Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинозалында «Кино және ТВ» факультетінің доценті А.Байғожинаның «Мен жиырмадамын! А-дан Я-ға дейін деректі фильм жасау тәжірибесі» атты кітаптың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды BNews.kz «Бастау» ІІІ халықаралық кинофестиваліне сілтеме жасап.
Кітап «Бастау» ІІІ халықаралық кинофестивалі қарсаңында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының бастамасымен шығарылды. Және де ойынсыз кино режиссурасы бойынша алғашқы отандық оқу құралы болып табылады, делінген хабарламада.
Кітапта фильмді түсірудің әр кезеңі толық баяндалған, студенттер мен әріптес кино шеберлері – В.Тюлькин мен Р. Қосай фильммен жұмыс істеу кезінде әр үдеріске түсініктеме беріп отырады.
Кітаптың алғысөзінде профессор, кинотанушы Бауыржан Нөгербек былай деп жазады: «Бұл Қазақстан кинопедагогикасы тарихындағы алғашқы еңбек. Онда кино шебері жоба жұмысының әр кезеңін суретейді, деректі фильмнің түсірілуіне толық тоқталады. Біз идеядан бастау алатын фильмнің одан әрі қалай жүзеге асырылатынын көреміз».