Астанада «Жастар-Отанға» жас көшбасшыларға арналған республикалық семинар-тренинг бастал

17 Қазан 2013, 05:23

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ғимаратында еліміздің әр аймақтарынан жиналған жас көшбасшыларға арналған «Жастар - Отанға!» республикалық семинар-тренинтер өткізілуде. 100-ден астам адамның қатысуымен өтіп жатқан іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі. «Семинар-тренингтер – үкіметтік емес ұйымдардың жастарына, көшбасшыларына және белсенділеріне қызықты және қажетті білім алуға мүмкіндік береді. Семинар бағдарламасына интерактивті режимдегі жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар енгізілген», - делінген ақпаратта. Тренингтердің тақырыптары әртүрлі, сондықтан әркім өзін қызықтыратын тренингті таңдады. Барлық қатысушылар үш топқа бөлінген, оқыту тренингтерінің қорытындысы бойынша әрбір қатысушы келіссөздер жүргізу барысында психологиялық сенімділікті дамыту, уақытты дұрыс жоспарлау үшін интеллект-карталарын құруды үйрену, адамдармен психологиялық қарым-қатынас орнату туралы жалпы білім алады. «Тренингтерді келесі жаттықтырушылар жүргізеді: Лейла Асылбекова – саясат ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Әлеуметтік политика» кафедрасының профессоры, Меруерт Жүнісбек – «НИКА» шешендік өнер орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы психологтары қауымдастығының мүшесі, Каплина Светлана -«ProfiTraining» білім беру технологиялары орталығының директоры, Мәскеу риторика және шешендік өнер университетінің жетекші лицензиялы жаттықтырушысы, риторика және шешендік өнер, келіссөздер жүргізу және бизнес байланыстар орнату саласының сарапшы маманы», - деп хабарлайды баспасөз қызметі. BNews.kz

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ғимаратында еліміздің әр аймақтарынан жиналған жас көшбасшыларға арналған «Жастар - Отанға!» республикалық семинар-тренинтер өткізілуде. 100-ден астам адамның қатысуымен өтіп жатқан іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі.

«Семинар-тренингтер – үкіметтік емес ұйымдардың жастарына, көшбасшыларына және белсенділеріне қызықты және қажетті білім алуға мүмкіндік береді. Семинар бағдарламасына интерактивті режимдегі жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар енгізілген», - делінген ақпаратта.

Тренингтердің тақырыптары әртүрлі, сондықтан әркім өзін қызықтыратын тренингті таңдады. Барлық қатысушылар үш топқа бөлінген, оқыту тренингтерінің қорытындысы бойынша әрбір қатысушы келіссөздер жүргізу барысында психологиялық сенімділікті дамыту, уақытты дұрыс жоспарлау үшін интеллект-карталарын құруды үйрену, адамдармен психологиялық қарым-қатынас орнату туралы жалпы білім алады.

«Тренингтерді келесі жаттықтырушылар жүргізеді: Лейла Асылбекова – саясат ғылымдарының докторы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Әлеуметтік политика» кафедрасының профессоры, Меруерт Жүнісбек – «НИКА» шешендік өнер орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы психологтары қауымдастығының мүшесі, Каплина Светлана -«ProfiTraining» білім беру технологиялары орталығының директоры, Мәскеу риторика және шешендік өнер университетінің жетекші лицензиялы жаттықтырушысы, риторика және шешендік өнер, келіссөздер жүргізу және бизнес байланыстар орнату саласының сарапшы маманы», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

BNews.kz

Бөлісу: