Прага

21 Қазан 2013, 09:00

Прага (чех. Praha (IPA: [ˈpraɦa]) - Еуропаның кіндігі, жүрегі деп саналатын Чехия елінің астанасы. Прага – көнеден сыр шертетін шаһар. Берлиннен, Венадан, Мадрид, Цюрихтан және Еуропаның көптеген қалаларынан ересек көрінеді. Ғасырдан ғасырға сырғып келе жатқан бағзы үйлердің кейпін жергілікті тұрғындар өзгертуге құмар емес, өйткені оның әрбір тасы тұнып тұрған, шежіре. Прагада не көп, аңыз көп. Көне Праганың көшелері өте тар. Ол тоғызыншы ғасырда пайда болған. Көне қаланың бәрі қорғаннан басталады, оның ірге тасын Чех князь Борживой қалаған. Бүкіл қала жұртын алақанына ұстайтын жер Прага Кремль, немесе Әулие Виттің соборы және Байырғы патша сарайы мен Әулие Георгийдің костелі. Бұлар ЮНЕСКОның қамқорлығына алынған. Көне Праганың ауыз толтырып айтатын жері көп. Бірақ соның ішінде ойыншықтар мұражайы ойып тұрып орын алады. Бұл мұражай әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Бурграф сарайында орналасқан. Осы мәдени ошақтың ішінде әр дәуірден сақталған ойыншықтар бар. Прага дегенде Чехияның сырасы қатар жүреді «У Флеку» деп аталатын сыра зауытының 500 жылдық тарихы бар. Прагалықтардың мақтанышы Карл көпірі Еуропадағы жаяу жүргіншілер жүретін ең әдемі әрі ең мықты көпір. Ол 1357 жылы 9 шілде де 5 сағат 31 мин. салыныпты. Орта ғасырдың алхимиктері мен астрологтары құрылысты бастаудың дәлме дәл уақытын тапты деседі. Нанбасаңыз қайталайық 13579531. Тақ сандар – бір деңіз, екіншіден сандық көрсеткіш әуелі ұлғайып барып, шегіне жетеді де, кейін қайтады. Неге тақ сандар ды қалаған екен оны ешкім білмейді . Ал көпірдің қирамай түрғанына 600 жыл, астралогиялық болжам бойынша әлі де 400 жыл ақаусыз сол қалпында тұра береді екен. Прага өз мемлекетінің кіндігі өйткені, астаналық Прага өз қалаларының ортасында орналасқан. Кез келген қаласына санаулы сағатта-ақ жетуге болады. Ең қашығы Острава – 340 км. Қала көліктерінің іщінде метро, трамвай, автобустан өзге фуникулер дейтін де көлік жүреді. Финукерлер ылғидан дөңге, яғни қыр-қыраттарға сыммен тартылған бункер арқылы қатынайды. Шаһар көшелерінде орналасқан 18-ге жуық көне қорғандар - Чехия Республикасының мақтан тұтатын атақты тарихи орындары.Олардың қатарындағы "Карл көпірі" орта ғасырдың үздік қолтаңбасы.Сондай-ақ, Еуропалық сәулет өнерінің готикалық үлгісінде тұрғызылған керемет құрылыстардың бірі - Қасиетті Вита" мекені. Аталмыш бекіністің құрылыс жұмыстары шамамен 600 жыл жүргізілген деседі.Айта кету керек, 1993 жылы Прага қаласының орталық бес ауданы әлем мәдениетінің қайталанбас құндылықтарының қатарына қосылып, тарихи-архитектуралық қорық ретінде ЮНЕСКО-ның бақылауына алынған. Прага дәстүрлі еуропалық мәдениеттің орталығы болып саналады.Мұнда әлемдік деңгейдегі түрлі байқаулар өткізіледі ("Прага көктемі" мен "Прага күзі" атты халықаралық музыкалық фестиваль, жазушылар форумы,"Жалғыз әлем" атты адам құқығына арналған халықаралық деректі кино сайысы мен дүниежүзілік сыған ұлтының өнеріне арналған байқауы). Праганың алғашқы нарықтық реформасынан кейін туризм саласына айқара жол ашылды. Азғантай уақыттың ішінде Прага қаласына туристердің қызығушылықтары артып, саяхат жасаушылардың сүйікті мекеніне айналды. Дүниежүзілік туристік ұйымының келтірген мәліметтеріне назар аударсақ, Еуропада демалуды жөн санаған туристердің көп бөлігі Лондон, Париж, Рим, Мадрид және Берлиннен кейін Праганы қалайды екен.Өйткені, қаланың қонақүйлер желісінің саны артып, қызмет көрсету сапасы кез келген демалушыны толығымен қанағаттандырса керек. Прагада 29 бесжұлдызды, 126 төртжұлдызды және 250-ге жуық үшжұлдызды қонақүйлер қамтылған. Сонымен қатар, демалушының тұрмыс деңгейіне байланысты түрлі жатақханалар мен пансионаттар қарастырылған. Әлемге әйгілі The TripAdvisor Travelers' Choice туристік операторының деректеріне сүйенсек, 2006 жылдан бастап Праганың екі қонақүйі, яғни, Riverside Hotel және Hotel La Palais дүние жүзінің ең қымбат қонақүйлер санатында. Бүгінгі таңда Праганың 110 мыңға жуық тұрғыны (экономикалық белсенділіктері 20% жоғары топтар) ішкі және сыртқы туризмнің қызмет көрсету саласы негізінде жұмыс істейді. Өткен жылы жалпы Прагаға келген туристердің саны 3,8 млн. адамды құраған. Карл көпірі - Чехиялықтардың басты мәдени құндылықтары. Оның құрылыс жұмыстары 1375 жылы басталып, тек 15-ші жүзжылдықта аяқталған. Көпірдің тұрғызылуына Карл IV-королінің өзі түрткі болыпты. Көпір бастапқыда "Тас көпірі" немесе "Прага көпірі" деп аталған.Бірақ, ғалымдар тарихи жағдайды ескеріп, 1870 жылдан бастап "Карл көпірі" деп атап кеткен. Көпірдің ұзындығы 516 метр, ені 10 метр, көпірдің 16 арқасы үш мұнараға бекітілген. Күн сайын мыңдаған адам ескі қорғанның іргесінде ілулі тұрған астрономиялық сағаттың алдына жиналады. Праганың тарихи нысанына айналған сағаттың құрылыс жұмыстары 1410 жылы жанданыпты. Аңыз бойынша 15-ші жүзжылдықта құрылысы аяқталған сағаттың бас құрастырушысы Рануш мырза, муниципалдық кеңестің аталмыш сағаттың үлгісі еш жерде қайталанбауы тиіс деген бұйрығын көтере алмай, алып сағаттың механизміне құлап қаза болған деседі. Сағатты жерде тұырып тамашаласаңыз, уақытты анықтау мүмкін емес. Сондықтан, мұнараның басына шығып бақылаған жөн. Сағат тілі діни наным-сенімдердің барлығын айшықтайды.

Прага (чех. Praha (IPA: [ˈpraɦa]) - Еуропаның кіндігі, жүрегі деп саналатын Чехия елінің астанасы. Прага – көнеден сыр шертетін шаһар. Берлиннен, Венадан, Мадрид, Цюрихтан және Еуропаның көптеген қалаларынан ересек көрінеді. Ғасырдан ғасырға сырғып келе жатқан бағзы үйлердің кейпін жергілікті тұрғындар өзгертуге құмар емес, өйткені оның әрбір тасы тұнып тұрған, шежіре. Прагада не көп, аңыз көп. Көне Праганың көшелері өте тар. Ол тоғызыншы ғасырда пайда болған. Көне қаланың бәрі қорғаннан басталады, оның ірге тасын Чех князь Борживой қалаған. Бүкіл қала жұртын алақанына ұстайтын жер Прага Кремль, немесе Әулие Виттің соборы және Байырғы патша сарайы мен Әулие Георгийдің костелі. Бұлар ЮНЕСКОның қамқорлығына алынған. Көне Праганың ауыз толтырып айтатын жері көп. Бірақ соның ішінде ойыншықтар мұражайы ойып тұрып орын алады. Бұл мұражай әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Бурграф сарайында орналасқан. Осы мәдени ошақтың ішінде әр дәуірден сақталған ойыншықтар бар.

Прага дегенде Чехияның сырасы қатар жүреді «У Флеку» деп аталатын сыра зауытының 500 жылдық тарихы бар. Прагалықтардың мақтанышы Карл көпірі Еуропадағы жаяу жүргіншілер жүретін ең әдемі әрі ең мықты көпір.

Ол 1357 жылы 9 шілде де 5 сағат 31 мин. салыныпты. Орта ғасырдың алхимиктері мен астрологтары құрылысты бастаудың дәлме дәл уақытын тапты деседі. Нанбасаңыз қайталайық 13579531. Тақ сандар – бір деңіз, екіншіден сандық көрсеткіш әуелі ұлғайып барып, шегіне жетеді де, кейін қайтады. Неге тақ сандар ды қалаған екен оны ешкім білмейді . Ал көпірдің қирамай түрғанына 600 жыл, астралогиялық болжам бойынша әлі де 400 жыл ақаусыз сол қалпында тұра береді екен.


Прага өз мемлекетінің кіндігі өйткені, астаналық Прага өз қалаларының ортасында орналасқан. Кез келген қаласына санаулы сағатта-ақ жетуге болады. Ең қашығы Острава – 340 км. Қала көліктерінің іщінде метро, трамвай, автобустан өзге фуникулер дейтін де көлік жүреді. Финукерлер ылғидан дөңге, яғни қыр-қыраттарға сыммен тартылған бункер арқылы қатынайды.

Шаһар көшелерінде орналасқан 18-ге жуық көне қорғандар - Чехия Республикасының мақтан тұтатын атақты тарихи орындары.Олардың қатарындағы "Карл көпірі" орта ғасырдың үздік қолтаңбасы.Сондай-ақ, Еуропалық сәулет өнерінің готикалық үлгісінде тұрғызылған керемет құрылыстардың бірі - Қасиетті Вита" мекені. Аталмыш бекіністің құрылыс жұмыстары шамамен 600 жыл жүргізілген деседі.Айта кету керек, 1993 жылы Прага қаласының орталық бес ауданы әлем мәдениетінің қайталанбас құндылықтарының қатарына қосылып, тарихи-архитектуралық қорық ретінде ЮНЕСКО-ның бақылауына алынған. Прага дәстүрлі еуропалық мәдениеттің орталығы болып саналады.Мұнда әлемдік деңгейдегі түрлі байқаулар өткізіледі ("Прага көктемі" мен "Прага күзі" атты халықаралық музыкалық фестиваль, жазушылар форумы,"Жалғыз әлем" атты адам құқығына арналған халықаралық деректі кино сайысы мен дүниежүзілік сыған ұлтының өнеріне арналған байқауы). Праганың алғашқы нарықтық реформасынан кейін туризм саласына айқара жол ашылды. Азғантай уақыттың ішінде Прага қаласына туристердің қызығушылықтары артып, саяхат жасаушылардың сүйікті мекеніне айналды. Дүниежүзілік туристік ұйымының келтірген мәліметтеріне назар аударсақ, Еуропада демалуды жөн санаған туристердің көп бөлігі Лондон, Париж, Рим, Мадрид және Берлиннен кейін Праганы қалайды екен.Өйткені, қаланың қонақүйлер желісінің саны артып, қызмет көрсету сапасы кез келген демалушыны толығымен қанағаттандырса керек. Прагада 29 бесжұлдызды, 126 төртжұлдызды және 250-ге жуық үшжұлдызды қонақүйлер қамтылған. Сонымен қатар, демалушының тұрмыс деңгейіне байланысты түрлі жатақханалар мен пансионаттар қарастырылған. Әлемге әйгілі The TripAdvisor Travelers' Choice туристік операторының деректеріне сүйенсек, 2006 жылдан бастап Праганың екі қонақүйі, яғни, Riverside Hotel және Hotel La Palais дүние жүзінің ең қымбат қонақүйлер санатында. Бүгінгі таңда Праганың 110 мыңға жуық тұрғыны (экономикалық белсенділіктері 20% жоғары топтар) ішкі және сыртқы туризмнің қызмет көрсету саласы негізінде жұмыс істейді. Өткен жылы жалпы Прагаға келген туристердің саны 3,8 млн. адамды құраған. Карл көпірі - Чехиялықтардың басты мәдени құндылықтары. Оның құрылыс жұмыстары 1375 жылы басталып, тек 15-ші жүзжылдықта аяқталған. Көпірдің тұрғызылуына Карл IV-королінің өзі түрткі болыпты. Көпір бастапқыда "Тас көпірі" немесе "Прага көпірі" деп аталған.Бірақ, ғалымдар тарихи жағдайды ескеріп, 1870 жылдан бастап "Карл көпірі" деп атап кеткен. Көпірдің ұзындығы 516 метр, ені 10 метр, көпірдің 16 арқасы үш мұнараға бекітілген. Күн сайын мыңдаған адам ескі қорғанның іргесінде ілулі тұрған астрономиялық сағаттың алдына жиналады. Праганың тарихи нысанына айналған сағаттың құрылыс жұмыстары 1410 жылы жанданыпты. Аңыз бойынша 15-ші жүзжылдықта құрылысы аяқталған сағаттың бас құрастырушысы Рануш мырза, муниципалдық кеңестің аталмыш сағаттың үлгісі еш жерде қайталанбауы тиіс деген бұйрығын көтере алмай, алып сағаттың механизміне құлап қаза болған деседі. Сағатты жерде тұырып тамашаласаңыз, уақытты анықтау мүмкін емес. Сондықтан, мұнараның басына шығып бақылаған жөн. Сағат тілі діни наным-сенімдердің барлығын айшықтайды.

Бөлісу: