Мүшел жас

8 Қазан 2013, 04:00

Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды. Алғашқы мүшел он үш жас – бұл адамның балалық шақтан, ересектік жасқа дейінгі кезеңі. Ол кезде ұлдың дауысы өзгеріп, қыздың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Он үш – кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәймен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі. Осындай мүшел есік қаққанда, «О,Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр» - деп жалбарынатын. Жиырма бес жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез. Үйлі-баранды болып, садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді. Қыз – әйел болып бала-шаға өсіріп отырады. Отыз жеті жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Ол қырықтың қырқасында жүрген болып есептелінеді. Бұл мүшелде адам жігітшілікпен, мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын болады. Қырық тоғыз жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немесе сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі. Алпыс бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсыны ажыратып, өзі де тәубеге келетін кезең. Бұл мүшелге толған кісі дүниеге мүлдем басқа көзбен қарап, кәрілікті мойындауға болар-болмас қана көңіл бөлетін кез. Жетпіс үш жас – бұл мүшел кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айрыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кезең. Сексен бес жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсе,кәріге күл», «бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар» деседі. Кезінде ол кісінің пейілі тар болса, ол алжып кетеді, ал керісінше болса, жас балаша жаутаңдап, көзі жасаурап, ақыл-ойынан адаспай, тек кеудеде соғып тұрған жүрегін ғана сезінетін болады. Адамынң өмірінде әрқилы жағдайлар болады. Ол: үйлену, балалы болу, отбасының қуанышы және мүшел тойлары. Мұсылман – халқы тойдан қашпаған қауым. Қазақ халқы мүшел жасқа үлкен мән берген. Қазақ ұғымында он екі жыл бойы жасаған күнәлеріне мүшел жасқа толғанда Алла алдында жауап береді деген түсінік бар. Сондықтан мүшелге толғанда жасын айтпай жасырып Аллаға сиынып, намазын оқып, өмірге ойлы көзбен қарап, ешкімге жамандық жасамай, тек жақсылық ойлап өмір сүреді. Мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді. Ал, он үш жас, жиырма бес, отыз жеті, қырық тоғыз мүшелері міндетті түрде тумаларын, дос-жаранды шақырып, той жасаудыүрдіс етіп келед. Әрине, әркім шама-шарқына қарай жасаған жөн, жағдайы келмесе, онда садақа берумен шектеледі. «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын айтып келеді. Оны мүшел жас деп атайды.

Алғашқы мүшел он үш жас – бұл адамның балалық шақтан, ересектік жасқа дейінгі кезеңі. Ол кезде ұлдың дауысы өзгеріп, қыздың дене бітімі сүйкімді бола бастайды.

Он үш – кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәймен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.

Осындай мүшел есік қаққанда, «О,Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр» - деп жалбарынатын.

Жиырма бес жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез. Үйлі-баранды болып, садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді. Қыз – әйел болып бала-шаға өсіріп отырады.

Отыз жеті жас – адам өміріндегі ең басты мүшел. Ол қырықтың қырқасында жүрген болып есептелінеді. Бұл мүшелде адам жігітшілікпен, мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын болады.

Қырық тоғыз жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немесе сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы» дейтін кезі.

Алпыс бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсыны ажыратып, өзі де тәубеге келетін кезең.

Бұл мүшелге толған кісі дүниеге мүлдем басқа көзбен қарап, кәрілікті мойындауға болар-болмас қана көңіл бөлетін кез.

Жетпіс үш жас – бұл мүшел кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып «айхай, жас кезім-ай» деп көкірегі қарс айрыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кезең.

Сексен бес жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсе,кәріге күл», «бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар» деседі.

Кезінде ол кісінің пейілі тар болса, ол алжып кетеді, ал керісінше болса, жас балаша жаутаңдап, көзі жасаурап, ақыл-ойынан адаспай, тек кеудеде соғып тұрған жүрегін ғана сезінетін болады.

Адамынң өмірінде әрқилы жағдайлар болады. Ол: үйлену, балалы болу, отбасының қуанышы және мүшел тойлары. Мұсылман – халқы тойдан қашпаған қауым.

Қазақ халқы мүшел жасқа үлкен мән берген. Қазақ ұғымында он екі жыл бойы жасаған күнәлеріне мүшел жасқа толғанда Алла алдында жауап береді деген түсінік бар. Сондықтан мүшелге толғанда жасын айтпай жасырып Аллаға сиынып, намазын оқып, өмірге ойлы көзбен қарап, ешкімге жамандық жасамай, тек жақсылық ойлап өмір сүреді. Мүшел жастан өткен сайын садақа беріп, жеті нан үлестіріп келеді.

Ал, он үш жас, жиырма бес, отыз жеті, қырық тоғыз мүшелері міндетті түрде тумаларын, дос-жаранды шақырып, той жасаудыүрдіс етіп келед. Әрине, әркім шама-шарқына қарай жасаған жөн, жағдайы келмесе, онда садақа берумен шектеледі.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Бөлісу: