Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы (ФОТО)

8 Қазан 2013, 05:22

Көкшенің баурайында қазақтың рухын көтерген Абылайдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында конференция, мәдени шаралар, спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Даңқты қолбасшы, үш жүздің басын қосқан Хан Абылайдың мерейтойынан фоторепортаж ұсынамыз. Абылай хан - Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек. Одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.             Абылай хан ескерткішіне гүл қою рәсімінен көріністер.   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абылай ханның 300 жылдығы – елдігіміздің бедерлі бір белесі. Осыған орай халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуы да, оның айбынды ханымыз орда тіккен киелі Көкше жерінде өткізілуі де өте орынды. Біз бұл жиында Абылай ханның ерекше еңбегін ашып көрсетумен шектеліп қалмауымыз керек. Бәрінен бұрын Абылай ханның қолы неге жетті, неге жетпеді, бабамыз нені армандады, бізге нені аманаттады, болашақ ұрпақтарынан нені күтті, келер күндерге нені ескертті, біз сол заманның тарихынан қандай тағылым аламыз деген сауалдарға жауап іздеу, табуға тырысу керек», - деді конференцияға қатысушыларға жазған хатында.          «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда 5 секция бойынша жұмыс жүргізіліп, ұлы ханның тарихи тұлғасын көрсететін жұмыстар ел назарына ұсынылды.   Конференцияда Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ғалым Әбсаттар қажы Дербесәлі: «Шынын айту керек, біздің тарихымыздағы көп дүние шындыққа жанаспайды. Тарихымыз бай бола тұра оқулығымыз жұқа. Қазақтың тарихын Қазан төңкересінен басталады деп оқытқан КСРО санамызды әбден улап болды. Абылай ханға қатысты көп деректер де жалған. Рухымызды сөндіру үшін кеңес үкіметі барлық айланы жасап бақты. Енді оянатын кез келді»,- деп ортаға ой тастады.   Конференцияда Абылай ханның ұрпақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Абылай хан бейнеленген естелік мүсінді өздерінің ризашылығы ретінде сыйға тартты.   Ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Хан Абылай: таным және тағылым» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапта атақты ханның ел жүрегінде сақталған бейнесі мен халықтың билеуші туралы танымы-тағылымы талданған.        Абылай ханның 300 жылдығы мерекесі аясында Көкшетауда қылқалам және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ашылды.       Мәдениет үйiнде Абылай хан туралы деректi фильмдi тамашалады. Фильмде Абылайдың балалық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі қайраткерлігі мен батырлық тұлғасы суреттелген. Қысқаметражды фильмде Абылай ханның рөлiн ҚР еңбек сiңiрген әртiсi Тұңғышбай Жаманқұлов сомдаған.       Абылай ханның 300 жылдығына арналған ат спорты түрлерінен жарыс жеңімпаздарына арналған бәйгеге тігілген жеңіл көліктер. Құнан бәйге, жорға жарыс, тоқ бәйге, аламан бәйге түрлері бойынша ат жарыстары өтті. Аламан бәйгеде І орынды Алматы облысы, ІІ және ІІІ орынды Астана қаласы, IV -орынды Қарағанды облысы, V-орынды Алматы облысы иеленді.              «Азат рухтың Абылай ханы» атты сахналандырылған көрініс қойылып, 2000 мыңнан астам көкшетаулық жастар өнер көрсетті.   Нұрсерік ЖОЛБАРЫС Baq.kz

Көкшенің баурайында қазақтың рухын көтерген Абылайдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында конференция, мәдени шаралар, спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Даңқты қолбасшы, үш жүздің басын қосқан Хан Абылайдың мерейтойынан фоторепортаж ұсынамыз.

Абылай хан - Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек. Одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

 

    

    

Абылай хан ескерткішіне гүл қою рәсімінен көріністер.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абылай ханның 300 жылдығы – елдігіміздің бедерлі бір белесі. Осыған орай халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуы да, оның айбынды ханымыз орда тіккен киелі Көкше жерінде өткізілуі де өте орынды. Біз бұл жиында Абылай ханның ерекше еңбегін ашып көрсетумен шектеліп қалмауымыз керек. Бәрінен бұрын Абылай ханның қолы неге жетті, неге жетпеді, бабамыз нені армандады, бізге нені аманаттады, болашақ ұрпақтарынан нені күтті, келер күндерге нені ескертті, біз сол заманның тарихынан қандай тағылым аламыз деген сауалдарға жауап іздеу, табуға тырысу керек», - деді конференцияға қатысушыларға жазған хатында.
 

    

  «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда 5 секция бойынша жұмыс жүргізіліп, ұлы ханның тарихи тұлғасын көрсететін жұмыстар ел назарына ұсынылды.
 

Конференцияда Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ғалым Әбсаттар қажы Дербесәлі: «Шынын айту керек, біздің тарихымыздағы көп дүние шындыққа жанаспайды. Тарихымыз бай бола тұра оқулығымыз жұқа. Қазақтың тарихын Қазан төңкересінен басталады деп оқытқан КСРО санамызды әбден улап болды. Абылай ханға қатысты көп деректер де жалған. Рухымызды сөндіру үшін кеңес үкіметі барлық айланы жасап бақты. Енді оянатын кез келді»,- деп ортаға ой тастады.

 

Конференцияда Абылай ханның ұрпақтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Абылай хан бейнеленген естелік мүсінді өздерінің ризашылығы ретінде сыйға тартты.

 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Хан Абылай: таным және тағылым» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапта атақты ханның ел жүрегінде сақталған бейнесі мен халықтың билеуші туралы танымы-тағылымы талданған.

 

    

Абылай ханның 300 жылдығы мерекесі аясында Көкшетауда қылқалам және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ашылды.

 

   

Мәдениет үйiнде Абылай хан туралы деректi фильмдi тамашалады. Фильмде Абылайдың балалық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі қайраткерлігі мен батырлық тұлғасы суреттелген. Қысқаметражды фильмде Абылай ханның рөлiн ҚР еңбек сiңiрген әртiсi Тұңғышбай Жаманқұлов сомдаған.

 

   

Абылай ханның 300 жылдығына арналған ат спорты түрлерінен жарыс жеңімпаздарына арналған бәйгеге тігілген жеңіл көліктер. Құнан бәйге, жорға жарыс, тоқ бәйге, аламан бәйге түрлері бойынша ат жарыстары өтті. Аламан бәйгеде І орынды Алматы облысы, ІІ және ІІІ орынды Астана қаласы, IV -орынды Қарағанды облысы, V-орынды Алматы облысы иеленді.

 

  

  

  

 

«Азат рухтың Абылай ханы» атты сахналандырылған көрініс қойылып, 2000 мыңнан астам көкшетаулық жастар өнер көрсетті.
 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Baq.kz

Бөлісу: