Назарбаевтың экономикалық үлгісі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді әрі тұрақты болды – Білі

29 Қараша 2012, 08:45

Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болды. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Әлем сарапшыларының бағалауы бойынша, ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығының экономикасы ең қарқынды дамыған 25 елдің ішінде Қазақстан үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Президент Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болды. Біздің мемлекетіміздің басшысы, жаһандық ауқымдағы саясаткер ретінде, дағдарыстың қайнарларын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық деңгейде, жалпы әлемдік, аймақтық, мемлекеттік, оны ығыстырудың жүйелік шараларын ұсынды. Қазақстанның дамуына әлемдік дағдарыстың ықпалын ырықсыздандырып, қалыпты өсу траекториясына дереу оралуға алғышарттар жасалды», - деді Жұмағұлов.  Сонымен қатар, ол Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткіштеріміздің артуының Қазақстан экономикалық үлгісінің әлемдік бағалауларының жарқын көрінісі екендігін ескертті. 2012 жылы Қазақстан бәсекге қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 позицияға көтеріліп, 51 орынға ие болған. Бақытжан Жұмағұлов «бір жыл ішіндегі мұндай серпін басқа елдердің ешқайсысының еншісіне жазылмағандығын» атап өтті. «Қысқа уақыт ішінде жетекші елдерді қуып жету үшін Президент үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың жаңа үлгісін ұсынған болатын. Оның жүзеге асырылуы ел өзгеруінің мықты факторларының бірі болып келеді. Ол экономика векторын шикізаттық қалыптан технологиялық бағдарға жүйелі түрде өзгертті», - деп толықтырды ол.

Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болды. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Әлем сарапшыларының бағалауы бойынша, ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығының экономикасы ең қарқынды дамыған 25 елдің ішінде Қазақстан үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Президент Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болды. Біздің мемлекетіміздің басшысы, жаһандық ауқымдағы саясаткер ретінде, дағдарыстың қайнарларын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық деңгейде, жалпы әлемдік, аймақтық, мемлекеттік, оны ығыстырудың жүйелік шараларын ұсынды. Қазақстанның дамуына әлемдік дағдарыстың ықпалын ырықсыздандырып, қалыпты өсу траекториясына дереу оралуға алғышарттар жасалды», - деді Жұмағұлов. 

Сонымен қатар, ол Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткіштеріміздің артуының Қазақстан экономикалық үлгісінің әлемдік бағалауларының жарқын көрінісі екендігін ескертті. 2012 жылы Қазақстан бәсекге қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 позицияға көтеріліп, 51 орынға ие болған. Бақытжан Жұмағұлов «бір жыл ішіндегі мұндай серпін басқа елдердің ешқайсысының еншісіне жазылмағандығын» атап өтті.

«Қысқа уақыт ішінде жетекші елдерді қуып жету үшін Президент үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың жаңа үлгісін ұсынған болатын. Оның жүзеге асырылуы ел өзгеруінің мықты факторларының бірі болып келеді. Ол экономика векторын шикізаттық қалыптан технологиялық бағдарға жүйелі түрде өзгертті», - деп толықтырды ол.

Бөлісу: