ҚОЛӨНЕР ҚАЗЫНАСЫ

16 Қазан 2013, 04:49

Қазақтың қолөнер қазынасының көзі боларлық бірден бір сала -  кілем тоқу саласы. Шын мәнінде бұл сала тұрмысқа сән-салтанат берумен қатар мақтан тұтар ою-өрнегіміздің алтын қоры іспетті. Кілем тарихын арыдан қозғайтын болсақ,  түркі кілемінің алғашқы нұсқасы – «Пазырық кілемі». Бұл кілем біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын тоқылған. Кілемнің 3600 түйіні бар. Ені мен ұзындығы — 1,90х2 метр. Кілемде «төрт жапырақты гүл», «айқасқан гүл», «ғұн гүлі», «небен гүлі» деген өрнектер бейнеленген. Түркі халықтар үшін өрнексіз заманның мәні жоқ. Біздің көркемдік талғамымызды қалыптастыруда ою-өрнектің алар орны айрықша. Жалпы түркілер ою-өрнекке ерекше мән берген. Тіпті ағайын елдер бір-бірін бас киімдегі ою-өрнектерге қарап кімнің қазақ, кімнің өзбек, ұйғыр, татар, тәжік, қырғыз екенін жазбай таныған.          Кілемдегі сан қилы сәнді өрнектерге қарап отырып халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бізге дейінгі өмір сүрген халықтардың тұрмысы, философиясы, қиялы бәрі кілем бетіне өрнек болып түскенін аңғарасыз.          Кілем өрнектері әр түрлі әлеуметтік кезеңді сөйлетеді. Ұлттық рең беретін негізгі элемент ою-өрнек екені айтпаса да белгілі. Сондықтан да әр халық, ұлт кілем ою-өрнегіне өзіне тән із салып, рухани байлығын осы өрнекке төгіп, жеке өнер саласы деңгейіне жеткізген. Кілемді тұрмыста қатардағы зат санатынан даралап көрсететін ерекшелігі де өрнек иірімдері мен оның сапасы екендігі даусыз. Өнертанушы ғалым В.Чепелелев: «Қазақтар — тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді иірімдері ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрін бейнелеп отырған. Бүгінде біз кілемнің түкті және тақыр кілем деген екі-ақ түрі бар деп білеміз. Сонау бағзы замандарда қазақ арасында кілемнің намаз кілем, жол кілем, нар кілем, қоржын кілем, мақта кілем, тықыр кілем, масаты кілем, жолақ кілем, түкті кілем, жібек кілем, алаша кілем, төр кілем, төсек кілем, тұс кілем секілді түрлері болғанын көпшілік қауым біле бермейді. Әрқайсының атауына сәйкес атқаратын қызметтері болған.          Түкті кілем тоқу өнері тікелей Сыр бойы шеберлері сыбағасына еншілей тиген. Мұның өзіндік себебі бар. Әлемдегі тоқыма өнерінің отаны Парсы кілемі таралу кезінде түрікпен, Кавказ асып, өзбек өтіп, Қарақалпақ пен қазақ жеріне енген тұсы осы Сыр өңірі деседі мамандар. Сыртта, таза ауада, далада тоқылатындықтан, осы оңтүстіктің жылы ауасы, шуақты күні бұл кәсіпке едәуір жағдай туғызған деп есептейді.          Түкті кілемнің өзі оның өрнек, гүл құрылымдарына орай бірнеше түрге бөлінеді: қыпшақ кілем, хан кілем, самаурынгүл кілем, кілтгүл кілем, құрангүл кілем, тұяқгүл кілем, шатыргүл кілем, шешенгүл кілем, сыр кілемі, жұлқыш кілем, бұқар кілем деп жалғасып кете береді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында елуінші жылдары «шатыргүл» кілем өрнегі пайда болып, сәнге айнала бастаған. Үлкен кілем ортасына жарасымды түскен көрнекі гүл қолшатырға ұқсас болғандықтан осылай аталған. Шиелі өңірінің шеберлері «шешенгүл» атап кеткен осы өнер үлгісі қырқыншы жылдары жер ауып келген кавказдықтардың кілем өрнегінде бұрыннан бар дәстүр екен. Жергілікті шеберлер сондықтан оған «шатыргүл» деп ат қойған.          Ал түксіз кілем түрлеріне тоқталатын болсақ, арабы кілем, шегірен кілем, тақыр кілем, бескесте кілем, басқұр кілем, бөстен кілем, бөртпе кілем, қабырға кілем, төсек кілем, қыпшақ кілем, түскілем, шаршы кілем, түйежүн кілем. Тізім мұнымен шектелмейді. Әр өңір, әр аймақтарда ерекшеліктеріне қарай кілемнің ондаған түрлері қалыптасқан. Соның бірді-екісіне қысқаша тоқтала кетсек.

Қазақтың қолөнер қазынасының көзі боларлық бірден бір сала -  кілем тоқу саласы. Шын мәнінде бұл сала тұрмысқа сән-салтанат берумен қатар мақтан тұтар ою-өрнегіміздің алтын қоры іспетті. Кілем тарихын арыдан қозғайтын болсақ,  түркі кілемінің алғашқы нұсқасы – «Пазырық кілемі». Бұл кілем біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын тоқылған. Кілемнің 3600 түйіні бар. Ені мен ұзындығы — 1,90х2 метр. Кілемде «төрт жапырақты гүл», «айқасқан гүл», «ғұн гүлі», «небен гүлі» деген өрнектер бейнеленген. Түркі халықтар үшін өрнексіз заманның мәні жоқ. Біздің көркемдік талғамымызды қалыптастыруда ою-өрнектің алар орны айрықша. Жалпы түркілер ою-өрнекке ерекше мән берген. Тіпті ағайын елдер бір-бірін бас киімдегі ою-өрнектерге қарап кімнің қазақ, кімнің өзбек, ұйғыр, татар, тәжік, қырғыз екенін жазбай таныған.

         Кілемдегі сан қилы сәнді өрнектерге қарап отырып халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бізге дейінгі өмір сүрген халықтардың тұрмысы, философиясы, қиялы бәрі кілем бетіне өрнек болып түскенін аңғарасыз.

         Кілем өрнектері әр түрлі әлеуметтік кезеңді сөйлетеді. Ұлттық рең беретін негізгі элемент ою-өрнек екені айтпаса да белгілі. Сондықтан да әр халық, ұлт кілем ою-өрнегіне өзіне тән із салып, рухани байлығын осы өрнекке төгіп, жеке өнер саласы деңгейіне жеткізген. Кілемді тұрмыста қатардағы зат санатынан даралап көрсететін ерекшелігі де өрнек иірімдері мен оның сапасы екендігі даусыз. Өнертанушы ғалым В.Чепелелев: «Қазақтар — тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді иірімдері ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрін бейнелеп отырған.

Бүгінде біз кілемнің түкті және тақыр кілем деген екі-ақ түрі бар деп білеміз. Сонау бағзы замандарда қазақ арасында кілемнің намаз кілем, жол кілем, нар кілем, қоржын кілем, мақта кілем, тықыр кілем, масаты кілем, жолақ кілем, түкті кілем, жібек кілем, алаша кілем, төр кілем, төсек кілем, тұс кілем секілді түрлері болғанын көпшілік қауым біле бермейді. Әрқайсының атауына сәйкес атқаратын қызметтері болған.

         Түкті кілем тоқу өнері тікелей Сыр бойы шеберлері сыбағасына еншілей тиген. Мұның өзіндік себебі бар. Әлемдегі тоқыма өнерінің отаны Парсы кілемі таралу кезінде түрікпен, Кавказ асып, өзбек өтіп, Қарақалпақ пен қазақ жеріне енген тұсы осы Сыр өңірі деседі мамандар. Сыртта, таза ауада, далада тоқылатындықтан, осы оңтүстіктің жылы ауасы, шуақты күні бұл кәсіпке едәуір жағдай туғызған деп есептейді.

         Түкті кілемнің өзі оның өрнек, гүл құрылымдарына орай бірнеше түрге бөлінеді: қыпшақ кілем, хан кілем, самаурынгүл кілем, кілтгүл кілем, құрангүл кілем, тұяқгүл кілем, шатыргүл кілем, шешенгүл кілем, сыр кілемі, жұлқыш кілем, бұқар кілем деп жалғасып кете береді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында елуінші жылдары «шатыргүл» кілем өрнегі пайда болып, сәнге айнала бастаған. Үлкен кілем ортасына жарасымды түскен көрнекі гүл қолшатырға ұқсас болғандықтан осылай аталған. Шиелі өңірінің шеберлері «шешенгүл» атап кеткен осы өнер үлгісі қырқыншы жылдары жер ауып келген кавказдықтардың кілем өрнегінде бұрыннан бар дәстүр екен. Жергілікті шеберлер сондықтан оған «шатыргүл» деп ат қойған.

         Ал түксіз кілем түрлеріне тоқталатын болсақ, арабы кілем, шегірен кілем, тақыр кілем, бескесте кілем, басқұр кілем, бөстен кілем, бөртпе кілем, қабырға кілем, төсек кілем, қыпшақ кілем, түскілем, шаршы кілем, түйежүн кілем. Тізім мұнымен шектелмейді. Әр өңір, әр аймақтарда ерекшеліктеріне қарай кілемнің ондаған түрлері қалыптасқан. Соның бірді-екісіне қысқаша тоқтала кетсек.

Бөлісу: