Ұн және ұн өнімдері

8 Қазан 2013, 04:53

Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бірақ, соған қарамастан бізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1,3%-ға кем. Ал, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқыңды өсу үстінде. Бұл ретте, соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты (20 422 тонна) 2,5 есеге артқан. Сондықтан биыл "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша қаржыландырылған шикізаттық емес сектордағы 10 жобада тамақ түрлеріне басымдық берілуі кездейсоқтық болмаса керек. Оның ішінде, атап айтар болсақ, ұн және ұннан дайындалатын өнімдерді шығарумен айналысатын "Мулен" ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын "Злак плюс М", ұн және ұннан дайындалатын өнімдер өндіретін "Тағам-Регион" және дәнді дақылдарды өңдеумен айналысатын "Компания "Аманат ЛТД" серіктестіктері де бар. Осының ішінде бүгіндері өндіріс аясын кеңейтіп, нарықта тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорынға айналғандығының арқасында үкімет тарапынан берілетін қаржылық қолдауға бірнеше мәрте қол жеткізе алған "Злак Плюс М" серіктестігінің директоры Александра Деменева өз пікірін былайша білдіреді: "Алғашқы қадамдарымыз киын болғанымен, іс бірте-бірте түзеле бастады. Ал, Италиядан алынған жаңа құрал-жабдық ісіміздің өнімділігі мен бәсекелестік қабілетімізді әрі қарай арттыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізген соң, ескірген құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыруға шешім қабылдадық. Алайда, бүкіл қаржы айналымда болғандықтан, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алуға бел будық. Алынған несиеге Италиядан макарон өнімдерін өндіруге арналған жаңа құрал-жабдық сатып алдық. Бұл өзгерістер өнім көлемін 30%-ға өсіруге көмектеседі деп жоспарлап отырмыз". "Злак Плюс М" серіктестігі берген мәлімет бойынша, 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрапты. 133-ке 30%-ды қосқанда 172,9 тонна шығады. Демек, өнім ауқымы 39,9 тоннаға артпақ. Отандық компания енді экспорт бойынша жоспар құруда. Алғашқы экспорт Қырғызстанға бағытталмақшы. Отандық өнімге сұраныс бар... Экспорт демекші, отандық тамақ өнімдерінің Еуропа нарығына шығуы оңай шаруа емес. Үстіміздегі аптада Алматыда өткен "Сауда академиясы: шикізаттық емес экспортты қолдау" семинарына қатысқан "Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігінің басқарушы директоры Жәлел Болатов мырзаның айтуынша, Батыс мемлекеттерінің тамақ өніміне қоятын талабы жоғары, әрі бұл сала бойынша стандарттау процесі күрделі. Сондықтан көбіне көтерме саудамен отандық тамақ түрін ол жаққа жеткізу қиындық туғызуда. Марат Бекжанов

Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бірақ, соған қарамастан бізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1,3%-ға кем. Ал, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқыңды өсу үстінде. Бұл ретте, соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты (20 422 тонна) 2,5 есеге артқан. Сондықтан биыл "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша қаржыландырылған шикізаттық емес сектордағы 10 жобада тамақ түрлеріне басымдық берілуі кездейсоқтық болмаса керек. Оның ішінде, атап айтар болсақ, ұн және ұннан дайындалатын өнімдерді шығарумен айналысатын "Мулен" ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын "Злак плюс М", ұн және ұннан дайындалатын өнімдер өндіретін "Тағам-Регион" және дәнді дақылдарды өңдеумен айналысатын "Компания "Аманат ЛТД" серіктестіктері де бар. Осының ішінде бүгіндері өндіріс аясын кеңейтіп, нарықта тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорынға айналғандығының арқасында үкімет тарапынан берілетін қаржылық қолдауға бірнеше мәрте қол жеткізе алған "Злак Плюс М" серіктестігінің директоры Александра Деменева өз пікірін былайша білдіреді: "Алғашқы қадамдарымыз киын болғанымен, іс бірте-бірте түзеле бастады. Ал, Италиядан алынған жаңа құрал-жабдық ісіміздің өнімділігі мен бәсекелестік қабілетімізді әрі қарай арттыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізген соң, ескірген құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыруға шешім қабылдадық. Алайда, бүкіл қаржы айналымда болғандықтан, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алуға бел будық. Алынған несиеге Италиядан макарон өнімдерін өндіруге арналған жаңа құрал-жабдық сатып алдық. Бұл өзгерістер өнім көлемін 30%-ға өсіруге көмектеседі деп жоспарлап отырмыз".

"Злак Плюс М" серіктестігі берген мәлімет бойынша, 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрапты. 133-ке 30%-ды қосқанда 172,9 тонна шығады. Демек, өнім ауқымы 39,9 тоннаға артпақ. Отандық компания енді экспорт бойынша жоспар құруда. Алғашқы экспорт Қырғызстанға бағытталмақшы.

Отандық өнімге сұраныс бар...

Экспорт демекші, отандық тамақ өнімдерінің Еуропа нарығына шығуы оңай шаруа емес. Үстіміздегі аптада Алматыда өткен "Сауда академиясы: шикізаттық емес экспортты қолдау" семинарына қатысқан "Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігінің басқарушы директоры Жәлел Болатов мырзаның айтуынша, Батыс мемлекеттерінің тамақ өніміне қоятын талабы жоғары, әрі бұл сала бойынша стандарттау процесі күрделі. Сондықтан көбіне көтерме саудамен отандық тамақ түрін ол жаққа жеткізу қиындық туғызуда.

Марат Бекжанов

Бөлісу: