Рояль, Пианино, Фортепиано аспаптары

21 Қазан 2013, 08:23

Рояль (фр. royal — корольдық) — ішекті соқпалы-пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі. Рояль алғашқы нұсқасы пианофортені (фортепьяно) италиялық Б.Кристофори жасаған (1709-11). Ресейде ол рояль деп аталған. Рояль үшбұрышты, көлемі ұзынша, ені жалпақ, үш аяқты болып келеді. Тұрқының ішінде резонанс беретін декасы және керілген жуанды-жіңішкелі сым ішектері болады. Дыбыс диапазоны 7 не 7 1/4 октава. Рояль концерттерде көп қолданылады. Дыбысы қатты және анық естілу үшін рояльдің үстіндегі қақпағы ашық қойылады. Рояльдің ұзындығы әртүрлі (мысалы, миньон 1,1-1,5 м; бөлмелік 1,6-1,8 м; концерттік 3 м.). Қазақ даласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап тарады. Пианино (итал. pіаnіnо — жайлап ойнау немесе кішкене фортепьяно) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепьяноның бір түрі. Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800). Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы. Концерттерде “соло” ойнауға дыбысы қаттырақ, клавиатуралық диапазоны Пианиноға қарағанда кеңірек рояль пайдаланылады. Дегенмен ойнау техникасы екеуінде бірдей. Фортепиано (итал. fortepіano, forte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы. Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 11 ж. жасап шығарды. Фортепианоның екі түрі (рояль мен пианино) бар. Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар (Парижде) ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар (мысалы, Л. ван Бетховен, “Апассионата” сонатасы; Ф.Шуберт, “Фантазия”; Р.Шуман, “Симфониялық этюдтер”; Ф.Лист, “Кезбешілік жылдары”, т.б.) жазылды. Музыкалық орындаушылық өнерде үздік пианиношылар есімі белгілі. Олардың қатарында: Лист (Венгрия), Э.Г. Гилельс, А.Б. Гольденвейзер, К.Н. Игумно, Л.Н. Оборин, С.Т. Рихтер, В.Д. Ашкенази (Ресей), Ж.Әубәкірова, Г.Қадырбекова (Қазақстан), т.б. бар. Дереккөз: Қазақ Энциклопедиясы" 9 том. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Рояль (фр. royal — корольдық) — ішекті соқпалы-пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі. Рояль алғашқы нұсқасы пианофортені (фортепьяно) италиялық Б.Кристофори жасаған (1709-11). Ресейде ол рояль деп аталған. Рояль үшбұрышты, көлемі ұзынша, ені жалпақ, үш аяқты болып келеді. Тұрқының ішінде резонанс беретін декасы және керілген жуанды-жіңішкелі сым ішектері болады. Дыбыс диапазоны 7 не 7 1/4 октава. Рояль концерттерде көп қолданылады. Дыбысы қатты және анық естілу үшін рояльдің үстіндегі қақпағы ашық қойылады. Рояльдің ұзындығы әртүрлі (мысалы, миньон 1,1-1,5 м; бөлмелік 1,6-1,8 м; концерттік 3 м.). Қазақ даласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап тарады.

Пианино (итал. pіаnіnо — жайлап ойнау немесе кішкене фортепьяно) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепьяноның бір түрі. Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800). Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы. Концерттерде “соло” ойнауға дыбысы қаттырақ, клавиатуралық диапазоны Пианиноға қарағанда кеңірек рояль пайдаланылады. Дегенмен ойнау техникасы екеуінде бірдей.

Фортепиано (итал. fortepіano, forte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы. Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 11 ж. жасап шығарды. Фортепианоның екі түрі (рояль мен пианино) бар. Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар (Парижде) ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар (мысалы, Л. ван Бетховен, “Апассионата” сонатасы; Ф.Шуберт, “Фантазия”; Р.Шуман, “Симфониялық этюдтер”; Ф.Лист, “Кезбешілік жылдары”, т.б.) жазылды. Музыкалық орындаушылық өнерде үздік пианиношылар есімі белгілі. Олардың қатарында: Лист (Венгрия), Э.Г. Гилельс, А.Б. Гольденвейзер, К.Н. Игумно, Л.Н. Оборин, С.Т. Рихтер, В.Д. Ашкенази (Ресей), Ж.Әубәкірова, Г.Қадырбекова (Қазақстан), т.б. бар.

Дереккөз: Қазақ Энциклопедиясы" 9 том. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Бөлісу: