Қазақстанда алғаш рет «Интернет-дода» байқауы өтеді

9 Қазан 2013, 08:16

Ертең, 10 қазан күні елімізде тұңғыш рет қазақ тілді сайттар арасындағы «Интернет-дода» байқауы басталады деп хабарлайды ҚазАқпарат Оған мемлекеттік тілді насихаттап, еліміздегі жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ғаламтор желілері қатыса алады. «Интернет-дода» байқауына тек жастарға арналған мемлекеттік тілдегі, «kz» домені бар веб сайттар ғана қатыса алады. Телеарна, радио, газеттер мен мемлекеттік мекемелердің, шетелдік ұйымдардың сайттары байқауға қатыстырылмайды. Ал іріктеу жұмысы барысында веб сайттардың мазмұны, дизайны, грамматикасы, жаңартылуы, оқырмандардың саны мен пікірлері, фото-видео материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Барлық өтініштер 10 қазаннан бастап 30 күн бойы қабылданады. Байқау қорытындысы қараша айында шығарылады, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Современнный город» қоғамдық бірлестігі.  Baq.kz

Ертең, 10 қазан күні елімізде тұңғыш рет қазақ тілді сайттар арасындағы «Интернет-дода» байқауы басталады деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оған мемлекеттік тілді насихаттап, еліміздегі жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ғаламтор желілері қатыса алады.

«Интернет-дода» байқауына тек жастарға арналған мемлекеттік тілдегі, «kz» домені бар веб сайттар ғана қатыса алады. Телеарна, радио, газеттер мен мемлекеттік мекемелердің, шетелдік ұйымдардың сайттары байқауға қатыстырылмайды. Ал іріктеу жұмысы барысында веб сайттардың мазмұны, дизайны, грамматикасы, жаңартылуы, оқырмандардың саны мен пікірлері, фото-видео материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінеді.

Барлық өтініштер 10 қазаннан бастап 30 күн бойы қабылданады. Байқау қорытындысы қараша айында шығарылады, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Современнный город» қоғамдық бірлестігі.

 Baq.kz

Бөлісу: