Күзгі жауын-шашын қара суыққа айналды. Ал, ақ жауын соңы ақ қарға ұласып, 4 қазанда Астанада алғашқы қар жауды. Алайда, жерге түсісімен, ақ ұлпа демде еріп кетіп жатты. Мұндай құбылмалы ауа райынан кейін қыс ерте түседі деген болжам бар. Синоптиктер де мұны жоққа шығармайтын сияқты.
«13 қазаннан бастап кезекті циклонның әсерінен күн райы тұрақсыз болады. Болжам бойынша, қазан айының екінші жартысы жауын-шашынды болады. Екінші онкүндіктің соңы мен үшінші онкүндіктің басында ауа райы салқындайды деп күтілуде. Астанада түнде 5°C, 10°C аяз болса, күндіз 0 °C, 5°C болады», - дейді «Қазгидромет» РМК-ның жетекші инженері Эльмира Бигиева.
Ал, қыстың қамын жазда ойлайтын «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлері суық маусымға ерте қамданған. Былтыр қаладан 4,5 млн.тонна қар шығарылғанын ескере отырып, 40 000 текше метр құм мен тұз қоспасы дайындалып жатыр. Сондай-ақ, 250 техника жұмылдырылып, 2000-ға жуық жұмысшы қала тазалығын қамтамасыз етпек.
«Жыл сайын қысқа дайындаламыз. Қазір барлық техника, саймандар келіп, қысқа дайындалудап қойдық. 250 техника шығады жұмысқа. Былтырғы жылы қар қалың болды ғой. Сол жылға қарап қамданып жатырмыз. 40 000 текше метр құм мен тұз араласқан қоспаны дайындап жатырмыз. Әзірге 25 000 текше метрі дайын», - дейді «Астана тазалық» ЖШС бас директоры Әзімбек Басқанбаев.
«Жаз құйынды болса, қыс қатал болады», дейді. Дегенмен, алдын-ала болжам жасап, кесіп айту қиын. Сондықтан, Сарыарқаның салқын самалына қыстыңгүні де төтеп беруге дайын болған жөн.
BNews.kz