Соңғы жылы әлемде 250 миллион адам Интернетке қосылған. Ал, 2013 жылдың соңына дейін бүкіл Жер тұрғындарының 40 пайызы ғаламтор желісімен қамтылатын болады.
Бұл жайында Халықаралық электробайланыс кеңесіне дайындалған "Ақпараттық қоғамның өлшемі" атты баяндамада айтылған.
Ондағы мәліметтерге сүйенер болсақ, Корей Республикасы осымен үшінші жыл қатарынан ақпараттық-байланыс технологиялар саласын дамытуда алдына жан салар емес. Оның артында Швеция, Исландия, Дания, Финляндия және Норвегия орналасқан. Байланысы дамыған он елдің қатарына сондай-ақ, Нидерланды, Ұлыбритания, Люксембург пен Гонконг (Қытай) кіреді.
Баяндама авторларының айтуынша, смартфондар мен планшеттер арқылы Интернетке қосылу соңғы уақытта жаппай көрініс тауып келеді. Биылғы жылдың соңына дейін әлемдегі 2,7 млрд. адам осы ғаламтор желісіне қосылады деп күтілуде.
Дегенмен, 1,1 миллиард отбасы (4,4 млрд. адам) өркениеттің осынау түрінен әлі де болса шет қалып отыр.
Baq.kz