Қазақ халқының кескіндеме бейнелеу өнері

18 Қазан 2013, 03:31

Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі Кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 – 3 ғ-лар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады. Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше К. шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғ-лар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді. Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: “Сырымбет” (1850), “Сартайдың портреті” (1856), “Шақырым бағандары” (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В.Штернберг(“Түйе”, “Киіз үй тұсындағы көрініс”), А.Горнович (“Ақмешітті алу”), А.Чернышев (“Қазақтардың көші”, “Қонып жатқан қазақтар”, т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып (“Аңшы қырғыз (қазақ)”, “Лепсі даласындағы таулар”, т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты “Байғұстар”, “Киіз үйде”, “Мемлекет жұдырығы” деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ Кескіндеме мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ К. өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ К. өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ Кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). Кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең (Төлепбаев пен Түлкиев), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті (Ә.Төлебие пен А.Рубашев) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., Садыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ К-сін әлемге таныта білді. Дереккөз Қазақ Энциклопедиясы

Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі Кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. 5 – 3 ғ-лар), Шелек қорғанынан (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады. Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, т.б.) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше К. шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (10 – 12 ғ-лар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (11 – 15 ғ-лар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді. Халық арасында көптеген кескіндемеші шеберлер болған, бірақ солардың көбінің аты бізге беймәлім. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби кескіндемеші – Ш.Уәлиханов. Оның акварель бояуымен салған портреттік, пейзаждық жұмыстары: “Сырымбет” (1850), “Сартайдың портреті” (1856), “Шақырым бағандары” (1950) нағыз шыншыл суреткер болғанын дәлелдейді. 19 ғ-да қазақ халқының өмірін өздерінің шығармаларына өзек еткен суретшілер: В.Штернберг(“Түйе”, “Киіз үй тұсындағы көрініс”), А.Горнович (“Ақмешітті алу”), А.Чернышев (“Қазақтардың көші”, “Қонып жатқан қазақтар”, т.б.) В.Верещагин қазақ табиғатын, қазақ халқын өте шеберлікпен жазып (“Аңшы қырғыз (қазақ)”, “Лепсі даласындағы таулар”, т.б.) басқаларға таныта білді. 1847 – 57 ж. Т.Г. Шевченко қазақ даласында қуғында жүргенде жергілікті халықтың өміріне байланысты “Байғұстар”, “Киіз үйде”, “Мемлекет жұдырығы” деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ Кескіндеме мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ К. өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ К. өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ Кескіндемеде жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). Кескіндеме өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең (Төлепбаев пен Түлкиев), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті (Ә.Төлебие пен А.Рубашев) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., Садыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ К-сін әлемге таныта білді.

Дереккөз

  1. Қазақ Энциклопедиясы
Бөлісу: