Динара Жақажбаева бүгiн елордада өткен «Астана аруы - 2013» байқауының жеңiмпазы атанды. Жеңiмпаз Парижге жолдама пен «Қазақстан аруы» байқауында Астана қаласының атынан қатысу мүмкiндiгiн алды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Динара Жақажбаеваның жасы 22-де. Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша осы жылы тәмамдаған.
«Менi қолдап, маған сенiм артқан жандарға үлкен алғыс бiлдiремiн. Байқауға қатысқан әрбiр ару өзiнше ерекше болды. Бұл шара бақталастық пен бәсекелестiктiң жарысы емес, достық пен ауызбiршiлiктiң байқауы. Ал Парижге анаммен бiрге барамын», - дедi байқау жеңiмпазы.
Сұлулық байқауында жалпы саны 15 ару бақ сынасты. Түрлi киiмдердiң сән үлгiсiн көрсетiп, сұлулықтың сынына түскен 15 бойжеткеннiң қатары кезең сайын сирей бердi. Нәтижесiнде, бас жүлденi Динара Жақажбаева жеңiп алса, бiрiншi орынды Руслана Терешеня, екiншi орынды Әйгерім Саматова иелендi.
«Өткен жылы бiз демеушiлердiң қолдауының арқасында байқауды жақсы өткiздiк. Егер 2012 жылы кастингке 50 бойжеткен қатысса, биыл олардың саны 140-қа жеттi. Байқауға қатысушылардың ең кiшiсi 16 жаста, ал үлкені 23 жаста. Олардың барлығы бiр алыптан шыққандай. Бой ұзындықтары, дене пiшiндерi ұқсас», - дедi «Астана аруы - 2013» байқауының бас директоры Фархат Хожин.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында «Әлем аруы - 2012» байқауына қатысқан бойжеткен Евгения Клишина және қазақстандық гимнасшы Анна Алябьева бар.
«Бүгiнгi байқауға қатысқан қыздардың барлығы сұлу, барлығы да жеңiске лайық. Бiрақ, байқауда жеңiмпаз болуы тиiс. Бiз жеңiмпазды таңдау кезiнде сырт келбетке емес, оның iшкi сұлулығына, өзiн-өзi ұстауына көңiл бөлдiк», - дедi қазылар алқасының мүшесi Анна Алябьева.
Ақмарал ШАҒАТАЙ, суреттерді Бауыржан ЖУАСБАЕВ түсіргенa