Облыстың тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде 879 кәсіпорын бар, оның көп бөлігін орта және шағын кәсіпорындар құрайды, ірі кәсіпорындар қатарына 30 өндіріс кіреді. Тамақ өнімдерін өндіру көлемі облыс бойынша, сусындарды қоса есептегенде 50,6 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі 102%.
Қазіргі уақытта тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы инвестиция тарту арқылы іске асырылуда. Облыстың тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 2,0 млн. теңгеге жуық инвестиция игерді, оның ішінде облыстық бюджет қаражатынан 260,0 млн. теңге, екінші деңгейдегі банктер қаражатынан 1335,0 млн. теңге және «Даму-Регионы» өңірлік кәсіпкерлікті қолдау қорынан 455,0 млн. теңге. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы мынадай негізгі бағыттар бойынша іске асырылуда:
таратылған аудан орталықтарында қайта өңдеу өндірістерін дамыту.
өндіріске инновациялық технологиялар енгізу.
ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу кезінде кластерлік тәсілді қалыптастыру.
Таратылған аудан орталықтарында облыстық бюджет қаражаты есебінен 4 мал сою цехын, атап айтқанда: Катонқарағай ауылында, Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, Үржар ауданының Ақшоқы ауылында, Күршім ауданының Теректі ауылында. Көкпекті ауданының Самар ауылында ұн тарту цехын қайта жаңалау жоспарланып отыр.
Шемонаиха ауданындағы «Исток» ЖШС зауытында өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұзақ сақталатын сүт өнімдерін өндіру бойынша инновациялық технология енгізілуде. Катонқарағай ауданында ара шаруашылығы өнімін өндіру және бастапқы өңдеу бойынша кластерлік кәсіпорын құрылуда.
Облыстың 8 қайта өңдеу кәсіпорны 9000 сериялы ИСО-ға сәйкес сапа менеджменті жүйесі бойынша серификатталды. Қазіргі уақытта 18 кәсіпорын осы жүйені енгізу үстінде.
Облыста Өскемен сүт зауытын қайта жаңалау бойынша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны қайта өңдеу бойынша вертикалды интеграцияланған құрылым құру» басым жобасы іске асырылуда. Аталған жобаны орындаумен «Райымбек Восток» ЖШС Алматы фирмасы және Өскемендегі «Восток-Солоко» ЖШС айналысады. Жоба Өскемен қаласындағы сүт зауытын қайта жабдықтау, сүт өнімдерін қораптап шығару цехын ашуды көздейді. Жоба іске асқан жағдайда тәулігіне 10 тонна сүт өнімі шығарылатын болады.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыста мынадай шаралар қолданылып жатыр:
облыста астықтан облыстың тұрақтандыру қоры құрылып, Қостанай және Ақмола облыстарынан астық сатып алу туралы меморандумға қол қойылды, ал ұн комбинаттары мен наубайшылар арасында бидай ұнынан пісірілетін нанға бірегей баға қалыптастыру туралы меморандум жасалды;
ет бағасын тұрақтандыру үшін Өскемен, Семей қалалары әкімдері мен жақын аудандардың әкімдері арасында облыс орталығына және Семей қаласына белгіленген бағамен ет жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойылды.
ішкі рынокты сүт және сүт өнімдерімен молықтыру және олардың бағасын тұрақтандыру үшін сүт өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары арасында шикі сүтті сатып алудағы және сүт өнімін сауда нүктелерінде сатуда баға деңгейін қалыптастыру туралы меморандум жасалды.

-