Ғани Қайназаров

4 Қазан 2013, 03:48

Ол бала кезден чемпион болуды армандап, сол мақсатына жеткен соң, бутсысын шегеге ілді. Қарсылас команданың қорғаушыларына тыным бермейтін жылдам футболшылардың бірі болған шабуылшы –Ғани Қайназаров. Ел есінде қалатындай өнер көрсету үшін 35-40 жасқа дейін ойнау міндетті емес. Бүгінгі біздің «үздік 100 футболшының» қатарына еніп отырған Ғани Қайназаров та футболдағы басты арманына қол жеткізгеннен кейін, 27 жасында аяқдоптан қол үзіп кете берді. Оның кәсіби футболдағы карьерасы басталған уақыт ақшаның жоқ кезі, экономиканың еңсесін тіктемеген кешегі 90-шы жылдар еді. Ғани Қайназаров 1970 жылы 10 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. Өзге балалар сияқты футболға қызығушылығы кішкентай күнінен оянып, осы сиқырлы спортты жанына серік етеді. Аула футболынан бастап, аладопты ұршықша иірген бала Ғани кейіннен Балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінде шеберлігін жетілдіре түсті. Ол кезде Тараздан талантты футболшылар көп шығатынын Алматыдағы футбол мамандары жақсы білетін. Осы өлкеге келіп үнемі жас балалардың өнерін қадағалайтын. Сонымен қатар, ол кезде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, одақтық спартакиадалар өте жиі өтетін еді. Балалардың шеберліктерін шыңдап, буындарының қатаюларына бұл турнирлердің маңызы өте зор. Міне, сондай бәсекелердің бірінде Ғаниді де Алматыдан бапкерлер келіп, қаладағы спорт интернаттарының біріне алып кетеді. Қазақ футболында 70-ші жылы туған футболшылар ең бір талантты толқын болып саналатын... Бұл мектепте Евгений Иванович Кузнецов, Круглыхин, Черепанов, Павлов, Жуйков сияқты бапкерлерден тәлім алды. Әсіресе, Черепановтан үйренгені көп еді. Республиканың әр аймағынан ең талантты деген балалар осында жиналған. Әрбір жылы бітірген оқушыларының көпшілігі танымал аяқдопшыларға айналды. Ғанилер де 15-16 жастарында қалалық біріншілікте ересектерге қарсы ойнап, талай рет жүлделі орыннан көрініп үлгереді. Ғани Қайназаров, Сергей Жуненко, Эдуард Глазунов сияқты жас футболшылар мектепті бітірген соң, бірден «Қайраттың» қосалқы құрамына алынады. Негізгі «Қайратқа» әр жылы екі-үш жас футболшы алынып жүрсе, бұл балалар бітірген жылы бірден алты футболшы Қазақстанның бас командасының құрамына ілігеді. 1987, 1988 жылдары СКИФ-тің құрамында КСРО чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетті. Одан соң, тағы бір алматылық команда РШВСМ-де ойқастады. Бұл ұжымда Ғаниден бөлек Глазунов, Макаев, Марат Есдәулетов сияқты кейіннен аттары шыққан талантты футболшылар болған.  Ал 1990 жылы КСРО чемпионатының Екінші лигасындағы Алматы облысының Ұзынағаш ауданының «Ақ қанат» командасында бірінші айналымда тер төкті. Ұзынағаштың командасында Ғанимен бірге Асхат Қадырқұлов та ойнады. Екінші айналымда «Қайратқа» ауысып, келесі жылы туған қаласы Тараздың командасында алғаш рет өнер көрсетуге мүмкіндік алды. «Химиктің» (қазіргі «Тараз») сапында КСРО чемпионатының соңғы маусымында ойнап, 1992 жылы тұңғыш Қазақстан чемпионатын да өз елінде өткізді. Екі маусымды артқа тастап, «Қайратқа» қайта оралады. Бір жыл бұрын ғана ел чемпионы атанған алматылықтар 1993 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жүлденің ауылынан алыс қалады. Негізі бірінші айналымда тағы бір клуб «Достықпен» үзеңгі қағыстырып келгенімен, екінші кезеңде төменгі нәтиже көрсетті. Ол кезде команда құрамында Қайназаровтан бөлек Асқар Әбілдаев, Қайрат Айманов, Қайрат Әубәкіров, Серік Жейлітбаев, Виталий Кафанов, Юрий Найдовский, Тілеухан Тұрмағанбетов сияқты «сен тұр, мен атайын» деген футболшылар болды. Ал команданы 1994-1995 жылдары Құрбан Бердыев баптады. Ғани болса, 1995 жылы 12 гол соғып, команданың ең үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар, біріншіліктің үздік 33 футболшысының қатарына енді. Алматылықтар ол жылдары өкінішке қарай, жүлделі орындарға мүлдем жақындай алған жоқ. Осыдан соң, «Қайраттың» біраз ойыншылары өзге командаларды жағалай бастады. Сол кезде «Тараз» ел чемпионатының күмісін олжалаған болатын. Облыс әкімі келесі жылы чемпион атануға үлкен мақсат қойып, құрамдарын тағы біраз ойыншылармен толықтыруға мүмкіндік жасады. Бас бапкерлікке басында Құрбан Бердыев шақырылды. Бердыев оқу-жаттығу жиындарына осы өлкенің тумасы, өзіне жақсы таныс Ғаниді де шақырады. Қайназаров та бас тарта қойған жоқ. Жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін, Құрбан Бердыев Ақтаудың «Мұнайшы» командасына бас бапкер болып кетіп, оның орнына Воит Талгаев келеді. Воиттің келуімен команда ұтпаса, ұтылған жоқ. «Тараз» басты бәсекелесі «Елім-ай» мен «Ертісті» артқа тастап ел чемпионы атанды. Осы чемпиондық атаққа Ғанидің қосқан үлесі зор. Маңызды кездесулерде командаға өте қажет голдарды соғып, үщ ұпай алу үшін жанын салып ойнады. Сол жылы тағы да 12 гол соғып, «Тараздың» да бас мергені атанды. Футбол мамандары үздік 33 футболшының қатарына енгізіп, сол қапталдағы шабуылшылардың арасында ең үздігі деп таныды. Чемпион команданың сапынан бұл тізімге Олег Воскобойников, Ерлан Елеусінов, Азамат Ниязымбетов және Ғани де кірді. Келесі жылы «Тараз» біріншілікте күміске ие болды. «Алтын матчта» павлодарлық «Ертістен» ұтылмағанда чемпион да болар еді. Осыдан соң, Ғани футболдағы карьерасын аяқтады.­ Өзінің бала күнгі арманы чемпион болу мақсатына жеткен соң, жастарға орынын босатуды жөн санайды. «Тараздың» қаржылық жағдайы әлсіреген соң, көп ойыншылар басқа командаға ауысып кетеді. Сол кезде Қайназаровқа да қызығушылық танытқан командалар көп болды. Олардың алдыңғы легінде «Қайсар», «Ақтөбе» болды. Бірақ ол ешқайсына да бармай, Тараз жерінде бутсысын шегеге ілді. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысты. Ал 2010 жылы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың шақыруымен «Тараздың» бас директоры болып сайланды. Бір жылдан астам уақыт осы қызметті істеді. Қазіргі кезде кәсібін әрі қарай жалғастыру үстінде. Ұлттық құрамада Ол ұлттық құрамаға алғашқы шақырылған ойыншылардың қатарында. Олай дейтін себебіміз, ең алғаш бас бапкер Бақтияр Байсейітов Қазақстанның тұңғыш ұлттық құрамасын жасақтағанда Ғани Қайназаровты да жиынға шақырды. Сол 1992 жылы алғашқы ойынын Түркіменстан құрамасына қарсы өткізді. Жалпы 1992-1996 жылдар аралығына ұлттық құрамаға щақырылып тұрды. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1996 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1997 жылы Үздік 33 футболшының қатарына енген: 1992, 1995, 1996 жылдары   Бек Төлеуов, «Sport» газеті  

Ол бала кезден чемпион болуды армандап, сол мақсатына жеткен соң, бутсысын шегеге ілді. Қарсылас команданың қорғаушыларына тыным бермейтін жылдам футболшылардың бірі болған шабуылшы –Ғани Қайназаров.

Ел есінде қалатындай өнер көрсету үшін 35-40 жасқа дейін ойнау міндетті емес. Бүгінгі біздің «үздік 100 футболшының» қатарына еніп отырған Ғани Қайназаров та футболдағы басты арманына қол жеткізгеннен кейін, 27 жасында аяқдоптан қол үзіп кете берді. Оның кәсіби футболдағы карьерасы басталған уақыт ақшаның жоқ кезі, экономиканың еңсесін тіктемеген кешегі 90-шы жылдар еді.

Ғани Қайназаров 1970 жылы 10 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. Өзге балалар сияқты футболға қызығушылығы кішкентай күнінен оянып, осы сиқырлы спортты жанына серік етеді. Аула футболынан бастап, аладопты ұршықша иірген бала Ғани кейіннен Балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінде шеберлігін жетілдіре түсті. Ол кезде Тараздан талантты футболшылар көп шығатынын Алматыдағы футбол мамандары жақсы білетін. Осы өлкеге келіп үнемі жас балалардың өнерін қадағалайтын. Сонымен қатар, ол кезде аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, одақтық спартакиадалар өте жиі өтетін еді. Балалардың шеберліктерін шыңдап, буындарының қатаюларына бұл турнирлердің маңызы өте зор. Міне, сондай бәсекелердің бірінде Ғаниді де Алматыдан бапкерлер келіп, қаладағы спорт интернаттарының біріне алып кетеді. Қазақ футболында 70-ші жылы туған футболшылар ең бір талантты толқын болып саналатын...

Бұл мектепте Евгений Иванович Кузнецов, Круглыхин, Черепанов, Павлов, Жуйков сияқты бапкерлерден тәлім алды. Әсіресе, Черепановтан үйренгені көп еді. Республиканың әр аймағынан ең талантты деген балалар осында жиналған. Әрбір жылы бітірген оқушыларының көпшілігі танымал аяқдопшыларға айналды. Ғанилер де 15-16 жастарында қалалық біріншілікте ересектерге қарсы ойнап, талай рет жүлделі орыннан көрініп үлгереді. Ғани Қайназаров, Сергей Жуненко, Эдуард Глазунов сияқты жас футболшылар мектепті бітірген соң, бірден «Қайраттың» қосалқы құрамына алынады. Негізгі «Қайратқа» әр жылы екі-үш жас футболшы алынып жүрсе, бұл балалар бітірген жылы бірден алты футболшы Қазақстанның бас командасының құрамына ілігеді.

1987, 1988 жылдары СКИФ-тің құрамында КСРО чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетті. Одан соң, тағы бір алматылық команда РШВСМ-де ойқастады. Бұл ұжымда Ғаниден бөлек Глазунов, Макаев, Марат Есдәулетов сияқты кейіннен аттары шыққан талантты футболшылар болған. 

Ал 1990 жылы КСРО чемпионатының Екінші лигасындағы Алматы облысының Ұзынағаш ауданының «Ақ қанат» командасында бірінші айналымда тер төкті. Ұзынағаштың командасында Ғанимен бірге Асхат Қадырқұлов та ойнады.

Екінші айналымда «Қайратқа» ауысып, келесі жылы туған қаласы Тараздың командасында алғаш рет өнер көрсетуге мүмкіндік алды. «Химиктің» (қазіргі «Тараз») сапында КСРО чемпионатының соңғы маусымында ойнап, 1992 жылы тұңғыш Қазақстан чемпионатын да өз елінде өткізді. Екі маусымды артқа тастап, «Қайратқа» қайта оралады. Бір жыл бұрын ғана ел чемпионы атанған алматылықтар 1993 жылы қаржылық қиындықтарға байланысты жүлденің ауылынан алыс қалады. Негізі бірінші айналымда тағы бір клуб «Достықпен» үзеңгі қағыстырып келгенімен, екінші кезеңде төменгі нәтиже көрсетті. Ол кезде команда құрамында Қайназаровтан бөлек Асқар Әбілдаев, Қайрат Айманов, Қайрат Әубәкіров, Серік Жейлітбаев, Виталий Кафанов, Юрий Найдовский, Тілеухан Тұрмағанбетов сияқты «сен тұр, мен атайын» деген футболшылар болды. Ал команданы 1994-1995 жылдары Құрбан Бердыев баптады. Ғани болса, 1995 жылы 12 гол соғып, команданың ең үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар, біріншіліктің үздік 33 футболшысының қатарына енді. Алматылықтар ол жылдары өкінішке қарай, жүлделі орындарға мүлдем жақындай алған жоқ. Осыдан соң, «Қайраттың» біраз ойыншылары өзге командаларды жағалай бастады. Сол кезде «Тараз» ел чемпионатының күмісін олжалаған болатын. Облыс әкімі келесі жылы чемпион атануға үлкен мақсат қойып, құрамдарын тағы біраз ойыншылармен толықтыруға мүмкіндік жасады. Бас бапкерлікке басында Құрбан Бердыев шақырылды. Бердыев оқу-жаттығу жиындарына осы өлкенің тумасы, өзіне жақсы таныс Ғаниді де шақырады. Қайназаров та бас тарта қойған жоқ. Жаттығу жиындары аяқталғаннан кейін, Құрбан Бердыев Ақтаудың «Мұнайшы» командасына бас бапкер болып кетіп, оның орнына Воит Талгаев келеді. Воиттің келуімен команда ұтпаса, ұтылған жоқ. «Тараз» басты бәсекелесі «Елім-ай» мен «Ертісті» артқа тастап ел чемпионы атанды. Осы чемпиондық атаққа Ғанидің қосқан үлесі зор. Маңызды кездесулерде командаға өте қажет голдарды соғып, үщ ұпай алу үшін жанын салып ойнады. Сол жылы тағы да 12 гол соғып, «Тараздың» да бас мергені атанды. Футбол мамандары үздік 33 футболшының қатарына енгізіп, сол қапталдағы шабуылшылардың арасында ең үздігі деп таныды. Чемпион команданың сапынан бұл тізімге Олег Воскобойников, Ерлан Елеусінов, Азамат Ниязымбетов және Ғани де кірді.

Келесі жылы «Тараз» біріншілікте күміске ие болды. «Алтын матчта» павлодарлық «Ертістен» ұтылмағанда чемпион да болар еді. Осыдан соң, Ғани футболдағы карьерасын аяқтады.­

Өзінің бала күнгі арманы чемпион болу мақсатына жеткен соң, жастарға орынын босатуды жөн санайды. «Тараздың» қаржылық жағдайы әлсіреген соң, көп ойыншылар басқа командаға ауысып кетеді. Сол кезде Қайназаровқа да қызығушылық танытқан командалар көп болды. Олардың алдыңғы легінде «Қайсар», «Ақтөбе» болды. Бірақ ол ешқайсына да бармай, Тараз жерінде бутсысын шегеге ілді. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысты. Ал 2010 жылы Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың шақыруымен «Тараздың» бас директоры болып сайланды. Бір жылдан астам уақыт осы қызметті істеді. Қазіргі кезде кәсібін әрі қарай жалғастыру үстінде.

Ұлттық құрамада

Ол ұлттық құрамаға алғашқы шақырылған ойыншылардың қатарында. Олай дейтін себебіміз, ең алғаш бас бапкер Бақтияр Байсейітов Қазақстанның тұңғыш ұлттық құрамасын жасақтағанда Ғани Қайназаровты да жиынға шақырды. Сол 1992 жылы алғашқы ойынын Түркіменстан құрамасына қарсы өткізді. Жалпы 1992-1996 жылдар аралығына ұлттық құрамаға щақырылып тұрды.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1996 жылы

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1997 жылы

Үздік 33 футболшының қатарына енген: 1992, 1995, 1996 жылдары

 

Бек Төлеуов, «Sport» газеті

 

Бөлісу: