Бүгiн Астанада «Көрме» орталығында «Astana International Auto Salon - 2013» Бiрiншi Халықаралық автокөлiк көрмесi өттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Көрмеге Германия, Жапония, Чехия, АҚШ, Ресей, Корея және Қазақстан компаниялары қатысып отыр. Онда әлемдiк автокөлiк өндiрушiлердiң жаңа өнiмдерi ұсынылды. Сондай-ақ, көрменiң басты жаңалығы – «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесi қарсаңында Қазақстанда тұңғыш рет экологиялық таза және шусыз элктромобильдер таныстырылды.
«Отандық автоөнеркәсiптiң, елдегi автонарықтың қарқынды дамып жатқан шағында мұндай көрменiң өтуi аса маңызды. 2010 жылы басталған елдегi индустрияландыру бағдарламасының жетiстiгi туралы айтар болсақ, онда машина жасау саласы, бiздiң автоөнрекәсiп әлемдегi ең озық қарқынды көрсетiп отыр. Бiз Қазақстанда жоқ жерден жаңа саланы құрдық. Әрине, оған мемлекеттiң, бизнестiң және жалпы нарықтың дамуы да оң әсерiн тигiзбей қоймады. Соңғы жылдары бiз өндiрiс көлемiн екi есе арттырдық. Әрине, Қазақстанда машина жасау емес, машина құрастыру ғана бар деп, iсiмiзге күмәнмен қарағандар да болды, әлi де бар. Бiрақ, жақында бiз олардың күмәндарын сейiлтемiз. Себебi, бiз кузовты дәнекерлеу, бояу және кузовты жинақтаумен байланысты толық өндiріске көшкелi отырмыз. Бiз өндiрiс көлемiн арттырдық, бұл өзге салалардың қарқынды дамуына серпiн бермек. Бiзде автоөнеркәсiптi дамытудың стратегиясы бар», - дедi ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Альберт Рау.
Ол электромобильдер мәселесi Үкiмет назарынан тыс қалмай отырғанын айтты.
«Бүгiн көрмеде Қазақстанда жасалатын және құрастырылатын көлiктер және жаңа өнiмдер қойылды. Оның iшiнде тың жаңалық - электромобиль бар. Электромобильдердi кедендiк баж салығынан босату туралы бастама үкiметте талқыланып жатыр және бұл мәселе қарастырылуда», - дедi вице-министр.