«Қара Түке»

16 Қазан 2013, 08:33

Түке ұзын бойлы, қапсағай денелі, өң-түсі қара торы әрі қатқан қайыстай шымыр болғандықтан замандастары «Қара Түке» деп атаған екен. Сөзге тұйық, іске шебер, ойлағанын орындамай қоймайтын бір беткей, алдын-артын бағамдай білетін, шаруа жайын жете меңгерген малсақ, атбегі адам. Түке мыңдаған жұмыр тұяқтының ішінен тұлпары мен тұғырын бітім тұлғасынан танып, айнытпай тауып баптай білген. Атбегілінің арқасында жатаған келген жалдас күрең аттың аламан бәйгеде топ жарып бірінші келуі – Түкенің ат баптаудың шебері екенін көрсетіп тұр. Мұны ақиық ақынымыз М.Мақатаев тілімен айтсақ: …Жатаған келген Түкенің жолдас күреңі, Дүйім ел білген дүлдүлдің нағыз бірі еді. Кешегі аста бәйгеге қосып жүйрігің Келерін біліп, қауіпсіз бейқам тұр еді. Қу даладағы құйын ба дерсің, ойнаған Қыран ба дерсің, қылт еткен құсты қоймаған. Өз атын өзі ұрандап бала келеді, Қамшы сабына жейдесін ту ғып байлаған. Түке атбегілігімен қоса қолға құс үйретіп, баптай біліп аңшылық пен саятшылықтың қыр-сырын жақсы меңгерген. «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге түссем Жалайыр Шора алады» деген әйгілі құсбегіден бата алғанға ұқсайды. Құстың тұлғасына, қанат қағысына, ұшатын бағыт-бағдарына қарап, қай таудың құсы, қайда барып түнейді, қай маңға жұмыртқа салады соған дейін аңғаратын көріпкелділігі болған. Немесе торға түскен құстың дене-мүшесіне, бас, тұмсық көз бітіміне, қауырсын жүніне, жіліншігі мен шеңгеліне қарап сынап бағамдап отырады екен. Соған қарап шын қыран ба, әлде қыран емес пе, қай өлкенің құсы екенін дөп басып ажырата алатын өнері бар. Қолға түсіргенін үйретіп, баптап түлете білген. Кемеліне келтіріп аңға салатын, құстың көңіл-күйіне қарап ауырса, жарақаттанса дауалап жаза білген, өте бапкер құсбегі адам осы Түке болатын. Бізге жеткен ауызекі аңыз әңгіме деректерінде тұз тағылары бүркіт, қаршыға, ителгі, қырғи, тұйғын тәрізді құстарды қолда бағып, көп ұстаған, оны өмір бойы қызықтаған деседі. Жылқының тұлпары мен құстың қыранын таңдап ұстап, бабына және зарына келтіріп баптай білу – кім болса соның қолынан келе бермейтін киелі өнер. Осынау қиындығы мен хикаясы мол іс ердің ері, білімгері, қайыспас қайсарлы кісінің қолынан ғана келеді. Мінеки, Түке сондай адам. Ал енді осындай қос өнер иесі атбегілік пен құсбегілікті қатар меңгерген Қара Түке өз баласы Райым­бекке нендей игі-ықпал жасады, нені үйретті дейсіз ғой. Алдымен әкесі нағашы атасы Райымбекке бәсіре етіп берген көк құнанына мінгізіп, әртүрлі жаттығулар жасатып үйретеді. Әсіресе ат баптау әдісіне, оның қыр-сырын жете түсінуге, қысы-жазы бірдей жылқы баққызады. Құрық ұстап шалма салу, айсыз түнде, боранды күнде жылқы соңында жалғыз қалдырып, төзімділікке, қайсарлыққа және жаужүрек батыр болуға баулып өсіреді. Сонымен қоса аштық пен тоқтықты, барлық пен жоқтықты ажырата білуге үйреткен болатын. Мал соңында жүрсе де жаратылысы бөлек Райымбек бала күнінен сезімтал, сергек, пысық болып өседі. Сондықтан шығар Қабай жыраудың сұрағына ақылды, алғыр бала былай деп ұтымды да, ұтқыр жауап береді: – Нешедесің? Кімнің сен тұқымысың, құлыным? – Қангелдіден тараған бір тұғырдың ұлымын. Мал соңына сап қойды, ұстатты да құрығын, Жылқы жады әкеме жақпай қалып қылығым. Жылым барыс, міне асып барам он үштен Қатын алып берем деп, әке-шешем келіскен… Әлмерек бидің «Сасық көкекше өз есіміңді өзің ұрандап, түлей әкең Түкеден алған өнегең бе» деп Райымбектің басына қамшы үйіруі, турасын айтсақ, түлейліктен емес, өжеттіліктің, тектіліктің, қайсарлықтың белгісі ретінде қатып қалған биліктің сеңін бұзудың басы еді. Әлмерек би айтты деп Түкені түлей етіп, тау басында ербиген жалғыз бұтадай етіп көрсетуі әділдікке жата қоймас. Қабай би айтса, болайын деп келе жатқан кемел жас­ты тіл-көзден жасқап, шулаған жұрт көңілін басқа жаққа аудару деп түсінген орынды болар. Өйткені Райымбектің жоңғарларға қарсы қол жинап, сең жүріп жатқан асау өзен Іледен сарбаздарын әдіс-айламен аман өткізіп алғанына риза болған Әлмерек би алғысын айтып, батасын берді емес пе?! ­«Ботам жалғыз деп тұзға үйретпе, балам жалғыз деп асқа үйретпе» дегендей, Түке баласы Райымбекті әр іске бейім етіп, жақсы азамат болып қалыптасуына барынша жағдай жасаған, келешегінен зор үміт күткен қайырымды да, қатал әке қайтпас қаһармандыққа, баҺадүр батырлыққа баулып, тәрбиелеп өсіргені айдай анық. Райымбек өмірін бір кісідей зерде­­леп зерттеген М.Мақатаевтың есептеуінше «Түке өлген» он сегізде Райымбек» деген­ге қарағанда, оның қырықтың қыр­қасына жетпей дүние салғанын аңғаруға болады. Сонда, біздің пайымдауымызша 1681-1716 жылдар шамасында өмір сүрген деп тұжырымдауға болатындай. Мінеки, Райымбектің әкесі Түке жайында бар білетінімізді оқырман назарына ұсынып отырмыз. Тұрсынжан ӘЛДИБЕКҰЛЫ «Ана тілі»

Түке ұзын бойлы, қапсағай денелі, өң-түсі қара торы әрі қатқан қайыстай шымыр болғандықтан замандастары «Қара Түке» деп атаған екен. Сөзге тұйық, іске шебер, ойлағанын орындамай қоймайтын бір беткей, алдын-артын бағамдай білетін, шаруа жайын жете меңгерген малсақ, атбегі адам. Түке мыңдаған жұмыр тұяқтының ішінен тұлпары мен тұғырын бітім тұлғасынан танып, айнытпай тауып баптай білген. Атбегілінің арқасында жатаған келген жалдас күрең аттың аламан бәйгеде топ жарып бірінші келуі – Түкенің ат баптаудың шебері екенін көрсетіп тұр. Мұны ақиық ақынымыз М.Мақатаев тілімен айтсақ:
…Жатаған келген
Түкенің жолдас күреңі,
Дүйім ел білген дүлдүлдің нағыз бірі еді.
Кешегі аста бәйгеге қосып жүйрігің
Келерін біліп, қауіпсіз бейқам тұр еді.
Қу даладағы құйын ба дерсің, ойнаған
Қыран ба дерсің, қылт еткен
құсты қоймаған.
Өз атын өзі ұрандап бала келеді,
Қамшы сабына жейдесін
ту ғып байлаған.
Түке атбегілігімен қоса қолға құс үйретіп, баптай біліп аңшылық пен саятшылықтың қыр-сырын жақсы меңгерген. «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге түссем Жалайыр Шора алады» деген әйгілі құсбегіден бата алғанға ұқсайды. Құстың тұлғасына, қанат қағысына, ұшатын бағыт-бағдарына қарап, қай таудың құсы, қайда барып түнейді, қай маңға жұмыртқа салады соған дейін аңғаратын көріпкелділігі болған. Немесе торға түскен құстың дене-мүшесіне, бас, тұмсық көз бітіміне, қауырсын жүніне, жіліншігі мен шеңгеліне қарап сынап бағамдап отырады екен. Соған қарап шын қыран ба, әлде қыран емес пе, қай өлкенің құсы екенін дөп басып ажырата алатын өнері бар. Қолға түсіргенін үйретіп, баптап түлете білген. Кемеліне келтіріп аңға салатын, құстың көңіл-күйіне қарап ауырса, жарақаттанса дауалап жаза білген, өте бапкер құсбегі адам осы Түке болатын. Бізге жеткен ауызекі аңыз әңгіме деректерінде тұз тағылары бүркіт, қаршыға, ителгі, қырғи, тұйғын тәрізді құстарды қолда бағып, көп ұстаған, оны өмір бойы қызықтаған деседі.
Жылқының тұлпары мен құстың қыранын таңдап ұстап, бабына және зарына келтіріп баптай білу – кім болса соның қолынан келе бермейтін киелі өнер. Осынау қиындығы мен хикаясы мол іс ердің ері, білімгері, қайыспас қайсарлы кісінің қолынан ғана келеді. Мінеки, Түке сондай адам.
Ал енді осындай қос өнер иесі атбегілік пен құсбегілікті қатар меңгерген Қара Түке өз баласы Райым­бекке нендей игі-ықпал жасады, нені үйретті дейсіз ғой. Алдымен әкесі нағашы атасы Райымбекке бәсіре етіп берген көк құнанына мінгізіп, әртүрлі жаттығулар жасатып үйретеді. Әсіресе ат баптау әдісіне, оның қыр-сырын жете түсінуге, қысы-жазы бірдей жылқы баққызады. Құрық ұстап шалма салу, айсыз түнде, боранды күнде жылқы соңында жалғыз қалдырып, төзімділікке, қайсарлыққа және жаужүрек батыр болуға баулып өсіреді. Сонымен қоса аштық пен тоқтықты, барлық пен жоқтықты ажырата білуге үйреткен болатын. Мал соңында жүрсе де жаратылысы бөлек Райымбек бала күнінен сезімтал, сергек, пысық болып өседі. Сондықтан шығар Қабай жыраудың сұрағына ақылды, алғыр бала былай деп ұтымды да, ұтқыр жауап береді:
– Нешедесің?
Кімнің сен тұқымысың, құлыным?
– Қангелдіден тараған бір тұғырдың
ұлымын.
Мал соңына сап қойды, ұстатты да
құрығын,
Жылқы жады әкеме жақпай қалып
қылығым.
Жылым барыс, міне асып барам он үштен
Қатын алып берем деп,
әке-шешем келіскен…
Әлмерек бидің «Сасық көкекше өз есіміңді өзің ұрандап, түлей әкең Түкеден алған өнегең бе» деп Райымбектің басына қамшы үйіруі, турасын айтсақ, түлейліктен емес, өжеттіліктің, тектіліктің, қайсарлықтың белгісі ретінде қатып қалған биліктің сеңін бұзудың басы еді. Әлмерек би айтты деп Түкені түлей етіп, тау басында ербиген жалғыз бұтадай етіп көрсетуі әділдікке жата қоймас. Қабай би айтса, болайын деп келе жатқан кемел жас­ты тіл-көзден жасқап, шулаған жұрт көңілін басқа жаққа аудару деп түсінген орынды болар. Өйткені Райымбектің жоңғарларға қарсы қол жинап, сең жүріп жатқан асау өзен Іледен сарбаздарын әдіс-айламен аман өткізіп алғанына риза болған Әлмерек би алғысын айтып, батасын берді емес пе?!
­«Ботам жалғыз деп тұзға үйретпе, балам жалғыз деп асқа үйретпе» дегендей, Түке баласы Райымбекті әр іске бейім етіп, жақсы азамат болып қалыптасуына барынша жағдай жасаған, келешегінен зор үміт күткен қайырымды да, қатал әке қайтпас қаһармандыққа, баҺадүр батырлыққа баулып, тәрбиелеп өсіргені айдай анық.
Райымбек өмірін бір кісідей зерде­­леп зерттеген М.Мақатаевтың есептеуінше «Түке өлген» он сегізде Райымбек» деген­ге қарағанда, оның қырықтың қыр­қасына жетпей дүние салғанын аңғаруға болады. Сонда, біздің пайымдауымызша 1681-1716 жылдар шамасында өмір сүрген деп тұжырымдауға болатындай. Мінеки, Райымбектің әкесі Түке жайында бар білетінімізді оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Тұрсынжан ӘЛДИБЕКҰЛЫ

«Ана тілі»

Бөлісу: