Сақ көсемдерінің қаласы қайда орналасқан?

4 Қазан 2013, 04:07

Қазақ тарихының құнды жәдігерлері орналасқан мұражайлардың бірі – Алматы қаласына қарасты «Есік» тарихи-мәдени музей-қорығының даңқын бүкіл әлем біледі. Тарихымызды тереңдете түскен Алтын адам осы қорықтын аумағынан табылған. Қазіргі уақытта бұл жәдігерімізді зерттеп жүрген музей-қорықтың ғалым-хатшысы Досым Зікіриядан жәдігерімізді зерттеуге қатысты жаңалықтарымын бөлісуді сұраған едік. «Біздің мұражайдың негізгі жәдігерлері мен зерттеу нысандары – Есік қаласының солтүстік-батыс жағында орналасқан, Есік қорымының 150-ден астам сақ қорғандары мен Талғар-Шелек өзендері арасында орналасқан Рахат пен Өрікті, Есік І, ІІ, Киікбай, Үйеңкі сынды ежелгі қала-жұрттардың орны болып табылады. Бұл атаулар қала-жұрттар орналасқан ауылдардың атына орай қойылған. Рахат қала-жұртындағы, кезінде сақ патшалары ордалары мен абыздарының ғибадатханалары болған деп жорамалданатын бірнеше сарай құрылыстарының орны жәй көзге де байқалады. Осы қала-жұрт сақ көсемдерінің қаласы болған деген болжам бар. Сондықтан да әлемге әйгілі Есік қорымдары ендігі жерде жәй ғана қорым емес, жоғарыдағы қалаларда өмір сүрген сақ билеушілерінің, қолбасшылары мен көсемдерінің мәңгілік тыныс тапқан мекені деп қабылдануы тиіс. Тіпті, «Алтын адамның» өзі де сол қалалардың бірінде (Рахатта) өмір сүруі мүмкін», - дейді ғалым-хатшы. Естеріңізге салайық, Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік дәрежедегі бірнеше нышандарында Алтын адамның бейнесі бар. Нұрсерік ЖОЛБАРЫС Baq.kz

Қазақ тарихының құнды жәдігерлері орналасқан мұражайлардың бірі – Алматы қаласына қарасты «Есік» тарихи-мәдени музей-қорығының даңқын бүкіл әлем біледі. Тарихымызды тереңдете түскен Алтын адам осы қорықтын аумағынан табылған. Қазіргі уақытта бұл жәдігерімізді зерттеп жүрген музей-қорықтың ғалым-хатшысы Досым Зікіриядан жәдігерімізді зерттеуге қатысты жаңалықтарымын бөлісуді сұраған едік.

«Біздің мұражайдың негізгі жәдігерлері мен зерттеу нысандары – Есік қаласының солтүстік-батыс жағында орналасқан, Есік қорымының 150-ден астам сақ қорғандары мен Талғар-Шелек өзендері арасында орналасқан Рахат пен Өрікті, Есік І, ІІ, Киікбай, Үйеңкі сынды ежелгі қала-жұрттардың орны болып табылады. Бұл атаулар қала-жұрттар орналасқан ауылдардың атына орай қойылған. Рахат қала-жұртындағы, кезінде сақ патшалары ордалары мен абыздарының ғибадатханалары болған деп жорамалданатын бірнеше сарай құрылыстарының орны жәй көзге де байқалады. Осы қала-жұрт сақ көсемдерінің қаласы болған деген болжам бар. Сондықтан да әлемге әйгілі Есік қорымдары ендігі жерде жәй ғана қорым емес, жоғарыдағы қалаларда өмір сүрген сақ билеушілерінің, қолбасшылары мен көсемдерінің мәңгілік тыныс тапқан мекені деп қабылдануы тиіс. Тіпті, «Алтын адамның» өзі де сол қалалардың бірінде (Рахатта) өмір сүруі мүмкін», - дейді ғалым-хатшы.
Естеріңізге салайық, Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік дәрежедегі бірнеше нышандарында Алтын адамның бейнесі бар.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Baq.kz

Бөлісу: