Кеше Астана қаласының Конгересс-Холл сарайында «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» атты аламан айтыс өтті.
«Нұр Отан» ұйымдастырған айтыс. Алты сағатқа жалғасқан жыр додасындағы ақындардың айтқаны далаға кеткен жоқ. Себебі, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы демеуші болып, «Жәдігер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған айтыстың соңына дейін бас партияның басшылары мен билік басындағы беделділер отырды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек кеш шымылдығын ашты.
Билет билет емес, алтын болды. Конгерсс-Холдың іші де, сырты да ығы-жығы адам. Айтыссүйер қауымның тең жартысы билеттің жоқтығынан залға беттей алмады. Көпке дейін тұрып көрерге орын алсақ деген халықтың шөлі басылмай, даладан тарқасты. 1500 теңгеге дейін алдын-ала сатылған билеттерді кешігіп келген ағайынның 8 теңгеге сатып алғанын көз көрді. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін келген айтысты түрегеп тұрып тамашалағандардың қарасы да көп.
Кіл жүйріктер. Айтысқа Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мұхтар Ниязов, Қанатбек Зәйтолла, Біржан Байтуов сияқты 8 жүйрік қатысты. Өрге салса төске озған жыр сүлейлері бұл жолы үлкен дайындықпен келіпті. Жүйріктер жырламаған тақырып қалмады. Ең алдымен сахнаға көтерілген Мұхтар мен Біржан халықтың әлеуметтік жағдайын жырлап, ұлт денсаулығы мен Қазақ қоғамының көлеңкелі тұстарын көптің көкейіне қондыра білді. Жыры-жалын, тілі-қанжар жас Жандарбек пен айтыстың аққуы Айнұр астарлы әзілден өрнек өріп, өрелі ой танытса, салмақты сөйлеп, тереңнен толғайтын Айбек пен Қытайдан келген қандасымыз Қанатбек шындықтың шымыр жырын өріп, сыйластықтың сырын ағытты. Саңлақ ақын Сара мен балта тілді Балғынбек те халықты әзілге қарқ қылды. Көптің көңіліндегі күпті ойларды көсіле жырлап, көңілдің кірін тазартты. Серкедей сұрыпталған сегіз ақыннан соңғы айналымға Балғынбек, Жандарбек, Айнұр және Қанатбек шықты.
Салынған сурет, салмақты жыр боп... Бұл реткі айтыстың өзгешелігі де осы болды. Ақындар екінші айналымның соңы кезінде санмен берілген ұяшықтарды таңдайды, қандай сурет шықса соны жырға қосады. Соңғы айналымға өткен Жандарбек пен Балғынбектің бағына үшінші ұяшықтағы сурет бұйырды. Жаңбырлы күнде шекелері тырысып теріс қарасып отырған шал мен кемпір суреттелген шаржда темекісін ышқына тартқан шал қолшатырын арқада отырған ақ самайлы асыл жарға төсеп отырыпты. Айнұр мен Қанатбектің тартқан жеребесі бесінші ұяшықтағы қанды қырғын соғыс бейнеленген сурет болып шықты.
Жетімін жебеді. Жыр додасының соңғы минуттары арамыздан бақиға аттанғанына 9 жыл болған абыз ақын Оразалы Доспосыновты еске алуға арналды. Араға 7 жыл салып адал жарының артынан кете барған әнші Ажар Түзелбекқызын да егіле еске алған халық Оразалы марқұмның ең соңғы айтысын экран арқылы көрді. Ақынның адуынды жырларына қол соққан ел жебеп отырғандары экрандағы елес екенін де ұмытқан еді... Ораз ақыннан қалған тұяқ – Алматыдан арнайы шақырылған Нұрайша мен Нұрсұлтан жүректерді жібітіп, жанарлардан жас парлатты. «Әкеге арнауын» оқыған Нұрсұлтанға айтыстан түскен 1 миллионнан астам ақшаны «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тапсырды. Партия атынан қос құлынға телевизор тарту етілді.
Кім жүйрік? Қоғам қайраткері, публицист Алдан Смайыл, ақын Серікзат Дүйсенғазин, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков және ақын Серік Ақсұңқарұлы, ҚазҒЗМИ бас директоры Мақсат Тәж-Мұрат қазылық еткен айтыстың қорытындысы бойынша қазірге дейін жыр сайысынан 34 көлік мінген Айнұр Тұрсынбаева бас жүлдені еншілеп, 2 миллион теңгемен тағы да қанжығасын майлады. 1 жарым миллионмен 1-орынды Жандарбек Бұлғақов еншілесе, 2-орынды иеленген Балғынбек Имашев 1 миллион теңгемен марапатталды. Қытайдан келген қандасымыз Қанатбек Зәйтолла 3-орыннан көрініп, 750 мың теңгені қанжығалады. Басқа 4 ақын жеке-жеке 500 мың теңгемен марапатталса, екі ерекше сыйлықтың да иелері жарияланды. Kazaitys сайты үзбей ұйымдастырып келе жатқан хат айтыстың жеңімпазы Балғынбек Имашевқа сайт редакциясы ат жетектетті. «Дін мен дәстүр егіз» деп білетін, өрелі өнерді насихаттауды да қатар алып келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сыйлығы Сара Тоқтамысоваға табысталып, Ұмра қажылыққа жұбайымен қоса жолдама алды.
BAQ.KZ