ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы үш сатыға төмендеді

17 Қазан 2013, 09:46

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингінде үш ұпай жоғалтып, 135-ші орынға табан тіреді. 11 қазанда 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Фарер аралдары командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Қазір ФИФА-ның көш басында Еуропа және Әлем чемпионы Испания құрамасы тұр. Екінші орын немістердің еншісіне тисе, Аргентина аяқдоп шеберлері үшінші сатыдан көрінді. Швеция құрамасы 2014 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсету үшін алаңға шығады. Австрия командасы 47-ші орыннан 53-ші сатыға көтерілсе, Фарер аралдары керісінше, көрсеткіштерін жеті сатыға жақсартып, 175-ші орыннан көрінді. Ал ирландықтар 59-дан 60-қа түскен. Италия құрамасы бірден төрт ұрпайдан айырылып, 9-шы орында тұрса, швейцариялықтар 7-ші, ал ағылшындар 10-шы орынды місе тұтқан. Baq.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингінде үш ұпай жоғалтып, 135-ші орынға табан тіреді.

11 қазанда 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Фарер аралдары командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.
Қазір ФИФА-ның көш басында Еуропа және Әлем чемпионы Испания құрамасы тұр. Екінші орын немістердің еншісіне тисе, Аргентина аяқдоп шеберлері үшінші сатыдан көрінді.
Швеция құрамасы 2014 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсету үшін алаңға шығады. Австрия командасы 47-ші орыннан 53-ші сатыға көтерілсе, Фарер аралдары керісінше, көрсеткіштерін жеті сатыға жақсартып, 175-ші орыннан көрінді. Ал ирландықтар 59-дан 60-қа түскен. Италия құрамасы бірден төрт ұрпайдан айырылып, 9-шы орында тұрса, швейцариялықтар 7-ші, ал ағылшындар 10-шы орынды місе тұтқан.

Baq.kz

Бөлісу: