Таразда «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша ұлттық киім тігетін этномәдени орталық ашылады

7 Қазан 2013, 09:40

Таразда этномәдени орталық ашылады, бұл жерде ұлттық киімді тігіп көрнекілейді, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» Стратегиясы сайты.  Захира Мырзахметованың жеке кәсіпкерлік жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қолдау тапты. Жобаның жүзеге асырылуына 10 млн теңге несие берілді. «Этномәдени орталыққа ұлттық киім, қыз ұзату рәсімінің заттары қойылады. Бұл жерде ерекше киім тігу үлгісі мен ұлттық нақыш бойынша тігілген көрпешелерді көруге болады», - деді Мырзахметова. Жеке кәсіпкер және оның жолдасы Өмірзақ Ділдәбеков 2003 жылдан бастап ұлттық киім тігу ісімен айналысып келеді. Сондай-ақ, жастық, көрпе, перделер де тігеді. BNews.kz

Таразда этномәдени орталық ашылады, бұл жерде ұлттық киімді тігіп көрнекілейді, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» Стратегиясы сайты. 

Захира Мырзахметованың жеке кәсіпкерлік жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қолдау тапты. Жобаның жүзеге асырылуына 10 млн теңге несие берілді.

«Этномәдени орталыққа ұлттық киім, қыз ұзату рәсімінің заттары қойылады. Бұл жерде ерекше киім тігу үлгісі мен ұлттық нақыш бойынша тігілген көрпешелерді көруге болады», - деді Мырзахметова.

Жеке кәсіпкер және оның жолдасы Өмірзақ Ділдәбеков 2003 жылдан бастап ұлттық киім тігу ісімен айналысып келеді. Сондай-ақ, жастық, көрпе, перделер де тігеді.

BNews.kz

Бөлісу: