Ғаламтор желісінің белсенді пайдалунышалары ең әдемі қазақ қыздарын таңдады. Рейтингке тіпті «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі Альбина Жанабаева да ілінген, деп хабарлайды «Экспресс К» газеті.
«lady.mail.ru редакциясы хабарлағандай, рейтингке әр түрлі мамандық иелері енген: әншілер, әртістер, модельдер, жүргізушілер мен бизнеспен айналысатын ханымдар. Қазақстан тұрғындары ең әдемі қазақ қызы деп продюсер және әртіс Баян Есентаеваны таңдады»,- деп мәлімдейді басылым.
Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, Баян Есентаева бұдан бұрын да жеңімпаз атанған. Одан кейінгі орында «Алматы аруы -2011» байқауының жеңімпазы Әлия Телебарисова тұрса, үшінші орын Әсел Сағатоваға бұйырған. Ондықтың қатарын әнші Гүлмира Еркімбаева тұйықтады. Сондай-ақ рейтингте эстрада жұлдызы Роза Рымбаева да бар. Ол 24 орында тұр. Арулардың қатарына «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі әкесі қазақ, анасы орыс Альбина Жанабаева да ілінген.
BNews.kz