Тас бетіндегі суреттердің көшірмесі бірнеше тарихи дәуірден сыр шертеді – профессор

9 Қазан 2013, 09:12

Көрмеге қойылған тас бетіндегі суреттердің көшірмесі бірнеше тарихи дәуірден сыр шертеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астанада «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесінің ашылуына орай өткен баспасөз мәслихатында түркітанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Түрік халқының тас бетіндегі сызба өнері біздің жыл санауымыздан бұрын қырық мың жыл бұрын басталған. Мұны орыстың атақты академигі Алексей Окладников дәлелдеп кеткен. Тас бетіндегі суреттер қазір Хакасияда, Оңтүстік Сібір, Моңғолия және Алтайда көп сақталып отыр. Сонау кезеңде адамзат өзінің мәдениетін, ой-арманын, іс-әрекетін сурет арқылы тастап кетті. Тас бетіндегі суреттер арқылы сол кездегі адамдардың шаруашылығын, оны басқару ерекшелігін, олардың арманын, шеберлігін түсіне аламыз. Сол кездегі климат қандай болды, нендей тамақ жеді деген тәрізді дүниелерді де біле аламыз. Таңбалар, графикалар артынан жазуға айналды. Бесінші-алтыншы ғасырдан бастап жазудың ережесі пайда болды», - деді профессор. Оның айтуынша, көрмеге қойылған эстампаждар – тасқа салынған суреттердің көшірмесі бірнеше тарихи дәуірден сыр шертеді. «Көрмеде болдым, онда мені таң қалдырғаны эстампаж жасау технологиясы. Әдістемесі өте ерекше. Қытайдың көне дәстүрін пайдаланған», - деді ол. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Хакасияның археологиялық кешенінің эстампаждар көрмесінде неолит, қола және темір дәуірлерінен және енисей қырғыздары мемлекетінен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі кезең көрініс тапқан. Көрменің ерекше топтамасы Хакас-Минусин ойпатындағы ежелгі жартас өнерінің айырықша ескерткіштері – Седловина, Тепсей, Суханиха, Оглахты, Шалаболин және Бояр тауларынан табылған петроглифтер, Үлкен және Кіші жазба, оба тастары және окунев пен тагар (сақ) дәуірі мүсіндерінің қашалған көшірмелерін қамтиды. Айта кетейік, «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесі бүгін сағат 16.00-де Ресей ғылым және мәдени орталығында ашылады. «Шежіре» қазіргі заман өнері галереясы ұйымдастырып отырған бірегей көрме 30 қазанға дейін жалғасады.

Көрмеге қойылған тас бетіндегі суреттердің көшірмесі бірнеше тарихи дәуірден сыр шертеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астанада «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесінің ашылуына орай өткен баспасөз мәслихатында түркітанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Түрік халқының тас бетіндегі сызба өнері біздің жыл санауымыздан бұрын қырық мың жыл бұрын басталған. Мұны орыстың атақты академигі Алексей Окладников дәлелдеп кеткен. Тас бетіндегі суреттер қазір Хакасияда, Оңтүстік Сібір, Моңғолия және Алтайда көп сақталып отыр. Сонау кезеңде адамзат өзінің мәдениетін, ой-арманын, іс-әрекетін сурет арқылы тастап кетті. Тас бетіндегі суреттер арқылы сол кездегі адамдардың шаруашылығын, оны басқару ерекшелігін, олардың арманын, шеберлігін түсіне аламыз. Сол кездегі климат қандай болды, нендей тамақ жеді деген тәрізді дүниелерді де біле аламыз. Таңбалар, графикалар артынан жазуға айналды. Бесінші-алтыншы ғасырдан бастап жазудың ережесі пайда болды», - деді профессор.

Оның айтуынша, көрмеге қойылған эстампаждар – тасқа салынған суреттердің көшірмесі бірнеше тарихи дәуірден сыр шертеді.

«Көрмеде болдым, онда мені таң қалдырғаны эстампаж жасау технологиясы. Әдістемесі өте ерекше. Қытайдың көне дәстүрін пайдаланған», - деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Хакасияның археологиялық кешенінің эстампаждар көрмесінде неолит, қола және темір дәуірлерінен және енисей қырғыздары мемлекетінен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі кезең көрініс тапқан. Көрменің ерекше топтамасы Хакас-Минусин ойпатындағы ежелгі жартас өнерінің айырықша ескерткіштері – Седловина, Тепсей, Суханиха, Оглахты, Шалаболин және Бояр тауларынан табылған петроглифтер, Үлкен және Кіші жазба, оба тастары және окунев пен тагар (сақ) дәуірі мүсіндерінің қашалған көшірмелерін қамтиды.

Айта кетейік, «Хакасия және Алтай жартас өнері» көрмесі бүгін сағат 16.00-де Ресей ғылым және мәдени орталығында ашылады. «Шежіре» қазіргі заман өнері галереясы ұйымдастырып отырған бірегей көрме 30 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу: