Жастардың жұмыссыздығы: бір ғасырдан кейін «жоғалған ұрпақ»

9 Қазан 2013, 03:03

Эрих Мария Ремарктың шығармашылығына әуес жандарға «жоғалған ұрпақ» термині жақсы таныс. Өткен ғасырдың 20-жылдары кеңінен танылған осы сөздер арқылы неміс авторы Бірінші дүниежүзілік соғысты бастан өткеріп, алайда бейбіт өмірде еңбекте жолын таппаған жастарды бейнеледі. Сол уақыттан бері шамамен бір ғасырға жуық уақыт өтті, алайда осы күннің жастарына да өз болашағын жасау оңай емес, сондықтан оларға да 21-ші ғасырдың «жоғалған ұрпағына» айналу қаупі төніп тұр. Оған көп елдерде экономикалық тұрлаусыздық туғызған жұмыссыздық кеселі себеп болып отыр. Бүгінгі таңда әлемде жұмыссыз жастар деңгейі 12,5 пайызды құрайды. Мамандардың болжамынша, бұл көрсеткіш жалғасып, 2018 жылға қарай 13 пайызға жетеді екен. 2013 жылдың соңына қарай, жер шарында 73,4 млн. астам жастар жұмыс іздейтін болады (бұл 2007 жылға қарағанда 3,5 миллионға көп). Жұмыс істемейтін жастар негізінен Африка мен Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Сонымен бірге дамыған елдерде де жастардың жұмыссыздық мәселесі белең алып тұр. Экономикасы жақсы дамыған елдерде 2012 жылы жұмыссыз жастар 18,1 пайызды құрады: өткен жылы онда 2007 жылға қарағанда 2 миллионнан астам қыз бен жігіт жұмыс істемеді. Еуропаның Греция, Испания сияқты елдерінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі 50 пайыздан асып отыр. Baq.kz

Эрих Мария Ремарктың шығармашылығына әуес жандарға «жоғалған ұрпақ» термині жақсы таныс. Өткен ғасырдың 20-жылдары кеңінен танылған осы сөздер арқылы неміс авторы Бірінші дүниежүзілік соғысты бастан өткеріп, алайда бейбіт өмірде еңбекте жолын таппаған жастарды бейнеледі.

Сол уақыттан бері шамамен бір ғасырға жуық уақыт өтті, алайда осы күннің жастарына да өз болашағын жасау оңай емес, сондықтан оларға да 21-ші ғасырдың «жоғалған ұрпағына» айналу қаупі төніп тұр. Оған көп елдерде экономикалық тұрлаусыздық туғызған жұмыссыздық кеселі себеп болып отыр.

Бүгінгі таңда әлемде жұмыссыз жастар деңгейі 12,5 пайызды құрайды. Мамандардың болжамынша, бұл көрсеткіш жалғасып, 2018 жылға қарай 13 пайызға жетеді екен. 2013 жылдың соңына қарай, жер шарында 73,4 млн. астам жастар жұмыс іздейтін болады (бұл 2007 жылға қарағанда 3,5 миллионға көп).

Жұмыс істемейтін жастар негізінен Африка мен Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Сонымен бірге дамыған елдерде де жастардың жұмыссыздық мәселесі белең алып тұр. Экономикасы жақсы дамыған елдерде 2012 жылы жұмыссыз жастар 18,1 пайызды құрады: өткен жылы онда 2007 жылға қарағанда 2 миллионнан астам қыз бен жігіт жұмыс істемеді. Еуропаның Греция, Испания сияқты елдерінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі 50 пайыздан асып отыр.

Baq.kz

Бөлісу: