Қазақстан Turkvizyon-2013 халықаралық ән байқауына қатысады. Байқау түркі тілдес елдер арасында атақты «Евровидение» шоуының аналогы болмақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі «Adam media group» ЖШС-ға сілтеме жасап.
Биыл 17 мен 23 желтоқсан аралығында Эскишехир қаласында алғаш рет Turkvizyon-2013 ән байқауы өткізіледі. Байқау «Евровидение» шоуына қатысу құқығы жоқ елдер үшін өзіндік альтернатива болады. «Adam media group» ЖШС-ның PR-менеджері Торғын Әбушахманның айтуынша, бұл байқаудың аудиториясы еуропалық шоу аудиториясынан еш кем түспейді. Байқауды 300 млн адам көреді деп күтілуде.
Алғаш рет өткізілгелі отырған Turkvizyon байқауына Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Татарстан, Алтай Республикасы, Башқұртстан, Түрікменстан, Грузия, Молдова, Украина, Беларусь, Қырым Автономиялық Республикасы, Қытай, Босния мен Герцеговина, Македония, Чуваш Республикасы мен Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасының әртістері қатысады.
29 қазан күні Алматыда Turkvizyon-2013 байқауына қатысатын әншілерді іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстандық әншілердің ішінен байқауға қатысуға Нұржан Керменбаев, Әли Оқапов, Алмас Кішкенбаев, «Орда» тобы, Диана Шәріпова, Әнел Әрінова, Луина, ADAM және «KешYou» тобы өтініш білдірген.
Іріктеу кезеңінен кейін Астанадағы «Қазақстан» ОКЗ-да тікелей эфирде көрермендер Turkvizyon-2013 халықаралық ән байқауына Қазақстан атынан қатысатын әншіні SMS- дауыс беру арқылы таңдайды.