Бүгінде дүниеден озғандары бар, арамызда жүргендері бар – жастары 80-90-дардан асқан кейбір танымал тұлғалардың өмір жолдары халқымыздың соңғы жүз жыл барысындағы тұтас тарих беттерінің әр жерге үзіліп түскен парақтары сияқты. Сондай үзіктердің бірі – белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғұбайдолла Айдаровтың өмірі мен еңбек жолы.
Өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы кеңестік, коммунистік, империялық саясаттың қазақ сияқты халықтардың тұрмыс-тіршілігі мен рухани-мәдени өміріне жасаған қыспақ қарекеттеріне төзе алмаған, төзгісі келмеген бірсыпыра ауылдарын көрші жат жұрттарға ауа көшуіне мәжбүр етті.
1921 жылдың жазында Маңғыстау өңірінің Кәтемшайыр деген елді мекенінде дүниеге келген Ғұбайдолланың әкесі Айдар да 1920 жылдардың соңында Кеңес өкіметінің құрығынан әзірше алыстау көрші жұрттарды паналауды көздеп, азғана ауыл болып Түрікменстанның Шағадам деген жеріндегі Красноводск маңына табан тірейді.
Ғұбекең ата-баба топырағында туғанымен, шет жұрттың суын ішіп ер жетеді. Жаңа мекенде жұмысшы болып, отбасын асырап жүрген әкесі көп ұзамай қайтыс болады, аз уақыттан кейін анасы да дүние салады. «Кедейді кезеңде тосып, ойпаңда тонайды» дегендей, тағдыр шіркін Ғұбайдолла баланы ағайын-туыстан жырақ жерде тұлдырсыз тас жетімге айналдырады. Дегенмен татар дәмі таусылмаған жетім бала өзі сияқты сол кезде қаңғырып қалған топ-топ баламен бірге «детдом» деп аталатын балалар үйіне қабылданады. Сонда жүріп мектепте оқиды (бірақ қай тілде оқыды екен – кезінде сұрамаппыз).
1934 жылы 13 жасында Ташауыздағы «педтехникум» деп аталатын педагогикалық училищенің дайындық курсына түсіп, төрт жылдан кейін бітіріп, «дыңдай мұғалім» болып, бала оқытып, азамат болып келе жатқанда, 1940 жылдың ақпанында 20 жасқа келер-келместен әскер қатарына шақырылады. Әскери борышын аяқтамай, Ұлы Отан соғысы басталып, буыны қатпаған жас жігіт Отан қорғаған жауынгердің бірі болып, қан майданның азабын да шегеді, бірнеше рет жараланады, ақыры сол жарақаттардың бірінде ауыр контузияға тап болып, әскерден босатылып, елге қайтады. Ал оның ел дейтін туған-туыс ортасы жоқ еді, әке-шешесі бұрын өлген, жалғыз інісі соғыста қаза тапқан. Ел деп келген Красноводскіде не ет жақындары, не қолдап-қоштап жүретін көзкөрген жолдастары жоқ болатын. Бірақ өмір сүру керек.
Сірә, адам баласына тағдыры «сыйлаған» ауыр жүк жас адамның бойына күш-қуат жинаттырып, өмірге деген талпыныс қасиетін де сыйлайтын болуы керек. Осындай еті тірі Ғұбекең мұғалімдер даярлайтын екі айлық курстың директоры болып жұмысқа кіріседі (соғыс кезінде ондай да «оқу орындары» болған, оған куәгерлердің бірі – осы жолдардың авторы біз де 17-18 жасымызда екі айлық педкурстардың білдей оқытушысы болып 9-10 сыныптардан келген құрдастарымызды, не бір-екі жас үлкен «апайларымызды» оқытқанбыз.
Рабиға Сыздық
«Ана тілі»