8 Қазан 2013, 03:32
Сәлем бердік!
Жас Наурыз – жылдың басы!
Жұртың күткен мінекей, ықыласы.
Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып
Бермек әркім барынша қонақасы –
Деп рухани көсеміміз Ахаң – Ахмет Байтұрсыноа айтқандай, бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам баласы жоқ. Оның себебі, Наурыз – жыл басы, көктемнің басы, ынтымақ, ырыс күні. Демек, бұл күн – бірнеше мереке мен тойдың басын қосқан күн. Оған қоса пәктік, жаңару, жаңғыру, бірлік, тазалық, табысу, жүз көрісу сияқты адамгершілік қалып-қағидаларды атйсақ, аталған күннің береке дуасы, тіпті, арат береді!
Әз-Наурызды бүкіл шығыс халқы, оның ішінде біздің қазақ халқы әр жыл сайын асыға күтеді. Оның себебі де бар және оның салт-санаға лайықты тәрбиелік, әлеуметтік, рухани жағынан да берері өте көп. Наурыздың бұл тағылымдары бұрын да айтылған, талай рет жазылған. Сонда да осы Ұлыс күннің мән-маңызы арта түспесе, кемімейтіні айдан анық. Соның бір дәлелі – биылғы жылдан бастап бүкілхалықтық Наурыз мерекесінің 3 күн тойлануын айтсақ та болады.
Наурыз туралы қанша айтып мақтасақ та көптік етпейді. Бұл бірнеше жыл бойы тойланып, дәріптеліп келеді. Одан ешқандай халық ұтылған да, жалыққан да емес. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан елі де солай қабылдайды.
Ұлыстың ұлы күнінің шақты мезгілі мен қадір-қасиетін әркім-ақ біледі, сезеді және ұлық тұтады. Оны 20 жылға жуық атап өтіп, тойлап өткізіп жүрміз. Ол қандай дәрежеде өтіп жүр?!...
Соған да назар аударайық. Рас, әр адам, мекеме, ұйым, әсіресе, жоғарғы арнаулы оқу орындары бұған барынша дайындалып, оның сәтті өтуіне күш салады. Киіз үй тігеді, дастархан дайыдайды, ұлттық киімдерін киеді, ойын-сауық өткізеді, концерт қояды, көрме ұйымдастырады. қазіргі көпшілік "әз-Наурыз" мерекес« осылай өтеді деп түсінеді.
Егер әділін айтсақ, бұрынғы кеңестік дәуір кезіндегі 1 мамыр, Жаңа жыл, 7 қараша тойлары да осылай өткенін білеміз. Сонда бұлардың арасында айырмашылық, артықшылық, ерекшелік болғаны ма? Болады, болғанда қандай! Бірақ осыны ұйымдастырулылардың өпшіліг бұл күнді өз дәрежесінде өткізуге, яғни халықтық, ұлттық дәрежеде өткізуге шамалары, ойы, қабілеті, намысы жете бермейді. Өйткені олардың көпшілігі қазақ тілін білмейді. Қазақ тілін білмеген адам қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпын да түсінбейді. Оның сыртында оған құштар де емес.
Басқасын былай қойғанда, осы күнг арнаған көрнекі құралдары мен құттықтаушыларының өзі тілі қазақша болғанымен, орыс түсінігімен, орыс ойымен жасалады және айтылады. Мысалы, «Наурыз мерекесімен!» деген жазулар әр көшеде, әр үйде қаптай жазылады. Қазақ халқы қай мереке, той, қуанышта болсын «Құтты болсын!» деген сөзді әрқашан қосып қояды. Рас, бұл сөз мүлде жоқ дейміз. Дегенмен де Наурыз тынысы мен құдіретін білдіретін сөздер мен құттықтаулар ұлт тілінде, ұлт мәдениетінде жазылуы керек қой.
Ұлыс күннің салт-дәстүрлерінің өзі – халықтық елдік қасиеттерін көрсететін үлкен тәрбиелік құрал. Олар «наурызнама» өткізуден басталып, «Наурыз жыры», «Наурыз жұмбақ», «Наурыз тілек», «Саумалық» болып жағасып, наурызкөктің келуі, Қыдыр атаның келуі, Самарқанның көк тасының жібуі сияқты рухани сенім-нанымдарға жалғаса береді. Мұның бәрі, сайып келгенде Наурыз мерекесінің салтанаты 2-3 күнге симайтындығын дәлелдеп отыр.
Сейт Кенжеахметұлы
«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010