«Ертең» тәуелсіз кино фестивалінде қазақстандық фильм бас жүлде жеңіп алды

7 Қазан 2013, 04:19

«2morrow/Ертең» халықаралық тәуелсіз кино фестивалінің бас жүлдесін қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесім сабақтары» туындысы жеңіп алды, деп хабарлайды lenta.ru.  «Үйлесім сабақтары» фильмінде құрбы-құрдастарының тарапынан қорлық көретін 13 жасар Аслан есімді оқушының өмірі баяндалады. Аталмыш кинотуынды Германия, Қазақстан және Франция елдерінің бірлесе түсірген жобасы. Бұған дейін «Үйлесім сабақтары» картинасы Берлин кинофестивалінің байқау бағдарламасында «Күміс арыстан» жүлдесін жеңіп алған еді»,- делінген хабарламада.  «Үздік оқиға» номинациясында Израиль режиссері Том Шовалдің «Жастық» фильмі жеңіске жетті. Ал «Полицейдің әйелі» картинасында басты рөлді сомдаған Германияның әртісі Александра Финдер «Үздік рөл» номинациясын жеңіп алды. «2morrow/Завтра» фестивалі Мәскеуде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол режиссер Иван Дыховичтің бастамасымен құрылған еді. Фестиваль бағдарламасында әр жылдары Ким Ки Дук, Мишель Гондри және тағы басқа танымал авторлардың кинотуындылары көрсетілген болатын. 2013 жылы «2morrow/Завтра» фестивалі 1 және 6 қазан аралығында өтті. BNews.kz

«2morrow/Ертең» халықаралық тәуелсіз кино фестивалінің бас жүлдесін қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесім сабақтары» туындысы жеңіп алды, деп хабарлайды lenta.ru

«Үйлесім сабақтары» фильмінде құрбы-құрдастарының тарапынан қорлық көретін 13 жасар Аслан есімді оқушының өмірі баяндалады. Аталмыш кинотуынды Германия, Қазақстан және Франция елдерінің бірлесе түсірген жобасы. Бұған дейін «Үйлесім сабақтары» картинасы Берлин кинофестивалінің байқау бағдарламасында «Күміс арыстан» жүлдесін жеңіп алған еді»,- делінген хабарламада. 

«Үздік оқиға» номинациясында Израиль режиссері Том Шовалдің «Жастық» фильмі жеңіске жетті. Ал «Полицейдің әйелі» картинасында басты рөлді сомдаған Германияның әртісі Александра Финдер «Үздік рөл» номинациясын жеңіп алды.

«2morrow/Завтра» фестивалі Мәскеуде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол режиссер Иван Дыховичтің бастамасымен құрылған еді. Фестиваль бағдарламасында әр жылдары Ким Ки Дук, Мишель Гондри және тағы басқа танымал авторлардың кинотуындылары көрсетілген болатын.

2013 жылы «2morrow/Завтра» фестивалі 1 және 6 қазан аралығында өтті.

BNews.kz

Бөлісу: