Наурыз тарихына үңілсек...

8 Қазан 2013, 03:22

Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге-жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамған «бір күн» патша болып, ел билеуге ерік беріледі Наурыз жырында: Құл құтылар құтылар, Күң құтылар сырықтар, - Деп жазғандай, осы күні ертеңгі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызады. Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «Құлға бір күн азаттық» деген мәтел осы бір көне рәсімге қатысты болса керек. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русьте Жаңа жылды бірінші наурыз күніқарсы алу дәстүрі болған. Ағылшындар он сегізінші ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды жиырма алтыншы наурызда тойлап келді. Иран тілдес халықты Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «Сумалақ» ұсынады. Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыныаяқты сындырады. Бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою «күн белгісін» салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі. Мұсылман дініне дейін Күнге табынған Иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әріпі «шин»-мен басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша, шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шебер – демалыс пен қонақжайлық, шам – отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы. Арабтар мейрам салтын өзгерту үшін, бас әрпі «ай» сөзінің басы әрпі «син»-нен басталатын мүлде бөлек – өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу. Ауғандр да Жаңа жылды мейлінше шаттық-құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» - «кульбакаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый-құрмет мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады. Үндістанның түрлі штаттарында жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізеді. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрлі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады. Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдылықтар «Наусарыс», армияндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям, Махмұт Қашқаридің еңбектері арқылы жетіп отыр. «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге-жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамған «бір күн» патша болып, ел билеуге ерік беріледі Наурыз жырында:

Құл құтылар құтылар,

Күң құтылар сырықтар, -

Деп жазғандай, осы күні ертеңгі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызады.

Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын «Құлға бір күн азаттық» деген мәтел осы бір көне рәсімге қатысты болса керек.

Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі Русьте Жаңа жылды бірінші наурыз күніқарсы алу дәстүрі болған.

Ағылшындар он сегізінші ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды жиырма алтыншы наурызда тойлап келді.

Иран тілдес халықты Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «Сумалақ» ұсынады.

Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыныаяқты сындырады. Бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою «күн белгісін» салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған Иран елдері Наурыз күні сөзінің бас әріпі «шин»-мен басталатын жеті түрлі затты дастарханға қоятын: шарап, шир (сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша, шарап – өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер – ризалық, шебер – демалыс пен қонақжайлық, шам – отқа табыну, тарақ – әйел сұлулығы.

Арабтар мейрам салтын өзгерту үшін, бас әрпі «ай» сөзінің басы әрпі «син»-нен басталатын мүлде бөлек – өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.

Ауғандр да Жаңа жылды мейлінше шаттық-құрметпен қарсы алады. Ауған елінде «алғашқы түрен» - «кульбакаши» деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый-құрмет мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп аталады.

Үндістанның түрлі штаттарында жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізеді. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрлі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.

Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдылықтар «Наусарыс», армияндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған.

Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям, Махмұт Қашқаридің еңбектері арқылы жетіп отыр.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Бөлісу: