіл. Ол әртүрлі жағдайларға шыдамды әрі бейімделгіш келетіндіктен гүлпаздардың, флорашылар мен дизайнерлердің көптеп қолданатын сүйікті гүліне айналған. Үй жағдайында аспалы түбектерде, композициялар мен ыдыста орналастырылған шағын бөлме бақшаларын жасауға қолданады. Түбек ішіне бамбуктен немесе темір сымнан доғал, үшбұрыш, ирек пішінді тіреу орнатуға болады. Өсімдік тіреуге шырмалып, белгілі бір пішін сақтап өсуі үшін сабағын байлап, кесіп, реттеп отыру керек.

Бөлісу: