Қасиетті Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Игілікті істердің иін тіресер мезеті. Үлкен бір сауапты іс жасалғалы отыр. Бүгіннен бастап Түркияда қазақтың батыр қызы - Хиуаз Доспанова атындағы шәкіртақы болады.
Ұлы Отан соғысында үш жүзден астам әуе шайқастарына қатысқан «Халық Қаһарманы» атағын қанжығалаған батырымыз бертінде ғана дүние салған еді. Шәкіртақының қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспанова атында болуының өз себебі бар. Өйткені, оны тағайындап отырған мәрт мінезді жан - Қарлығаш Өмірбаева «Aır Astana» компаниясының осындағы менеджер, өкілі болып қызмет етеді. Көптеген өтініш берушілер арасынан шәкіртақыға Анкарадағы Таяу Шығыс техникалық университетінің студенті Айзада Саринова лайық деп танылды. Бүгінде екінші курста «экономика» мамандығы бойынша білім алып жатқан Айзада оқуда озат, қоғамдық істерде көшбасшы. Ертеңінен күтер үмітіміз мол. Шәкіртақы бір жыл бойы беріледі.
PS: Жақсы іс әрқашан жалғасын тапса игі. Өткен жылы Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Дархан Қыдырәлі ағамыз Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхан атындағы шәкіртақы тағайындап еді. Енді міне, қазақтың мәрт қызы іліп алып кетті.
BAQ.KZ