Наурыздың қазаққа қайта оралуы

8 Қазан 2013, 03:29

Ата-бабадан жалғасып келген бұл Наурызға 1926 жылы Кеңс өкіметі ресми тыйым салды. Тек араға 62 жыл салып, 1988 жылы Мұхтар Шаханов бастаған бір топ ұлт зиялыларының арқасында Наурыз қазаққа қайта оралып еді. Содан бері 22 жыл өтіпті. Сол кезеңде уақыттың тығыздығын сылтау еткен Колбинг «Наурызды 22 сәуір тойлайық» деген уәж де айтылғанын бұл күнде біреу білса, біреу білмес. Жалпы, Наурыз мейрамының халыққа қайтып оралғанын ел әркез есіне ұстағаны жөн. Өйткені ол – ұлт тарихындағы жеңісті сәттердің жарқын белгісі. 1988 жылы ақпан күні «Лениншіл жас» газетінде жарияланған «Таиырыңды терең жібер» атты Мұхтар Шахановтың сұхбаты наурыздың алғашқы қарлығашындай болды. Олай дейтініміз, осы сұхбаттан соң Мұхаң арнайы хат әзірлеп, Колбиннің өзіне кірген. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы мен қазақ ақынының арасындағы текетірес ұзаққа созылады. М.Шаханов  - Колбиннен шыққан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсылтан Назарбаевқа жолығып, Колбинге «Наурызды» тірілту туралы арнайы хат тастағанымжы айттым.  - Өте дұрыс жасағансың, - деді Нұрекең. – Енді сенің   ол хатыңды Колбин Бюро мүшелеріне жіберуі тиіс. Көбісі көлеңкесінен үріккендер ғой. Жәнібеков екеумізден басқалары қолдай қояды деп ойламаймын. Дегенмен өзім бар күшімді саламын. Ал сен Колбиннің соңынан қалма. Басқа жазушыларды да, өнер қайраткерлерін де қосып, бірлесіп  қимылдаңдар. Мерекені нақ осы биылдан бастап жіберелік. Уақыт тым аз қалды. Колбин келісімін бере қалған жағдайда «Наурызға» қаржы бөлу мәселесі Министрлер Кеңесіне келіп тіреледі ғой. Ол жағынан қам жеме. Батыл кірісе бер. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі Мұхтар Шахановты тіпті де қанаттандырады. Айтса айтқандай, 1988 жылдың 11 наурызы күні «Лениншіл жас» газетінде «Жазылған жай пікір, тілек, ұсыныс: «Тамырыңды терең жібер» деген тақырыппен белгілі ақын-жазушылар Сырбай Мәуленов, Сафан Шаймерденов, Сұлтанәлі Балғабаев, Смағұл Елубаев, Құрманғазы Қараманұлы, Серік Асылбеков, Ұлықбек Есдәулетовтердің Мұхтар Шахановтң пікірін қуаттаған «Орынды ұсыныс» атты бірлескен хаты жарияланды. Жер-жерден қолдау білдіріп, хат жазған оқырманға да көп болды. Наурыздың Ислам дініне қатысып анықтау міндетін алған Министрлер Кеңесі жанындағы діни мәселелермен айналысатын бөлімнің меңгерушісі Тельман Сауранбеков те Мұхтар Шахановтың өзімен сөйлесіп, Колбинді көндіруге тиісті ақыл-кеңесін айтады. Себебі Наурыз бюро мүшелерінің талқысына салынып, оны тойлауға Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекәлі Жәнібекотен басқасы түгелдей қарсы шығыпты. Келесі кездесуінде Колбин Мұхтар Шахановқа: «Бюро мүшелерінің көбі қарсы. Наурызды ислам дінінің қалдығы деп жатыр, сондықтан ренжіме», - деп ашығын айтады: «Кешіріңіз, Геннадий Васиьевич, - дедім өршеленіп. – бюро мүшелерінің көбісі тарихты білмейді. Ислам діні бұл өлкеге сегізінші ғасырдан ене бастаған. Ал Наурыз қазақ даласында одан бұрын тойланған. Бюро мүшелерінің көпшілігі ең әрісі қазақтың нөмірі бірінші ақыны Абайды да оқымаған... Абайдың орыс тілінде аударылған кітабын әдейі ала барған едім. Атыңнан айналып кетейін ұлы атамыздың қысылған шақта мұншалықты пайдасы тиеді деп кім ойлаған. Ұлы ұстаздың «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралы» қарасөзін Колбиннің алдына жайдым. Ол жалма-жан асты қызыл сиямен сызылғын жолдарды қарап шықты да, ойланып қалды.  - Енді, Геннадий Васиьевич, мынаған назар аударыңыз, - деп «шабуылға» қайта шықтым. – Қазақ жеріне Ислам діні келместен бұрын Наурыз мейрамын армияндар «Навосарди», чуваштар»Нарсойахе» - деп атаған. Ал армияндар мен чуваштардың мұсылман емес екенін өзіңіз білесіз. Бұл тіпті Қазақ Совет энциклапедиясында жазылған. Шындығы солай болғаынмен, бірақ бұл кітапта «Ислам діні келместен бұрын» деген сөз жоқ еді. Әдейі белінен басып жібердім. - Сіз жеңдіңіз! – деп Колбин онынан тұрып, қолымды алды. Осылайша Наурызды тойлау мәселесіне Колбиннің беті бері қарайды. Бірақ оны өткізу мерзіміне келгенде ол тағы өзгерді. Өйткені наурызға бірнеше-ақ күн қалған еді. «Биыл мерекені наурыздың 22-сіне емес, тіпті 22 сәуірде өткізелік» деп табандап тұрып алады Мұхтар Шаханов. Ақыры Наурыз қазақтың еншісіне бұйырды. 1988 жылы 30 наурыз күні Алматыдағы Максим Горький атындағы демалыс паркінде Наурыз мейрамы тойланды. Мерекеге мөлшермен 100 мыңдай адам жиналды. Өшкені жанып, өлгені тірілгендей болған халық жиналмағанда қайтсін?! Наурыз мейрамын  көне салт-дәстүр арасында арнасына бұруда сол кездегі Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары Жібек Әмірханлва ерекше еңбек сіңірді. Наурыз күні республика сарайының алдында сап түзеген «Шеберлер ауылы», адамдардың бір-бірімен төс қағысып амандасуы, «Наурыз тілек», «Наурыз бата» рәсімдері, Алматы көршілерінде сап түзеген қазақ ертегілеріндегі «Алдар көсе», «тазша бала», «Батырлар шеруі» және оған қажетті түйелер табу, Горький паркіне Наурызбай , Наурызгүл есімді адамдарды жинау, «Алтыбақан», «Балтамтап», «Тең көтеу», «Бағана өрмелеу», «Арқан тарыс», «Жаяу жарыс», т.б. толып жатқан бүгінде ұмытылуға айналған рәсімдерді тірілті – түгелдей осы Жібек Әмірханованың жасаған жұмыстары. Наурыздың қазаққа қайтып оралуын қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ұлттың біртуар ұлы, марқұм Өзбекәлі Жәнібековтің, қазақтың қайсар қызы Жібек Әмірханованың "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», Мұхтар Шахановтың ұсынысын қолдауының жемісі десек, артқ айтқандық болмыс. Біләл Қуаныш «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Ата-бабадан жалғасып келген бұл Наурызға 1926 жылы Кеңс өкіметі ресми тыйым салды. Тек араға 62 жыл салып, 1988 жылы Мұхтар Шаханов бастаған бір топ ұлт зиялыларының арқасында Наурыз қазаққа қайта оралып еді. Содан бері 22 жыл өтіпті. Сол кезеңде уақыттың тығыздығын сылтау еткен Колбинг «Наурызды 22 сәуір тойлайық» деген уәж де айтылғанын бұл күнде біреу білса, біреу білмес. Жалпы, Наурыз мейрамының халыққа қайтып оралғанын ел әркез есіне ұстағаны жөн. Өйткені ол – ұлт тарихындағы жеңісті сәттердің жарқын белгісі.

1988 жылы ақпан күні «Лениншіл жас» газетінде жарияланған «Таиырыңды терең жібер» атты Мұхтар Шахановтың сұхбаты наурыздың алғашқы қарлығашындай болды. Олай дейтініміз, осы сұхбаттан соң Мұхаң арнайы хат әзірлеп, Колбиннің өзіне кірген. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы мен қазақ ақынының арасындағы текетірес ұзаққа созылады. М.Шаханов

 - Колбиннен шыққан кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсылтан Назарбаевқа жолығып, Колбинге «Наурызды» тірілту туралы арнайы хат тастағанымжы айттым.

 - Өте дұрыс жасағансың, - деді Нұрекең. – Енді сенің   ол хатыңды Колбин Бюро мүшелеріне жіберуі тиіс. Көбісі көлеңкесінен үріккендер ғой. Жәнібеков екеумізден басқалары қолдай қояды деп ойламаймын. Дегенмен өзім бар күшімді саламын. Ал сен Колбиннің соңынан қалма. Басқа жазушыларды да, өнер қайраткерлерін де қосып, бірлесіп  қимылдаңдар. Мерекені нақ осы биылдан бастап жіберелік. Уақыт тым аз қалды. Колбин келісімін бере қалған жағдайда «Наурызға» қаржы бөлу мәселесі Министрлер Кеңесіне келіп тіреледі ғой. Ол жағынан қам жеме. Батыл кірісе бер.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі Мұхтар Шахановты тіпті де қанаттандырады. Айтса айтқандай, 1988 жылдың 11 наурызы күні «Лениншіл жас» газетінде «Жазылған жай пікір, тілек, ұсыныс: «Тамырыңды терең жібер» деген тақырыппен белгілі ақын-жазушылар Сырбай Мәуленов, Сафан Шаймерденов, Сұлтанәлі Балғабаев, Смағұл Елубаев, Құрманғазы Қараманұлы, Серік Асылбеков, Ұлықбек Есдәулетовтердің Мұхтар Шахановтң пікірін қуаттаған «Орынды ұсыныс» атты бірлескен хаты жарияланды. Жер-жерден қолдау білдіріп, хат жазған оқырманға да көп болды.

Наурыздың Ислам дініне қатысып анықтау міндетін алған Министрлер Кеңесі жанындағы діни мәселелермен айналысатын бөлімнің меңгерушісі Тельман Сауранбеков те Мұхтар Шахановтың өзімен сөйлесіп, Колбинді көндіруге тиісті ақыл-кеңесін айтады. Себебі Наурыз бюро мүшелерінің талқысына салынып, оны тойлауға Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекәлі Жәнібекотен басқасы түгелдей қарсы шығыпты.

Келесі кездесуінде Колбин Мұхтар Шахановқа: «Бюро мүшелерінің көбі қарсы. Наурызды ислам дінінің қалдығы деп жатыр, сондықтан ренжіме», - деп ашығын айтады:

«Кешіріңіз, Геннадий Васиьевич, - дедім өршеленіп. – бюро мүшелерінің көбісі тарихты білмейді. Ислам діні бұл өлкеге сегізінші ғасырдан ене бастаған. Ал Наурыз қазақ даласында одан бұрын тойланған. Бюро мүшелерінің көпшілігі ең әрісі қазақтың нөмірі бірінші ақыны Абайды да оқымаған...

Абайдың орыс тілінде аударылған кітабын әдейі ала барған едім. Атыңнан айналып кетейін ұлы атамыздың қысылған шақта мұншалықты пайдасы тиеді деп кім ойлаған. Ұлы ұстаздың «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралы» қарасөзін Колбиннің алдына жайдым. Ол жалма-жан асты қызыл сиямен сызылғын жолдарды қарап шықты да, ойланып қалды.

 - Енді, Геннадий Васиьевич, мынаған назар аударыңыз, - деп «шабуылға» қайта шықтым. – Қазақ жеріне Ислам діні келместен бұрын Наурыз мейрамын армияндар «Навосарди», чуваштар»Нарсойахе» - деп атаған. Ал армияндар мен чуваштардың мұсылман емес екенін өзіңіз білесіз. Бұл тіпті Қазақ Совет энциклапедиясында жазылған. Шындығы солай болғаынмен, бірақ бұл кітапта «Ислам діні келместен бұрын» деген сөз жоқ еді. Әдейі белінен басып жібердім.

- Сіз жеңдіңіз! – деп Колбин онынан тұрып, қолымды алды.

Осылайша Наурызды тойлау мәселесіне Колбиннің беті бері қарайды. Бірақ оны өткізу мерзіміне келгенде ол тағы өзгерді. Өйткені наурызға бірнеше-ақ күн қалған еді. «Биыл мерекені наурыздың 22-сіне емес, тіпті 22 сәуірде өткізелік» деп табандап тұрып алады Мұхтар Шаханов.

Ақыры Наурыз қазақтың еншісіне бұйырды. 1988 жылы 30 наурыз күні Алматыдағы Максим Горький атындағы демалыс паркінде Наурыз мейрамы тойланды. Мерекеге мөлшермен 100 мыңдай адам жиналды. Өшкені жанып, өлгені тірілгендей болған халық жиналмағанда қайтсін?!

Наурыз мейрамын  көне салт-дәстүр арасында арнасына бұруда сол кездегі Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары Жібек Әмірханлва ерекше еңбек сіңірді. Наурыз күні республика сарайының алдында сап түзеген «Шеберлер ауылы», адамдардың бір-бірімен төс қағысып амандасуы, «Наурыз тілек», «Наурыз бата» рәсімдері, Алматы көршілерінде сап түзеген қазақ ертегілеріндегі «Алдар көсе», «тазша бала», «Батырлар шеруі» және оған қажетті түйелер табу, Горький паркіне Наурызбай , Наурызгүл есімді адамдарды жинау, «Алтыбақан», «Балтамтап», «Тең көтеу», «Бағана өрмелеу», «Арқан тарыс», «Жаяу жарыс», т.б. толып жатқан бүгінде ұмытылуға айналған рәсімдерді тірілті – түгелдей осы Жібек Әмірханованың жасаған жұмыстары.

Наурыздың қазаққа қайтып оралуын қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ұлттың біртуар ұлы, марқұм Өзбекәлі Жәнібековтің, қазақтың қайсар қызы Жібек Әмірханованың "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», Мұхтар Шахановтың ұсынысын қолдауының жемісі десек, артқ айтқандық болмыс.

Біләл Қуаныш

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Бөлісу: