Аш қарынға жеуге болмайтын азық-түліктер

7 Қазан 2013, 09:22

Қарны ашып тұрған адам тамақ талғамай, қолына іліккен кез-келген жеуге жарамды тағамдарды жей береді. Алайда көптеген аурулардың алдын алу үшін аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар бар екен. Себебі оларды аш жесе пайдасынан гөрі зияны көп болады. Олардың саны көп болмағандықтан тез жаттап алуға болады және таңертеңгілік қаншалықты қатты асығып бара жатсаңыз да аталған тағамдарды жемеуге тырысу керек. Ал енді бұл тағамдардың тізіміне келетін болсақ: 1.Цитрустар Бұл жемістерді аш қарынға жесеңіз, олар аллергия және асқазан ауруларын тудырады. Сондықтан таңертеңгілік  апельсин шырынын тамақтан кейін ғана ішу керек.  2.Банан Бананда магний өте көп. Ол жүрек-тамыр жүйесіне  әсер етеді. Сондықтан да аш қарынға банан жесеңіз, кальций-магнилік тепе-теңдік бұзылады. 3.Піспеген көкөністер Піспеген көкеністердегі қышқылдар қарынның шырышты қабығын тітіркендіреді. Оның арты асқазанның ойық жарасы немес гастритке әкеп соғады. 4.Йогурт Бұл тізімде йогурттың жүргеніне таңқалып тұрған шығарсыз. Бірақ таңертеңгілік ағза йогурт бактериаларын қажет етпейді. Сондықтан аш қарынға йогурттың ешқандай да пайдасы жоқ, тіптен, нөлге тең. Оны тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан кейін немесе кешке жеген дұрыс. 5. Салқын сусындар Салқын сусындар таңертең асқазанның жұмысын жақсартпайды. Оларды жылы сусындармен алмастырған абзал.  6.Тәттілер Аш қарынға тәтті тағамдарды да, тәтті азық-түліктерді де жеуге болмайды. Таңертең енді оянған асқазан инсулинді қажетті мөлшерде бөле алмайды. Сондықтан таңертең жеген тәттілер қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады. 7.Кофе Қаншалықты өкінішті болғанымен, аш қарынға кофе ішуге болмайды. Себебі кофе асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді де, қарын сөлі бөліне бастайды. Оның арты гастритке әкеліп соғады. 8.Долана Долананың құрамындағы органикалық, майлы және лимон қышқылдарының молдығынан қарын сөлі көп бөлініп, асқазан газ және қышқылмен толып қалады.  9. Тәтті картоп Дубильді қышқыл мен пектин қарын сөлінің бөлінуіне әсер етеді. 10. Құрма Құрма құрамындағы пектин мен дубильді қышқылдың көп мөлшері қарын сөлімен араласқан кезде гель сынды затқа айналады. Оның салдарынан асқазанда тас пайда болады. 11. Қызанақ Қызанақтың да жағымсыз салдары құрманыкімен бірдей.  12.Сарымсақ Сарымсақтың құрамындағы аллицин асқазан мен ішек жолдарын тітіркендіреді. Baq.kz

Қарны ашып тұрған адам тамақ талғамай, қолына іліккен кез-келген жеуге жарамды тағамдарды жей береді. Алайда көптеген аурулардың алдын алу үшін аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар бар екен. Себебі оларды аш жесе пайдасынан гөрі зияны көп болады. Олардың саны көп болмағандықтан тез жаттап алуға болады және таңертеңгілік қаншалықты қатты асығып бара жатсаңыз да аталған тағамдарды жемеуге тырысу керек.

Ал енді бұл тағамдардың тізіміне келетін болсақ:
1.Цитрустар
Бұл жемістерді аш қарынға жесеңіз, олар аллергия және асқазан ауруларын тудырады. Сондықтан таңертеңгілік  апельсин шырынын тамақтан кейін ғана ішу керек. 
2.Банан
Бананда магний өте көп. Ол жүрек-тамыр жүйесіне  әсер етеді. Сондықтан да аш қарынға банан жесеңіз, кальций-магнилік тепе-теңдік бұзылады.
3.Піспеген көкөністер
Піспеген көкеністердегі қышқылдар қарынның шырышты қабығын тітіркендіреді. Оның арты асқазанның ойық жарасы немес гастритке әкеп соғады.
4.Йогурт
Бұл тізімде йогурттың жүргеніне таңқалып тұрған шығарсыз. Бірақ таңертеңгілік ағза йогурт бактериаларын қажет етпейді. Сондықтан аш қарынға йогурттың ешқандай да пайдасы жоқ, тіптен, нөлге тең. Оны тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан кейін немесе кешке жеген дұрыс.
5. Салқын сусындар
Салқын сусындар таңертең асқазанның жұмысын жақсартпайды. Оларды жылы сусындармен алмастырған абзал. 
6.Тәттілер
Аш қарынға тәтті тағамдарды да, тәтті азық-түліктерді де жеуге болмайды. Таңертең енді оянған асқазан инсулинді қажетті мөлшерде бөле алмайды. Сондықтан таңертең жеген тәттілер қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатады.
7.Кофе
Қаншалықты өкінішті болғанымен, аш қарынға кофе ішуге болмайды. Себебі кофе асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді де, қарын сөлі бөліне бастайды. Оның арты гастритке әкеліп соғады.
8.Долана
Долананың құрамындағы органикалық, майлы және лимон қышқылдарының молдығынан қарын сөлі көп бөлініп, асқазан газ және қышқылмен толып қалады. 
9. Тәтті картоп
Дубильді қышқыл мен пектин қарын сөлінің бөлінуіне әсер етеді.
10. Құрма
Құрма құрамындағы пектин мен дубильді қышқылдың көп мөлшері қарын сөлімен араласқан кезде гель сынды затқа айналады. Оның салдарынан асқазанда тас пайда болады.
11. Қызанақ
Қызанақтың да жағымсыз салдары құрманыкімен бірдей. 
12.Сарымсақ
Сарымсақтың құрамындағы аллицин асқазан мен ішек жолдарын тітіркендіреді.
Baq.kz
Бөлісу: