Орта ғасырлардағы кескіндеме өнері

18 Қазан 2013, 03:29

Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндемесінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мыс., Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б.з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орт. Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументтік К. дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орт. Азия мен Әзербайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс К-сі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды. Қайта өрлеу дәуірінде Бат. Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған К-нің маңызы артты. 14 ғ-да италиялық суретші Джоттоның К-лері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланды) К. табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландыда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда). 17 – 18 ғ-ларда Еуропада К-нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя). Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді. Психол. мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. 17 ғ-да жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. 17 – 18 ғ-ларда монументтік-сәндік К. (әсіресе, барокко стилінде) өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеум. жіктелу – осының бәрі кескіндеме де жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, т.б.). 19 ғ-да Еуропа (Балқан елдерінде) мен Америкада Кескіндеме нің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония, т.б.) Кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. К-нің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері:[[Т.Жерико, Э.Делакруа, Г.Курбе, Ж.Ф. Милле, О.Домье, К.Коро (Францияда); Дж.Констебл (Англияда); А.Менцель, В.Лейбль (Германияда), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, А.Г. Венецианов, П.А. Федотов (Ресейде)]], т.б. Қоғамдағы әлеум. өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В.Г. Перов, И.П. Крамской, И.В. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, И.И. Левитанның, т.б. туындылары К-де жаңа бағыт туғызды. Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. 19 ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы К. кең өріс алды. Майлы бояулы Кескіндеме нің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеме нің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру (негізінен, “модерн” өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік Кескіндеме нің тех. құралдары жаңарды. Силикаттық К. техникасы жасала бастады. 19 ғ-дың аяғында және 20 ғ-да дүние жүзі бойынша К. өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат. Америкасы елдерінде К-нің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм Кескіндемесінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), ішінара “модерн” Кескіндемесінде де 20 ғ-ға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады. 20 ғ-дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа (қ. Абстракты өнер) айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Бат. Еуропа мен Америка К-сі “топ-арттың” бір саласының бөлігін құрады. 20 ғ-да монументтік-сәндік К-нің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік Кескіндеме де жаңа бояулар – Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органик. бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды. Дереккөз Қазақ Энциклопедиясы

Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндемесінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мыс., Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін құрады. Б.з. 1-мыңжылдығында Алдыңғы және Орт. Азия елдерінде (Үндістан, Қытай, Цейлон) монументтік К. дамыды. Месопотамия, Иран, Үндістан, Орт. Азия мен Әзербайжан, Түркияда сәндік миниатюра өнері өркендеді. Адам мен табиғаттың келбет, көріністерін соншалық нәзік те терең суреттейтін ашық реңді, қанық бояулы Қиыр Шығыс К-сі (Қытай, Корея, Жапония) дамыды.

Қайта өрлеу дәуірінде Бат. Еуропада өмірге жанасымды гуманистік өнер үрдістері қалыптасты. Болмысты шынайы бейнелеуге ден қойған К-нің маңызы артты. 14 ғ-да италиялық суретші Джоттоның К-лері Қайта өрлеу дәуіріндегі біраз өнер үлгілерінен асып түсті. Майлы бояумен салудың жетілген техникасын пайдалану Я. ван Эйктің (Нидерланды) К. табиғатындағы бар мүмкіншіліктерді аша түсуіне себепші болды. Әсіресе, фреска жанры дамыды, қондырғылы картиналар да сан-салалы тақырыптармен байыды. Дүниенің жарасымын сезіну, өмірдің жеке бір жарқын көріністерін бейнелеу, айрықша тұлғаларды даралау, рухани күштілікті әспеттеу, тән сұлулығымен қатар жан сұлулығын да асқақтата бейнелеу кескіндеменің негізгі мақсатына айналды. Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Я ван Эйк, П.Брейгель (Нидерландыда), А.Дюрер, Х.Хольбейн (кішісі; Германияда).

17 – 18 ғ-ларда Еуропада К-нің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н.Пуссен, А.Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.Л. Давид), Италия (М.Караваджо, Дж. Б.Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д.Веласкес, Ф.Сурбаран, Ф.Гойя). Фландрия (П.П. Рубенс, Я.Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я.Вермер), Англия (Г.Гейнсборо, У.Хогорт) пен Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) Кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді.

Психол. мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. 17 ғ-да жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. 17 – 18 ғ-ларда монументтік-сәндік К. (әсіресе, барокко стилінде) өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеум. жіктелу – осының бәрі кескіндеме де жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, т.б.). 19 ғ-да Еуропа (Балқан елдерінде) мен Америкада Кескіндеме нің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония, т.б.) Кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. К-нің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері:[[Т.Жерико, Э.Делакруа, Г.Курбе, Ж.Ф. Милле, О.Домье, К.Коро (Францияда); Дж.Констебл (Англияда); А.Менцель, В.Лейбль (Германияда), К.П. Брюллов, А.А. Иванов, А.Г. Венецианов, П.А. Федотов (Ресейде)]], т.б. Қоғамдағы әлеум. өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В.Г. Перов, И.П. Крамской, И.В. Репин, В.И. Суриков, В.В. Верещагин, И.И. Левитанның, т.б. туындылары К-де жаңа бағыт туғызды.

Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К.Моне, О.Ренуар, К.Писсарро, А.Сислей, Э.Мане, Э.Дега, т.б.) ерекше табысқа жетті. 19 ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы К. кең өріс алды. Майлы бояулы Кескіндеме нің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеме нің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру (негізінен, “модерн” өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік Кескіндеме нің тех. құралдары жаңарды. Силикаттық К. техникасы жасала бастады. 19 ғ-дың аяғында және 20 ғ-да дүние жүзі бойынша К. өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Лат. Америкасы елдерінде К-нің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм Кескіндемесінің өзінде-ақ (П.Сезанн, В. Ван Гог, П.Гоген, А.Тулуз-Лотерек), ішінара “модерн” Кескіндемесінде де 20 ғ-ға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады.

20 ғ-дың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа (қ. Абстракты өнер) айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Бат. Еуропа мен Америка К-сі “топ-арттың” бір саласының бөлігін құрады. 20 ғ-да монументтік-сәндік К-нің рөлі артқанымен, қондырғылы Кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; Кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік Кескіндеме де жаңа бояулар – Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органик. бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды.

Дереккөз

  1. Қазақ Энциклопедиясы
Бөлісу: