6 Қазан 2013, 04:46
Петропавлда Мұғалімдер күнінің құрметіне алғаш рет Қала педагогтарының балы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бал «Түркістан» мейрамханасының фойесінде өтті. Қатысушыларды «Әлқисса» ансамблі қарсы алды. Әрине, ардагер педагогтарға ерекше құрмет көрсетілді, олар үстел басына шақырылды. Бал Михаил Лахтин шәкірттерінің орындауындағы поляк биімен басталды.
Педагогтарды қала әкімінің орынбасары Елена Балло Мұғалімдер күнімен құттықтады. Үздік ұстаздарға мақтау қағаздары, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.