Тәрбиелік дәстүрлер

16 Қазан 2013, 10:06

«Асырап алу» (ғұрып). Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы – ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асыраушы анасы шарананы етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз әке-шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді. Осыдан кейін сол үйдің әйелі перзентті болса, онда асырап алған баланы бұдан былай «майқұйрық» деп әлпештеп, оны бұрынғыдан да бетер жақсы көреді. Алайда бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің аты айтылып, жаназасы шығарылады.«Бауырына салу» «Бауырына салу» (дәстүр). «Ғайнижамалды қырқынан шыққан соң-ақ бәйбіше Жәкіштен шығарып, бауырына салып, асырап алды» /Т.Жомартбаев/. Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Мұны «бауырына салды» дейді. Бауырына салушы адам баланы өз ата-анасынан ажыратпайды. Баланы екі үйде де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, халықтық жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге зор ықпал жасайды. Бала ержеткеннен кейін өз отбасына оралуына немесе бауыр басқан үйінде қалуына еркі бар. «Құйрықботқа» «Құйрықботқа» (салт). Ел есінде сақталып, ұмытылмай жүрген де, мүлде ұмытылған да салт-дәстүрлеріміз бар. Соның бірі – сәбилер үшін жасалатын «құйрықботқа» деп аталатын ежелгі салт. Сәби құйрығынан енді отыра бастағанда қай кезде де нық отырсын деген ырыммен оны жаңа піскен жылы ботқа үстіне отырғызады. Егер отырғызған бала жығылмаса оның тақымы берік, қадамы нық болып өседі деген сенім туады. Бұл қызықты әрі сирек салтты Астана тұрғыны, байырғы мәдениет қызметкері, тіл жанашыры Майра Керейбаева айтып берді. Және бұл кісі өз балаларына осы салтты қолданып өсірген. «Тұсаукесер» «Тұсаукесер» (салт). «Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін» («Тұсаукесер» жыры). Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл «ала жіпті аттамасын» деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. «Тұсаукесердің» арнаулы жыры бар. Мысалы: «Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң мәз болам. Тағы, тағы баса ғой, Тақымыңды жаз, балам. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың!» («Тұсаукесер» жырынан) Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп жіпті көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ шегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. «Айдар» «Айдар» (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысын құл қылды» («Қобыланды»). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Мұны – «айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы, Кенесарының інісі, атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. «Кекіл» «Кекіл» (ғұрып). «Қарағым, айналайын, кекілдім-ай, Көгілдірі аққудың секілдім-ай» (халық өлеңі). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді. Кекіл жылқыда да болады, «Кекілін кескен кер атым-ай, Титтейден өскен бекзатым-ай» (халық өлеңі). «Тұлым» «Тұлым қою» (ғұрып). «Сәрсеке! Көңілге солай еткен дұрыс та ғой, ләкинде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес» (М.Дулатов). Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып. Сейіт Кенжеахметұлы, «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан. «Атамұра», 2010 жыл

«Асырап алу» (ғұрып). Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы – ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асыраушы анасы шарананы етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз әке-шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді. Осыдан кейін сол үйдің әйелі перзентті болса, онда асырап алған баланы бұдан былай «майқұйрық» деп әлпештеп, оны бұрынғыдан да бетер жақсы көреді. Алайда бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің аты айтылып, жаназасы шығарылады.«Бауырына салу»

«Бауырына салу» (дәстүр). «Ғайнижамалды қырқынан шыққан соң-ақ бәйбіше Жәкіштен шығарып, бауырына салып, асырап алды» /Т.Жомартбаев/. Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Мұны «бауырына салды» дейді. Бауырына салушы адам баланы өз ата-анасынан ажыратпайды. Баланы екі үйде де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, халықтық жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге зор ықпал жасайды. Бала ержеткеннен кейін өз отбасына оралуына немесе бауыр басқан үйінде қалуына еркі бар.

«Құйрықботқа»

«Құйрықботқа» (салт). Ел есінде сақталып, ұмытылмай жүрген де, мүлде ұмытылған да салт-дәстүрлеріміз бар. Соның бірі – сәбилер үшін жасалатын «құйрықботқа» деп аталатын ежелгі салт. Сәби құйрығынан енді отыра бастағанда қай кезде де нық отырсын деген ырыммен оны жаңа піскен жылы ботқа үстіне отырғызады. Егер отырғызған бала жығылмаса оның тақымы берік, қадамы нық болып өседі деген сенім туады.
Бұл қызықты әрі сирек салтты Астана тұрғыны, байырғы мәдениет қызметкері, тіл жанашыры Майра Керейбаева айтып берді. Және бұл кісі өз балаларына осы салтты қолданып өсірген.

«Тұсаукесер»

«Тұсаукесер» (салт). «Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін» («Тұсаукесер» жыры). Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл «ала жіпті аттамасын» деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. «Тұсаукесердің» арнаулы жыры бар.
Мысалы:
«Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз, балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!»
(«Тұсаукесер» жырынан)
Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп жіпті көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ шегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

«Айдар»

«Айдар» (ғұрып). «Тұлымдысын тұл қылды, Айдарлысын құл қылды» («Қобыланды»). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Мұны – «айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы, Кенесарының інісі, атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

«Кекіл»

«Кекіл» (ғұрып). «Қарағым, айналайын, кекілдім-ай, Көгілдірі аққудың секілдім-ай» (халық өлеңі). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.
Кекіл жылқыда да болады, «Кекілін кескен кер атым-ай, Титтейден өскен бекзатым-ай» (халық өлеңі).

«Тұлым»

«Тұлым қою» (ғұрып). «Сәрсеке! Көңілге солай еткен дұрыс та ғой, ләкинде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес» (М.Дулатов). Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.

Сейіт Кенжеахметұлы, «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан. «Атамұра», 2010 жыл

Бөлісу: