8 Қазан 2013, 03:56
Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі, биік төбелі ерлер баскиімі.
Оны күз бен көктемде,салқын таулы өңірлерде жаз айларында таңертеңгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесінен қорғап, суық өткізбейді, желге қақтырмайды,жауын-шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалын матадан тігеді. Қойдың ақ жүніен, ақ қозының күзем жүнінен, ақ қозының күзем жүнінен, көбіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр жұқа ақ киізден тігеді.
Орталық және Батыс Қазақстанның шонжарлары көбіне сәндік үшін төбесі сүйірлеу келген құндыз немесе сусар бөріктің үсті барқытпен (көбіне к.рең түсті) қаптаған, алтын зерлермен кестеленген аса биік қалпақ киген. Оларды әр жерде әртүрлі атпен айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле қалпақ деп атап келген. Мұндай қалпақтар әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысында көп тараған. Ерте кезде қалпақты хан, сұлтан, би, ауқатты қазақтар, кейіннен көбінесе белгілі, лауазымды адамдар киген.
Қалпақтардың бұдан басқа да қырмызымен тысталып, түрмесі жалпақ, көк матамен астарланған, төбесі тік келтірілгеншляпа тәрізді, әр жеріне алтын жіппен тігіс бастырылған, тіптен күміс жіп шалып тоқылған матмен тысталған, ою-өрнек ұсақ етіп салынған өсімдіктер мен дала гүлдерінің суреттері бейнеленген сан алуан түрлері болады.
Тымақ – биік төбелі, маңдайы екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиім. Суықтан, бораннан қорғайтындай мол пішіледі. Сырттан берік және сақсы, қымбат маталармен тыстайды.
Тымақтар терісіне қарай бота, сусар, елтірі, түлкі, барыс, бұлғын, жабағы, сеңсең, қарсақ, лақ терісінен тігілетін тымақ деп те аталады. Тымақты кедейлер – сеңсеңнен, байлар бағалы терілерден тіккізген. Түлкі пұшпағы, сусар құндыз терісінен жасалған тымақтар сәнді, бағалы саналады. Түлкі тымақты қыста, пұшпақ тымақты жаз, күз маусымдарында киеді.
Жаба салма тымақ – негізінен түлкі терісінен, сеңсеңнен тігіледі, құлағы мол, милығы кең, төбесі аласа болады.
Қайырма тымақ – түлкі және қозы терісінен тігіледі, оның маңдайы төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады.
Төрт, сегіз сай тымақтар – төбелері төрт, сегіз бөлік теріден немесе киізден құралады.
Дөңгелек төбелі тымақ – төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.
Шошақ төбе тымақ – төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырлады. Түрлі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады.
Жекей тымық – жаз бен күзде киетін сәнді де жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі. «Жекей» сәнді деген мағынаны білдіреді.
«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010