«Медиация» сөзінің мәніне үңілсек…

16 Қазан 2013, 04:21

Қазіргі таңда халықтың аузынан, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен «Медиация» сөзі түспейді. Алайда, «Медиация» сөзінің мағынасын қарапайым халық толықтай түсіне бермейді. Себебі, бұл ұғым біздің қоғамға енді ғана еніп жатыр. Осы сөздің мән-мағынасын толығырақ түсіндіріп өткім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Медиация – өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі. Медиациялық тәртіптің мақсаты – тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды түлғалар болуы мүмкін. Медиатор медиация тарабы болып табылмайды. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа кұқықтық қаты­нас­тардан туындайтын дауларда, жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер бойынша қылмыстық ісі барысында қарастырылатын дауларда қолданылады. Медиатор басшылыққа алатын негіз бола­тын 5 қағидамен ерекшеленеді – еріктілік, тараптардың тең құқы­лығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсі­­міне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық. Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау; мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі керек емес; Жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан, 2011 жылғы 3 шілдедегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес келетін медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқыған тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ол кәсіби медиаторлардың реестрінде тіркелуі тиіс. Жасы қы­рыққа жеткен және кәсіби емес медиаторлар реестрінде тіркелген тұлға кәсіби емес медиатор бола алады. Қазір Қазақстанда 78 медиатор қызмет атқарады, олардың барлығы –арнайы сертификат алғандар және медиаторлардың тізілімдік реестрлерінде тұрғандар. Азаматтық немесе қылмыстық үдеріс шегінен тыс жүзеге асырылатын ме­диация, келісім жасағаннан бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Қажет болса, тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін, алайда бұл мерзім жиынтықта алпыс күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Ерекше жағдайларда шешілетін даудың қиындылығына байланысты қосымша ақпарат пен құжаттар қажет болған жағдайда медиацияны өткізу мерзімі тараптардың және медиатордың келісуімен отыз күнтізбелік күннен асырмай ұзартылуы мүмкін. Медиацияны қолдануға байланыс­ты бір мысал келтіретін болсақ, некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін. Шынар АЙНАБЕКОВА «Ана тілі»

Қазіргі таңда халықтың аузынан, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінен «Медиация» сөзі түспейді. Алайда, «Медиация» сөзінің мағынасын қарапайым халық толықтай түсіне бермейді. Себебі, бұл ұғым біздің қоғамға енді ғана еніп жатыр. Осы сөздің мән-мағынасын толығырақ түсіндіріп өткім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Медиация – өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі.

Медиациялық тәртіптің мақсаты – тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды түлғалар болуы мүмкін. Медиатор медиация тарабы болып табылмайды. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа кұқықтық қаты­нас­тардан туындайтын дауларда, жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер бойынша қылмыстық ісі барысында қарастырылатын дауларда қолданылады. Медиатор басшылыққа алатын негіз бола­тын 5 қағидамен ерекшеленеді – еріктілік, тараптардың тең құқы­лығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсі­­міне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық.
Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау; мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі керек емес;
Жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан, 2011 жылғы 3 шілдедегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес келетін медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқыған тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ол кәсіби медиаторлардың реестрінде тіркелуі тиіс. Жасы қы­рыққа жеткен және кәсіби емес медиаторлар реестрінде тіркелген тұлға кәсіби емес медиатор бола алады.
Қазір Қазақстанда 78 медиатор қызмет атқарады, олардың барлығы –арнайы сертификат алғандар және медиаторлардың тізілімдік реестрлерінде тұрғандар.
Азаматтық немесе қылмыстық үдеріс шегінен тыс жүзеге асырылатын ме­диация, келісім жасағаннан бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Қажет болса, тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін, алайда бұл мерзім жиынтықта алпыс күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Ерекше жағдайларда шешілетін даудың қиындылығына байланысты қосымша ақпарат пен құжаттар қажет болған жағдайда медиацияны өткізу мерзімі тараптардың және медиатордың келісуімен отыз күнтізбелік күннен асырмай ұзартылуы мүмкін.
Медиацияны қолдануға байланыс­ты бір мысал келтіретін болсақ, некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі мүмкін.

Шынар АЙНАБЕКОВА

«Ана тілі»

Бөлісу: