Жұмабаев жеңіске жетті

8 Қазан 2013, 02:39

Шахматтан Санкт-Петерборда өткен 155 шахматшы арасындағы блицтурнирде павлодарлық Ринат Жұмабаев жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан құрамасының шахматтан бапкері Павел Коцур хабарлады. «Санкт-Петерборда М.И.Чигорин мемориалы аясында 155 шахматшы қатысқан блицтурнир өтіп, оның ішінде 32 гроссмейстер қатысты. Онда Қазақстаннан барған 5 шахматшының ішінен Ринат Жұмабаев жеңіп шықты. Қазақстандық шахматшылар осындай ірі жарыстарда көптен бері жеңген жоқ еді», - деді П. Коцур. Осы жеңісінің арқасында Ринат әлемнің 100 бицерлерінің қатарына енді. 24 жастағы Р. Жұмабаев бүгінге халықаралық гроссмейстер және әлемнің күшті шахматшыларының бірі, деп жазады Айқын газеті.

Шахматтан Санкт-Петерборда өткен 155 шахматшы арасындағы блицтурнирде павлодарлық Ринат Жұмабаев жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан құрамасының шахматтан бапкері Павел Коцур хабарлады.

«Санкт-Петерборда М.И.Чигорин мемориалы аясында 155 шахматшы қатысқан блицтурнир өтіп, оның ішінде 32 гроссмейстер қатысты. Онда Қазақстаннан барған 5 шахматшының ішінен Ринат Жұмабаев жеңіп шықты. Қазақстандық шахматшылар осындай ірі жарыстарда көптен бері жеңген жоқ еді», - деді П. Коцур.
Осы жеңісінің арқасында Ринат әлемнің 100 бицерлерінің қатарына енді.
24 жастағы Р. Жұмабаев бүгінге халықаралық гроссмейстер және әлемнің күшті шахматшыларының бірі, деп жазады Айқын газеті.

Бөлісу: