Елбасының Түркияға сапарының маңыздылығы

16 Қазан 2013, 03:14

Осы орайда үстіміздегі жылдың 10-12 қазанында ұйымдастырылатын Қа-зақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапарының маңызы зор. Бұл сапар бауырлас екі ел арасын-дағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығы шеңберінде ұйымдастыр-ылатын жоғарғы деңгейлі сапарлар-дың қорытындылаушысы болады. Сапардың басты өзегі 20 жылдық ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегін саралауға, ынтымақтастыққа жаңа сындарлы серпін беруге, тиімді экономикалық қатынастар-ды жандандыруға бағытталады. Елбасының сапары барысында Стра-тегиялық әріптестік шартын жүзеге асырудың негізгі тетігі болып саналатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында-ғы жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өткізілмек. Бұл өз кезегінде тараптардың екіжақты және көпжақты форматтағы ынты-мақтастығының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды шара. Яғни бұл ел басшыларының қатысуымен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері толық талқыланады және тиісті шаралар қабылданады деген сөз. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда көлемін 10 млрд. АҚШ долларына, ал инвестициялар көлемін жыл сайын 500 млн. долларға ұлғайту және өзара іс-қимылдың экономикалық құраушы-сын одан әрі кеңейту маңызды. Қазақстанның оң имиджіне ықпал ететін шара ретінде Елбасымыздың аталған сапары барысында Стамбұл-да Қазақстанның өнеркәсіптік-индустриалды саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін көрме ашу жоспарлануда. Бұл көрмеге еліміздің жетекші кәсіпорындары қа-тысады және түрік жұртшылығына Қазақстанның экономикалық жетістіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанға ірі түрік бизнесін тартуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар 20 жыл ішіндегі ынтымақтастыққа іскер адамдары-ның қосқан және қосатын үлес-терін талқылауға мүмкіндік беретін құрылыс саласы мен құрылыс материалдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, орман шаруашылығы, тоқыма және дайын киім өндірісі, кеме жасау, мұнай химиясы салаларында жұмыс істейтін екі елдің 300-ден астам компаниясының қатысуымен бизнес-форум өтті. Бизнес-форум барысында қазақ-түрік фирмалары арасында жалпы көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларына жететін келісімдерге қол қойылды. Бұл да экономикалық саланың дамуына, екіжақты инвестицияға үл-кен әсер етері сөзсіз. Саяси және экономикалық қатынастармен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы ынты-мақтастыққа да аса назар аударылады. Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақ-тастық жоғары қарқындылығымен сипатталғанымен, Түркияда көптен бері Қазақстан мәдениет күндері өткізілмеді. Сондықтан бұл іс-шараны да Елбасы сапарының қарсаңында Стамбұл қаласында өткізуді жөн көрдік. Оның аясында «Алтын адам» экспозициясы, қазақ фильмінің классикасы саналатын «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» секілді фильмдер түрік тіліне дубляж жасалып, көрермендер-дің назарына ұсынылды, сондай-ақ Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылды. Елбасы сапары қарсаңындағы айтулы шаралар есебінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы туындыларының түрік тілінде шығарылған тұңғыш бес томдығының, түрік тіліндегі «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсау-кесерлерін атап өтер едік. Аталған шаралар түрік жұртшы-лығына Қазақстан Президентінің қазіргі заманғы өңірлік және әлемдік үдерістердің мәнін түсіндірудегі үлесін насихаттауға, оны әлемдік деңгейдегі саясатшы, түркі әлемінің көшбасшысы ретінде терең тануға мүмкіндік береді. Яғни екі ел байланыстарының 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту мақсатында барлық мүмкіндігімізбен жігерлі жұмыстар жасалуда. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары қазақстан-түрік қатынастарын жаңа сапалы деңгейге көтеруге және Қазақстанның өңірдегі саяси және экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілеуіне ықпал етуге бағышталған. Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты барлық салада нығайту үшін тамаша әлеует бар. Екі елдің де қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты жетілдіру және әрта-раптандыру үшін қажетті саяси ерікке ие болуы қуантарлық жайт. Осы бағытта түрік бауырларымызбен бірге бірлесіп, ынтымақтастығымызды бұдан да жарқын келешекке жетелейтінімізге сенімдіміз. ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ «Қазақстан заман»

Осы орайда үстіміздегі жылдың 10-12 қазанында ұйымдастырылатын Қа-зақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапарының маңызы зор. Бұл сапар бауырлас екі ел арасын-дағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығы шеңберінде ұйымдастыр-ылатын жоғарғы деңгейлі сапарлар-дың қорытындылаушысы болады. Сапардың басты өзегі 20 жылдық ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегін саралауға, ынтымақтастыққа жаңа сындарлы серпін беруге, тиімді экономикалық қатынастар-ды жандандыруға бағытталады. Елбасының сапары барысында Стра-тегиялық әріптестік шартын жүзеге асырудың негізгі тетігі болып саналатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында-ғы жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өткізілмек. Бұл өз кезегінде тараптардың екіжақты және көпжақты форматтағы ынты-мақтастығының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды шара. Яғни бұл ел басшыларының қатысуымен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері толық талқыланады және тиісті шаралар қабылданады деген сөз.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда көлемін 10 млрд. АҚШ долларына, ал инвестициялар көлемін жыл сайын 500 млн. долларға ұлғайту және өзара іс-қимылдың экономикалық құраушы-сын одан әрі кеңейту маңызды. Қазақстанның оң имиджіне ықпал ететін шара ретінде Елбасымыздың аталған сапары барысында Стамбұл-да Қазақстанның өнеркәсіптік-индустриалды саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін көрме ашу жоспарлануда. Бұл көрмеге еліміздің жетекші кәсіпорындары қа-тысады және түрік жұртшылығына Қазақстанның экономикалық жетістіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанға ірі түрік бизнесін тартуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Сонымен қатар 20 жыл ішіндегі ынтымақтастыққа іскер адамдары-ның қосқан және қосатын үлес-терін талқылауға мүмкіндік беретін құрылыс саласы мен құрылыс материалдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, орман шаруашылығы, тоқыма және дайын киім өндірісі, кеме жасау, мұнай химиясы салаларында жұмыс істейтін екі елдің 300-ден астам компаниясының қатысуымен бизнес-форум өтті. Бизнес-форум барысында қазақ-түрік фирмалары арасында жалпы көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларына жететін келісімдерге қол қойылды. Бұл да экономикалық саланың дамуына, екіжақты инвестицияға үл-кен әсер етері сөзсіз. Саяси және экономикалық қатынастармен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы ынты-мақтастыққа да аса назар аударылады.

Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақ-тастық жоғары қарқындылығымен сипатталғанымен, Түркияда көптен бері Қазақстан мәдениет күндері өткізілмеді. Сондықтан бұл іс-шараны да Елбасы сапарының қарсаңында Стамбұл қаласында өткізуді жөн көрдік. Оның аясында «Алтын адам» экспозициясы, қазақ фильмінің классикасы саналатын «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» секілді фильмдер түрік тіліне дубляж жасалып, көрермендер-дің назарына ұсынылды, сондай-ақ Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концерті ұйымдастырылды.

Елбасы сапары қарсаңындағы айтулы шаралар есебінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таңдамалы туындыларының түрік тілінде шығарылған тұңғыш бес томдығының, түрік тіліндегі «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсау-кесерлерін атап өтер едік.

Аталған шаралар түрік жұртшы-лығына Қазақстан Президентінің қазіргі заманғы өңірлік және әлемдік үдерістердің мәнін түсіндірудегі үлесін насихаттауға, оны әлемдік деңгейдегі саясатшы, түркі әлемінің көшбасшысы ретінде терең тануға мүмкіндік береді.

Яғни екі ел байланыстарының 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту мақсатында барлық мүмкіндігімізбен жігерлі жұмыстар жасалуда. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары қазақстан-түрік қатынастарын жаңа сапалы деңгейге көтеруге және Қазақстанның өңірдегі саяси және экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілеуіне ықпал етуге бағышталған.

Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты барлық салада нығайту үшін тамаша әлеует бар. Екі елдің де қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты жетілдіру және әрта-раптандыру үшін қажетті саяси ерікке ие болуы қуантарлық жайт. Осы бағытта түрік бауырларымызбен бірге бірлесіп, ынтымақтастығымызды бұдан да жарқын келешекке жетелейтінімізге сенімдіміз.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ

«Қазақстан заман»

Бөлісу: