Бұлбұл әншінің басынан кешкендері

16 Қазан 2013, 03:41

КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі скрипкада ойнаса, ал анасы ән салғанды жақсы көрген екен. Алайда 1937 жылы Қатон-Қара­ғайда әкесі қудалауға ұшырап, ақыр аяғында із-түзсіз жоғалып кетеді. Отбасындағы ауыртпалық 7 жасар Бибігүлді ерте есейтеді. Тірегінен айырылған әулетті аман-сақтап қалу қаршадай қыз­дың иығына түседі. Кешкі мек­тепте білім ала жүріп, еңбекке ара­ла­сады. Күнкөріс қамымен ет ком­бинатында жұмысқа тұрады. Қолы қалт еткенде, көркемөнер үйірмесіне қатысып, ән салады. Сөйтіп жүргенде, өрімдей қыздың бойындағы тылсым талантты танымал кеңес жазушысы Галина Серебрякова тап басып, таниды. Өнерлі қызға сая болып, қамқор­лығына алады. Музыкалық са­уатын ашады. Кейін Алматы кон­серваториясының вокалдық-хор факультетіне оқуға жібереді. Ән­шінің одан кейінгі өмірі тыңдар­ман­дарының көз алдында десек, қателеспейміз. Сахна саңлағы өткенге көз жібере отырып, бү­гінгі шыққан биігіне, Құдайға шүкіршілік етеді. «Құрмет тақтасы» жобасына берген сұхбатында Бибігүл Тө­легенова өмір жолындағы ұмы­тылмайтын қасіретті сәттерді де еске алады. 13 жасында кішкен­тай сіңлісін өз қолымен жер қой­нына тапсырғаны әлі күнге есінен кет­пейтініне қынжылыс білді­реді. «...Көршіміз екеуіміз зират ба­сына бардық, мен 7 жасар сің­лімді көмуім керек болды. Көршім қазады, одан кейін шұңқырға түседі де «басым көріне ме?» деп сұрайды. Біз тіпті өлген адамды жерлегелі жатқанымызды жете түсінбедік. Одан соң шөптерді жинадым да сіңлімнің үстіне сеуіп тастадым» деп күрсінеді әнші. Өнер иесі жеке өміріндегі сәтсіздіктер жайлы да жасыр­майды. Үш рет тұрмысқа шығып, дәм-тұз жарастыра алмағанын ашық айтқан. «Менің өмірімде маған кө­мектесетін ер адамдар кездес­пе­ді. Маған «Халық артисіне үйлен­сем, демек, бәрі жақсы болады. Ешбір қиындық көрмеймін» деген ер-азаматтар жолықты. Сәл қиын­дыққа тап болса, артқа шегінетін еді. Өкінішке қарай, менің жа­нымнан осындай адамдар та­былды» дейді. 5 жыл бұрын аяулы қызы Мә­риямгүлдің өмірден өткені де 83 жастағы танымал тұлғаға оңай тимеген. «Аса шыдамды болу керек, үлкен қуаныштарды аса эмоцио­налды түрде қабылдауға, ауыр сәт­терде өзіңді қатты жегідей жеуге де болмайды. Барлығына парасатпен қарап, үлкен төзімді­лік таныту керек» дейді өнер иесі. Александр Замыслов «Бибігүл Ахметқызымен жұмыс істеу аса қиындық тудырған жоқ. Ол кісі өте сабырлы, парасатты жан екен. Әңгіме барысында көптеген құн­ды деректердің беті ашылды. Орамды ойларымен бөлісті. Тү­сірілім жұмыстары кезінде еш­қан­дай кедергілер болған жоқ. Ха­лық артисі, мүмкіндігінше, бізге жағдай жасауға тырысты. Біз­дің талап-тілектеріміздің бәрін жерге қалдырмай, орындады. Ақжар­қын мінезімен, әдемі күлкісі­мен тәнті етті» дейді. «Айқын»

КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі скрипкада ойнаса, ал анасы ән салғанды жақсы көрген екен. Алайда 1937 жылы Қатон-Қара­ғайда әкесі қудалауға ұшырап, ақыр аяғында із-түзсіз жоғалып кетеді. Отбасындағы ауыртпалық 7 жасар Бибігүлді ерте есейтеді. Тірегінен айырылған әулетті аман-сақтап қалу қаршадай қыз­дың иығына түседі. Кешкі мек­тепте білім ала жүріп, еңбекке ара­ла­сады. Күнкөріс қамымен ет ком­бинатында жұмысқа тұрады. Қолы қалт еткенде, көркемөнер үйірмесіне қатысып, ән салады. Сөйтіп жүргенде, өрімдей қыздың бойындағы тылсым талантты танымал кеңес жазушысы Галина Серебрякова тап басып, таниды. Өнерлі қызға сая болып, қамқор­лығына алады. Музыкалық са­уатын ашады. Кейін Алматы кон­серваториясының вокалдық-хор факультетіне оқуға жібереді. Ән­шінің одан кейінгі өмірі тыңдар­ман­дарының көз алдында десек, қателеспейміз. Сахна саңлағы өткенге көз жібере отырып, бү­гінгі шыққан биігіне, Құдайға шүкіршілік етеді.

«Құрмет тақтасы» жобасына берген сұхбатында Бибігүл Тө­легенова өмір жолындағы ұмы­тылмайтын қасіретті сәттерді де еске алады. 13 жасында кішкен­тай сіңлісін өз қолымен жер қой­нына тапсырғаны әлі күнге есінен кет­пейтініне қынжылыс білді­реді. «...Көршіміз екеуіміз зират ба­сына бардық, мен 7 жасар сің­лімді көмуім керек болды. Көршім қазады, одан кейін шұңқырға түседі де «басым көріне ме?» деп сұрайды. Біз тіпті өлген адамды жерлегелі жатқанымызды жете түсінбедік. Одан соң шөптерді жинадым да сіңлімнің үстіне сеуіп тастадым» деп күрсінеді әнші. Өнер иесі жеке өміріндегі сәтсіздіктер жайлы да жасыр­майды. Үш рет тұрмысқа шығып, дәм-тұз жарастыра алмағанын ашық айтқан. «Менің өмірімде маған кө­мектесетін ер адамдар кездес­пе­ді. Маған «Халық артисіне үйлен­сем, демек, бәрі жақсы болады. Ешбір қиындық көрмеймін» деген ер-азаматтар жолықты. Сәл қиын­дыққа тап болса, артқа шегінетін еді. Өкінішке қарай, менің жа­нымнан осындай адамдар та­былды» дейді.

5 жыл бұрын аяулы қызы Мә­риямгүлдің өмірден өткені де 83 жастағы танымал тұлғаға оңай тимеген. «Аса шыдамды болу керек, үлкен қуаныштарды аса эмоцио­налды түрде қабылдауға, ауыр сәт­терде өзіңді қатты жегідей жеуге де болмайды. Барлығына парасатпен қарап, үлкен төзімді­лік таныту керек» дейді өнер иесі. Александр Замыслов «Бибігүл Ахметқызымен жұмыс істеу аса қиындық тудырған жоқ. Ол кісі өте сабырлы, парасатты жан екен. Әңгіме барысында көптеген құн­ды деректердің беті ашылды. Орамды ойларымен бөлісті. Тү­сірілім жұмыстары кезінде еш­қан­дай кедергілер болған жоқ. Ха­лық артисі, мүмкіндігінше, бізге жағдай жасауға тырысты. Біз­дің талап-тілектеріміздің бәрін жерге қалдырмай, орындады. Ақжар­қын мінезімен, әдемі күлкісі­мен тәнті етті» дейді.

«Айқын»

Бөлісу: